- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау №6
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2010ж
- •4. Сабақ мақсаты:
- •Студент істей алуға тиіс:
- •V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары
- •Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері
- •1.Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары Қысқаша анатомиялық-физиологиялық мағлұматтар
- •Бульбар (сопашқа ми) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері
Бет нервісінің сыртқы невроны (нервтің өзі немесе оның ми бағанындағы ядросы) зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бұлшық еттері сал болып қалады. Осыған байланысты беттің әжімдері тұтасып, көз аясы кеңейіп, қабағы қозғалмай, көзі жұмылмай қалады («қоянның көзің тәрізді белгі), көзін жұмғанда көз алмасы жоғары қарай ауытқып, үстіңгі және төменгі кірпіктерінің арасынан көздің ағы көрініп тұрады (Белл симптомы). Тістерін ақситқанда ауыз зақымданған жаққа қисайып, леп белгісіне ұқсайды-«шарко леп белгісің симптомы. Екі ұртын томпайтқанда, зақымданған жақтағы ұрт томпаймайды.
Солып сал болып қалған бет бұлшық еттеріне электр тогы әсер етпейді (дегенерация реакциясы).
Бет нервінің әр түрлі деңгейде зақымдануы кезінде жоғарыда келтірілген бет бұлшық еттерінің саол болып қалуынан басқа мына төменгі қосымша симптомдар анықталады (кездеседі).
1.Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
Ми бағанында бет нервісінің ядросымен қоса пирамида жолы зақымданғандықтан, зақымданған жақта бет бұлшық еттері сал болып қалды да, қарама-қарсы жағында сіреспелі гемиплегия немесе гемипарез болады.
Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары Қысқаша анатомиялық-физиологиялық мағлұматтар
IX жұп тіл-жұтқыншақ және X жұп-кезбе нервтер аралас нервтерге жататындықтан, олардың құрамында қимылдатқыш, сезгіш және вегетативтік талшықтар бар.
Аталған нервтердің ядролары сопақша мидың қақпағында орналасқан. Олар: екі нервке ортақ қимылдатқыш екі жақтылық ядро және сезімділік-сұр аймақ ядросы; тіл-жұтқыншақ нервіне қатысты сілекей шығаратын және дәм сездіретін ядролар; кезбе нервіне қатысты сыртқы вегетативтік парасимпатикалық ядро.
Бұл нервтердің екеуі де төменгі олива мен жіп тәрізді дененің арасындағы өзекте бірнеше түбіршелерімен сопақша мидың сыртына шығады. Олар бас сүйек қуысынан артқы бас сүйек шұңқырындағы мойындырықтық тесіктен (мойындырықтық венамен бірге ) шығады.
Екеуінің де сезімділік бөлігі жалпы сезімділік анализаторлары сияқты үш неврондық құрылымынан тұрады. Бірінші сезімділік неврондардың клеткалары арнайлы төрт түйінде. Олар мойындырықтыңтық тесіктің маңайында орналасқан.
Қимылдатқыш бөлігі ми қыртысы-бұлшық ет жолына ұқсап, екі невроннан құрастырылады. Орталық неврондары сопақша мидағы ядролардың жоғары екі жағынан жартылай айқасады. Сол себепті екі жяқтылық ядро ми қыртысымен екі жақты байланысады.
Тіл-жұтқыншақ және кезде нервтер соматикалық және вегетативтік қызметтерді үйлестіреді.
Соматикалық функциялары: а) екеуі де жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей бұлшық еттерінің жийырылуын, жұтыну және дыбыс шығару актысын үйлестіреді; б) екеуі де тіл түбірі, жұтқыншақ, көмей және ортаңғы құлақ сезімділігін қамтамасыз етеді, ал тіл-жұтқыншақ нерві бұған қосымша тіл түбіріндегі дәм сезу қабілетіне әсер етеді; в) екеуі де сопақша мида тұйықталатын жұтқыншақ рефлексінің доғасын құрастырады.
Вегетативтік функциялары:
1) тіл-жұтқыншақ нерві шықшыт безінен сілекей шығуын реттейді
2) кезбе нерв кіші жамбас қуысы ағзаларынан басқа ішкі ағзаларды тегіс парасимпатикалық иннервациямен қамтамасыз етеді.
XII жұп-тіласты нерві таза қимылдатқыш нерв. Оның орталық неврондары клеткалары алдыңғы орталық ирелеңінің төменгі жағында, аксондры ми қыртысы-ядро жолымен төмен түседі де, сопақша мидағы тіласты нерві ядроларынан жоғарырақ тегіс айқасады. Тіл асты нервінің ядролары сопақша ми қақпағындағы (жапсарындағы) ромбы тәрізді шұңқыр түбінің ортасына таяу орналасқан. Бұл ядроларда сыртқы неврон клеткалары бар, олардың аксондары тіл асты нервін құрастырады. Нерв бірнеше түбіршектерімен төменгі олива мен пирамида арасындағы сала арқылы сопақша мидың табанына шығады. Нерв бас сүйек қуысынан қарақұс сүйегінің буын өсіндісі түбіндегі тіласты өзегі арқылы өтеді. Тіласты нерві тіл бұлшық еттерін нервтендіреді. Тіл ауыз қуысындағы тамақты алмастырады, сөздің дыбыс ырғағын реттейді.
XI жұп-қосымша нерв-таза бірыңғай қимылдатқыш жұлын нерві. Оның ядросы жұлынның біріншіден жетінші мойын сегменттеріне дейінгі алдыңғы мүйізіне орналасқан, ядроның алдыңғы бөлігі сопақша миға кіреді. Нерв көптеген түбіршектерімен шүйденің үлкен тесігі арқылы бас сүйек қуысына кіреді де одан мойындырықтық тесік арқылы қайта қайтады.
Қосымша нерв екі төс-бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшық еттерді нервтендіреді. Олар басты оңға және солға бұрады, алға еңкейтеді, шынтақты көтереді, жауырынды ортаға қарай қозғайды.
