Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№2 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.85 Кб
Скачать

3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.

Бұлшық еттің қалыпты жағдайда созылу, жұмсару және тез ширығу (жиырылу) қабілетін бұлшық еттің серпімділігі (тонусы) деп атайды. Бұлшық ет қабілетін (тонусын) тексеру барысында оның серпімділігін және ырықсыз қимылдарға қарсылық жасау шамасын байқау қажет.

Бұлшық еттердің тыныштық (қимыл-әрекетсіз) күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарсылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншылықты күш жүмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдылығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады.

Қалыпты жағдайда тексерілген бұлшық еттердің ырықсыз қимылдарға қарсылық қабілеті қозғалыстың барлық бағытында біркелкі жеңіл, ешбір бөгетсіз болатындығы байқалады. Агонистер мен антагонистер ара қатынасы иық пен жамбас-сан буындарын бүгетін бұлшық еттерде, шынтақ буынын бүгетін және сыртына қарай бұрайтын бұлшық еттер, тізе буынын создырғыштар, тірсек-аяқ ұшы буындарын созатын және ішіне қарай бұратын бұлшық еттер серпімділігінің басымдырақтығымен сипатталады.

Бұлшық ет қуаттылығының (тонусының) патологиялық өзгерістері,

Гипотония - бұлшық ет серпімділігінің төмендеуіне байланысты оның созуға қарсылығы кемуі мен қозғалыс көлемінің ұлғаюы.

Атония - бұлшық серпімділігінің жойылып, ол болжырап (өте жұмсарып) ырықсыз қимылдарға мүлде қарсылық көрсете алмауы. Мұндайда қозғалыс мөлшері шамадан тыс ұлғаяды (аяқты бүккенде сан қарынға тиеді, қолды бүксе алақан қарға жетеді).

Гипертония - бұлшық еттің сіресіп қатаюы. Бұлшық етті уыстап қысып байқасаңыз, ол қатайып әрі-бері козғау қиындай түседі.

4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.

Бұлшық еттердің нәрлендірілу (трофикалық) қабілетін (функциясын) тексеру үшін сырқатты шешіндіріп мұқият қарау керек. Бұлшық еттердің қаншалықты азғандығын, солғандығын байқаған жөн. Егерде қолдың немесе аяқтың біреуінің бұлшық еттсрі азып солған болса, өлшегіш таспа көмегімен сау қолдың немесе аяқтың жуандығын өлшеп алып, оның азған аяқтың жуандығын өлшегенде алынған мөлшерден айырмасын анықтау керек. Айталық азып солған санның жуандығы сау саннан 2-3 см-ге жіңішке болуы мүмкін.

5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.

Бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін тұрақты (гальвандық) және түрақсыз (фарадикалық) ток арқылы зерттейді. Қалып-ты жағдайда нервті немесе бұлшық етті фарадикалық токпен тітіркендіргенде олар ток әсері үзілгенше сіресіп жиырылып тұрады. Ал гальвандық токпен тітіркендіргенде бұлшық ет ток түйықталған немесе үзілген кезінде ғана кенеттен ширығады. Тұрақты токтың анод және катод аталатын екі полюсы болғандықтан анод әсерінен ширығу (АӘШ) және катод әсерінен ширығу (КӘШ) болады.

Қалыпты жағдайда егер ток күші өзгермесе КӘШ АӘШ-тан жоғары болады (КӘШ > АӘШ).

Ми қыртысы - бұлшық ет шоғырының зақымдану симптомдары мен синдромдары

Ми қыртысы - бұлшық ет шоғыры әр түрлі деңгейде зақымдануы мүмкін. Сондықтан да ми қыртысы - бұлшық ет шоғыры мүлде үзіліп қалса бұлшық еттер сал болып қалады (плегия), ал егер оның зақымдануы бұл шоғырды толық үзіп тастамаса, бұлшық еттер әлсірейді (парез).

Ми қыртысы - бұлшық ет шоғырының орталық невронының зақымдануына байланысты орталықсіреспе сал (сіреспе плегая) немесе әлсіреуі (сіреспе парез) синдромы пайда болады. Оның негізгі белгілері: бұлшық ет серпімділігінің (қуатының, тонусының) күшеюі (гипертония); жұлын рефлекстерінің өршуі (гиперрефлексия); аяқ ұшы патологиялык рефлекстері, аяқ ұшы мен тізе клонустары және қорғаныш рефлекстері. Бұлшық еттер нәрленуі (трофикасы) айта қаларлықтай өзгеріске ұшырамайды.

Ми қыртысы - бұлшық ет шоғырының орталық невроны зақымданған кезде жұлын-ми қыртысы бақылауынан шығып қалады. Сол себепті жұлынның рефлекстік қызметі өз еркімен (автоматты түрде) жоғарлайды да бұлшық еттер серпімділігінің күшеюіне (гипертония) ықпал жасайды. Мұндай жағдайда агонистер мен антагонистердің тонусының көтерілуі бір деңгейде (бір қалыпты) болмайтындықтан қолда бүктіргіш бұлшық еттер, аддукторлар мен пронаторлар, ал аяқта жазғыш бұлшық еттер, абдукгорлар мен супинаторлар тонусы (серпімділігі) көбірек күшейеді. Осының әсерінен сырқаттың қолы жартылай бүгіліп, бауырына басылып, қол ұшы ішіне қарай бұралып, аяғы түп-түзу және сыртына қарай бұрылып, Вернике-Манн ерекше қалпы қалыптасады.

Сал болған (салданған) аяқты немесе қолды ырықсыз бүккенде дәрігер әуелі создырғыш (жаздырғыш) бұлшық еттерінің кедергісін (қарсылғын) сезеді, бірақ ол кедергі соңынан жойылады да аяқ немесе қол жеңіл бүгіледі. Бұлшық ет серпімділігінің осылайша сипатталуы ширығып түйілу немесе «бүктелген бәкі» симптомы деп аталады. Ырықсыз қимылдарды қайталаған сайын бұлшық ет серпімділігі (тонусы) кеми түседі.

Орталық неврондар зақымдануына байланысты терең рефлекстердің күшеюі (гиперрефлексия) де жұлынның автоматтандарылған (өзіндік) қызметінің артуына байланысты. Сіңір және шеміршектерден қоздырылатын рефлекстер аса жеңіл білінеді де олардың рефлексогендік аймағы кеңиді. Рефлекстер күшеюінің ең жоғарғы деңгейі аяқ ұшы және тізе тобығы клонустарының пайда болуымен сипатталады. Құрсақ рефлекстері мұндай жағдайда өздерінің рефлекстік доғаларының үзілуіне байланысты жоғалады. •

Сырқат жөтелгенде, түшкіргенде, есінегенде, сау аяқ қолын қозғағанда, сал болған қолы немесе аяғы қозғалуы жұлын қызметінің өзіндік күшеюіне байланысты. Мұны патологиялық синкинезиялар деп атайды. Олардың ішінде ең жиі кездесетіндері: үйлестіргіш, еліктегіш және глобальды (жалпы) синкинезиялар.

Глобальды (жалпы) синкинезиялар — сау аяқ-қол мен кез келген қимылдар (жұдырық түю, қолын немесе аяғын жоғары көтеру т.б.) жасаған кезде сал болған қолында немесе аяғында еріксіз қимыл-дар пайда болуы. Мұндайда сал болған қол шынтақтан және қол ұшынан бүгіледі де ішке қарай тартылады.

Координациялық (үйлестіргіш) синкинезиялар. Екі қолды алға қарай созғанда парез болған жағының саусақтары жазылып, арасы ашылады (ыдырайды). Дәрігер сырқаттың тізе буынын қолымен басып, оған сирағын бүгуіне кедергі жасалса, парез болған жағындағы аяғының ұшы мен үлкен бақайы еріксіз созылады (жазылады).

Иммитациялық (еліктеу) синкинезиялар. Екі қолды алға қарай созып, сау қолды іш жаққа бұрса, сал болған қолда еріксіз қимылдар пайда болады. Сау аяқты ішіне және сыртына қарай қозғаған кездегі дәрігердің осы қимылдарға қарсы ықпалын жеңуге талаптанған сырқаттың сал болып қалған аяғында дәл осындай еріксіз қимылдар пайда болады.

Ми қыртысы - бұлшық ет шоғырының сыртқы неврондары за-қымданғанда сыртқы (босау) сал болу (плегия) немесе әлсіреу (парез) синдромы пайда болады. Оның негізгі белгілері: бұлшық еттердің солып сал болуы (плегия) немесе әлсіреуі (парез); бұлшық ет серпімділігінің (қуатының, тонусының) жойылуы (атония) немесе азаюы (гипотония), жұлын шартсыз рефлекстерінің жойылуы (арефлексия) немесе төмендеуі (гипорефлексия); бұлшық еттердің элекгр тогы әсерінен ширығуының жойылуы («азғындау реакциясы»),

Сал болған аяқ-қол бұлшық еттері серпімділігінің (тонусының) жойылуы рефлекстік доғаның үзілуінің нәтижесі. Сал болған бұлшық еттер өзіне тиісті (контрактилді шартты) тонусты (серпімділікті) сақтауға жәрдемдесетін импульстарды ала алмайды. Осындай себептермен жұлын шартсыз рефлекстері де жойылады.

Бұлшық еттердің азып семуі қалыпты зат алмасуға жағдай ж-сайтын нервтік, нәрлендіру импульстардың қимылдатқыш неврондар арқылы бұлшық еттерге жетпегендіктен олардың жұлынның алдыңғы мүйізіндегі клеткалармен байланысы үзілуіне байланысты.

Нервсіздендірілген бұлшық еттерде дегенеративтік процестер дамуына байланысты бұлшық ет талшықтары жойылады да олардын орнына майлы және дәнекер тканьдер (тіндер) пайда болады.

Босаң сал болу кезіндегі бұлшық еттердің электр тогы арқылы қозуы бұзылуына байланысты бұлшық ет фарадалық (тұрақсыз) токқа өзінің жиырылуымен жауап бермейді, ал гальвандық токпен тітіркендіргенде баяу құрт тәрізді жиырылады. Мұндай жағдайда анод әсерінен ширығу (АӘШ) катод әсерінен ширығудан (КӘШ) көп (жоғары) АӘШ>КӘШ, яғни «дегенерация» реакциясы (ДР) пайда болады.

Ми кыртысы шоғырының әр деңгейде зақымдануына байланысты белгілер

1. Сыртқы нервтердің зақымдануы. Зақымданған нерв арқылы қызметі бұзылған бұлшық еттер сал болып қалады.

2. Нерв өрімінін зақымдануы. Қолдың қары немесе бел-сегізкөз өрімдері жарақаттанса қол немесе аяқ зақымданған жағында салданады.

3. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен алдыңғы түбіршіктері зақымдануы. Бұлшық еттер зақымданған сегменттер деңгейінде сал болып қалады. Алдыңғы мүйіз аймағында асқынған созылмалы дерт кезінде азып семген бұлшық еттердің талшықтары әлсін-әлсін жыбырлайды, ал егерде жұлынның алдыңғы түбірі осындай жағдайға душар болса бұлшық ет талшықтары шоғырлана жыбырлайды.

4. Жұлынның бүйір бағанындағы пирамида шоғырының за-қымдануы. Зақымданған жақта жұлынның жарақаттанған деңгейінен төменгі аймақтағы бұлшық еттер сіресіп (қатайып) сал болады.

5. Жұлынның көлденеңінен зақымдануы:

1) жұлынның бел тұсындағы жуанданған жерінің зақымдануы — аяқ бұлшық еттерінің екі жағынан солып сал болуы;

2) жұлынның кеуде тұсында зақымдануы - аяқ бұлшық еттерінің екі жағынан сіресіп (қатайып) сал болуы;

3) жұлынның мойын тұсындағы жуанданған тұсының зақымдануы - қол бұлшық еттерінің екі жақтан солып сал болуы, ал аяқ бұлшық еттерінің сіресіп (қатайып) сал болуы;

4) жұлынның мойын тұсындағы жуанданған жерінен жоғары зақымдануы - қол мен аяқтың екі жағынан сіресіп сал болуы.

6. Ми бағанының зақымдануы кезінде пирамида (ми қыртысы -жұлын шоғыры) және бас сүйек ми нервтерінің ядролары қабат-таса зақымданады. Мұндайда альтернативтік сал болу пайда бола-ды, яғни зақымданған жақта бір немесе бірнеше бассүйек ми нерв-тері қызметі бұзылады, ал оның қарама-қарсы жағындағы бұлшық еттер сіреспе салға ұшырайды.

7. Мидың ішкі капсуласының зақымдануы — зақымданған тұсқа қарама-қарсы жақтағы бұлшық еттер сіресе (қатайып) сал болуы. ,

8. Мидың алдыңғы ирелеңінің толығынан сирек зақымданатындығынан аяқ немесе қол жарақаттанған тұсына қарама- қарсы жағында сіресіп сал болады (моноплегая).

9. Мидың алдыңғы ирелеңінің тітіркенуі - дененің қарама-қарсы жағындағы кейбір аймақтарындаш бұлшық еттер әлсін-әлсін ширығып жиырылуы (Гагарин-Джексон эпилепсиясы).

Әрбір ерікті қимылдарға ми қыртысы жұлынның алдыңғы мүйізімен байланыстыратын пирамида шоғырымен қатар, экстра-пирамида ядролары мен шоғырлары да қатысады. Экстрапирамида ядролары мен шоғырлары жұлынның алдыңғы мүйізіне тікелей жалғаспай оған орталық нерв жүйесінің әр түрлі деңгейлері ар-қылы жетеді.

Экстрапирамидтік жүйе негізінен мына төмендегі құрылымдардан тұрады:

1. Ми қыртысы асты түйіндері — құйрықты ядро (nucleus caudatus), сыртқы қауыз (putamen) және бозғылт шар (glodus pallidus), жасымық тәрізді ядро (nucleus lenticularis). Сыртқы қауыз құйрықты ядромен бірігіп, белдеулі дене (corpus striftum) құрастырады.

2. Көру төмпешігі (thalamus opticus) - аралық мидың негізгі (көптеген деңгейіне) бөлігіне орналасқан көлемді сұр зат жиын-тығы. Экстрапирамидтік реттеу процесінде көру төмпешігі вент-ролатеральдық сыртқы және алдыңғы ішкі (вентральды) ядрола-рының маңызы өте зор.

3. Люис денвсі немесе субталамикалық ядро ми сирақшасы мен қара заттың сыртына жанасып, көру төмпешігінің вентральдық сыртқы ядросының астына орналасқан.

4. Қызыя ядро орталық мидың қақпағында (үстіңгі қабатында). Ол ірі және ұсақ клеткалы ядроларға бөлінеді. Адамда қызыл ядро көбіне ұсақ клеткалы болып келеді.

5. Қара зат (sudstantia nigra) - орталык мидың табаны мен қақпа-ғының аралңғына орналасқан миелині мол нерв клеткаларының жиынтығы.Бұл клетка қасиеті жағынан адреналин мен нороадре-налинге ұқсас медиатор-дофаминді өндіреді. Дофамин қара зат клеткаларының тармақтары арқылы боз шарға, қауызға және құйрықты ядроға жетіп, олардың қызметінің белсенділігін арттырады.

Экстрапирамидтік жүйе құрамына гипоталамус ядролары, мишық, вестибулярлық (кіреберістік) ядролар, төменгі олива, торлы фор-мация және ми қыртысындағы премотор аймағы (6 алаң) да кіреді.

Күрделі қимыл-әрекеттерді реттеу экстрапирамидтік жүйенің же-келеген құрамдарының түйық нейрон шеңберінде (кері байланыс шығыршығы) қатысуымен жүзеге асырылады. Тұйық нейрон шеңберінің ең бастылары: көру тәмпешігі мен белдеулі дене арасындағы байланыс (көру төмпешігі - құйрықты ядро - боз шар көру төмпешігі); көру төмпешігі мен ми қыртысы арасындағы байланыс (көру төмпешігі - ми қыртысы, белдеулі дене – көру төмпешігі және көру төмпешігі - ми қыртысы - воролий көпірі, көру төмпешігі).

Экстрапирамидтік жүйедегі жекелеген құрылымдардың тұйық неврондар шеңберіне жедел қосылуы нәтижесінде адамға қажетті күрделі іс-қимылдар дәлме-дәл орындалатын болады. Нейрон шең-берлері жүйесі кері байланыстар жасау принципімен өз қызметін іске асырады. Егер бұйрық берілген болса, оның орындалуы жөніңде тиісті мағлұматтар қабылданады, одан әрі қажетті қимыл-әрекетті іске асыруға бағытталған түзету импульстері іске қосылады.

Ми қыртысы мен экстрапирамидтік жүйе құрылымдарын жұ-лыннын алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондармен байланыстыра-тын көп сатылы қатынастар да бар. Олар қызыл ядро- жұлын және торлы зат (субстанция) - жұлын даңғылдары (трактлары).

Қызыл ядро-жұлын жолы (Монаков жолы) қызыл ядроның ірі клеткаларынан басталып оның астында айқасады (Форель айқа-суы) да ми бағаны арқылы жұлынның бүйір бағанының бойымен (пирамида шоғырының алдыңғы жағымен) жұлынның алдыңғы мүйізіндегі клеткаларға жетеді.

Қызыл ядроның ұсақ клеткалы бөлімінен қызыл ядро — торлы зат шоғыры басталады. Одан әрі ол жұлынның бүйір бағанына баратын сыртқы торлы зат—жұлын (ігасіш геіісиіо-зріпаіік Іаіегаііз) және жұлынның алдыңғы бағаны арқылы ететін алдыңғы торлы зат-жұлын (Ігасш? геіісгііо-кріпаіів апіегіог) жолдарын құрастырып жұлынның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондарда аяқталады.

Пирамида жолының үздіксіз, ал экстрапирамидтік жүйе жолда-рының үздік-үздік болып келуі олардың қимыл-әрекеттер тонусына экстрапирамидтік қозғалу (кинетикалық) процесіне пирамидтік ықпал беретін ерекшелігаеріне байланысты. Қимыл-әрекеттердің осы аталған екі түрлі механизм арқылы іске асырылатындығының себебі жұлынның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондардьщ екі жақты бақылауда болуында: (х - клеткалар арқылы тікелей пирамидтік, ал у -клеткалар арқылы түрлі бұлтарыстары бар экстрадирамидтік бақылау. у - клеткалар а - клеткаларға әсер ете отырып бүкіл қимыл-әрекеттерінің тонусын (тонустық компонент) қолдап және жұлынның қимылдатқыш аппаратының қозуын тиісті деңгейден ауытқызбайды.

Негізінен Ү - жүйесі ми қыртысы асты түйіндермен тығыз бай-лаңысы бар ми бағаны торлы затының бақылауында болады. Сол себепті у - клеткалар экстрапирамидтік жүйеге етене жақын. Мишық жолы ми аяқшасында кері бұрылады да мидың алдыңғы желке-ніінде екінші рет айқасып, мишықтың алдыңғы аяқшасы құрамында ми табаны қыртысына келіп тіреледі. Осылайша екі рет айқасқандықтан Флексиг жолы сияқты бұл жол мишықтың жарты шарын дененін, өз жағындағы бөлігімен тікелей байланыстырады.