
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау №6
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2010ж
- •4. Сабақ мақсаты:
- •Студент істей алуға тиіс:
- •V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары
- •Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері
- •1.Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары Қысқаша анатомиялық-физиологиялық мағлұматтар
- •Бульбар (сопашқа ми) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТІ: ЕМДЕУ
КАФЕДРАСЫ; ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ
Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау №6
ТАҚЫРЫБЫ: V,VIІ, ІХ, Х, ХIІ ми нервтерінің анатомиясы, қызметі және тексеру тәсілдері. Мимикалық еттердің орталық және шеттік параличтері. Бульбарлық және псевдобульбарлық параличтер, олардың топикалық маңызы. Мийяр-Гублер, Фовилл, Джексон синдромдары. Ішкі капсула, анатомиясы, жоғары және төмен бағытталған өткізгіш жолдардың орналасуы. Ішкі капсуланың зақымдану симптомдары
КУРСЫ: 5
Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2010ж
1.Тақырыбы: V,VIІ, ІХ, Х, ХIІ ми нервтерінің анатомиясы, қызметі және тексеру тәсілдері. Мимикалық еттердің орталық және шеттік параличтері. Бульбарлық және псевдобульбарлық параличтер, олардың топикалық маңызы. Мийяр-Гублер, Фовилл, Джексон синдромдары. Ішкі капсула, анатомиясы, жоғары және төмен бағытталған өткізгіш жолдардың орналасуы. Ішкі капсуланың зақымдану симптомдары
2.Сабақтың ұзақтығы: 7,3 акад. сағат.
3.Тақырып маңыздылығы: шеткі нерв жүйесі аурулары, олардың ішінде омыртқа остеохондрозы өте жиі кездесетін патология. Барлық дәрігерлер бұл патологияларды білуге тиісті және дұрыс диагнозы қойып, басқа патологиялардан айыра алуы қажет.
4. Сабақ мақсаты:
- шеткі нерв жүйесінің анатомиясын
- жұлын түбірлерінің анатомиясы мен инервация беретін аймағын
- жұлындық түйіндердің атқаратын қызметтерін
- өрімдердің анатомиясы мен инервация беретін аймағын
- шеткі нервтердің анатомиясы мен инервация беретін аймағын
Студент істей алуға тиіс:
- бұлшық еттердің тонусымен күшін анықтауға
- сіңірлік және беткей рефлекстерді анықтауға
- сезімталдықтың барлық түрін анықтауға
- омыртқа жотасындағы физиологиялық және патологиялық иілімдерді анықтау
- омыртқа жотасы қозғалысының шектелуін анықтау
- созылу симптомдарын (Лассег, Нери, Вассерман т.б.) анықтау
- омыртқа жотасының рентгенологиясын білу
5. Өздігінен дацйындалуға арналған сұрақтар
Негізгі білімді тексеруге арналған сұрақтар:
- сезімталдық бұзылудың типтері
- шептік паралич синдромы
- полиневралдық синдром
- омыртқа аралыс дисктің анатомиясы мен атқаратын қызметі
Тақырыптық сұрақтар:
нерв зақымданғандағы сезімталдық және қозғалыс бұзылуы
- өрім зақымданғандағы сезімталдық және қозғалыс бұзылуы
- үшкіл нервтің невралгиясының этиологиясы, клиникасы, патогенезі, диагностикасы мен емдеу жолдары
- бет нервнің нейропатиясы мен невритінің этиологиясы, клиникасы, патогенезі, диагностикасы мен емдеу жолдары
- Гийен-Барре ауруының этиологиясы, патогенезі, клиникасы
6.Ақпараттық дидактикалық блок.
V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары
Үшкіл нерв қызметін тексеру.
1.Үшкіл нервтің бетке шығатын түстарын (көз үсті, көз асты, иек асты) басып байқау.
2.Үштік нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, температуралық, жанасу және кинетикалық сезімділікті, ал Зельдер аймағында ауырсыну және температуралық сезімділікті тексеру.
3.Қанттың, ас тұзының, тұз қышқылының ерітінділері көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін тексеру.
4.Көздің мөлдір қабығы, көз ойы шырышты қабығы және қас үсті рефлекстерін тексеру.
5.Шайнау бұлшық еттерінің қызметін тексеру.
Үшкіл нерв зақымдануының белгілері.
Үшкіл нервтің түбірі немесе тармақтары зақымданса беттің сол зақымданған жақтағы жартысында ұстамалы ауырсыну, нерв тармақтарының бетке шығатын тұстарын басып байқағанда ауырсыну, бет терісінде сезімділік өзгерістері (гиперестезия, гипестезия немесе анестезия) пайда болады.
Гассер түйіні зақымданса бетте ауырсынумен қоса қабыршақ тәрізді күлдіреу пайда болады.
Ми бағанындағы үшкіл нерв-жұлын трактасы ядросы зақымданса ауырсыну және температуралық сезімділік Зельдер аймағында жайылады да жанасу және терең сезім сақталады.
Көру төмпешігі, ішкі капсула, артқы ми қыртысының орталық ирелеңі зақымданғанда қарама-қарсы бетте сезімділіктің барлық түрі бұзылады. Артқы орталық ирелең төменгі бөліктері тітіркенсе, қарама-қарсы бетте ұстамалы парестезия пайда болады.
Шайнау ядросы немесе үшкіл нерв түбірінің қысқа бөлігі зақымданса, сол зақымданған жағында шайнауға қатысты бұлшық еттер сал болып қалады. Шайнау ядроларының ми қыртысымен екі жақты байланысы болғандықтан, орталық неврондардың зақымдануы шайнау бұлшық еттеріне онша әсерін тигізбейді.
Бет нервісі қызметін тексеру.
1.Қалыпты жағдайда сырқаттың бетін байыптап қарағанда ауытқушылық немесе табиғи әжімдердің жойылуы байқалуы мүмкін.
2.Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін мына төмендегі ретпен тесеруге болады:
«Қабағыңызды көтеріңізң-маңдай бұлшық еттерін тексеру; «Қабағыңызды түйіңізң-қабақ бұлшық еттерін тексеру; «Көзіңізді сығырайтыңызң-көз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру; «Екі ұртыңызды томпайтыңызң-жақ бұлшық еттерін тексеру; «Тісіңізді ақситыңызң-күлкіге қатысты бұлшық еттерді тексеру; «Еріндеріңізді алға қарай түтікше керіңізң-ауыз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру.