- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Семей қаласы, 2009ж
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
Дәрігер сырқаттың дене қалпы (кейпін) мен аяқ-алыс қимылдарын байқаған соң, бірнеше нұсқаулар арқылы олардың қимыл мөлшерін анықтауға кіріседі, Ол нұсқаулар мына төмендегілер:
- басыңызды мейлінше төмен қарай иіңіз;
- шалқайыңыз;
- екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;
- құлаштарыңызды жазыңыз;
- білегіңізді шынтақтан бүгіңіз;
- қолыңызды түзулеп жазыңыз;
- жұдырығыңызды түйіңіз;
- оң аяғыңызды жоғары көтеріңіз;
- сол аяғыңызды көтеріңіз;
- аяқтарыңызды екі жаққа талтайтыңыз;
- оларды қайтадан қосыңыз;
- екі аяғыңызды қылтадан жоғары, төмен кезек-кезек бүгіңіз;
- аяғыңызды жазыңыз; '
- аяқтарыңыздың ұштарын кезек-кезек бүгіңіз;
2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
Дәрігер бұлшық еттердің белсенді қимыл мөлшерін анықтау кезіңде олардьщ жиырылу күшін де тексереді. Сырқат адам қимыл-әрекеттерін белгілі бір бағытта өзгертіп, мысалы қолын бүгіп немесе жазып, жұдырығын түйіп т.б. отырады да сол қалпында бар күшімен дәрігердің осы қозғалысты күшпен өзгертуіне қарсылық білдіреді. Айталық, шынтақтан бүгілген қолдың қарын жазу үшін дәрігер сырқаттың шынтағын сыртынан ұстап, күшпен жазуға тырысады.Бұлшық еттердің күші алты балдық өлшем арқылы бағаланады: 0 - сал болып қалу; 1 - әзер пайда болатын қимылдар: 2 - ептеп қимылдау, бірақ аяқ-қол салмағын көтере алмау; 3 - қимыл көлемінің азаюы, бірақ аяқ-қолын көтеру; 4 - бұлшық ет күші азайғанмен қимыл көлемі толық; 5 - бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған.
Қол ұшы бұлшық еттерінің күшін динамометр арқылы да өлшеуге болады.
Бұлшық еттер күшінің көрсеткіштері мына төмендегі кестеге түсіріледі де сырқат тарихына тіркеледі.
Бұлшық ет күші өзгеруі екі түрлі болады:
1) Сал болу немесе плегая (0);
2) Парез - бұлшық ет күшінің әлсіреуі.
Егер бұлшық ет күші 4 ұпайға сәйкес болса парездің жеңіл түрі, 3 ұпай болса парездің орта дәрежеде болуы, 2 немесе 1 ұпай болса парездің деңгейі өте жоғары болғандығы деп есептеледі.
N |
Бұлшық. еттер тобы алынған |
ұпай (бал) есебімен бұлшық ет күші |
|
оң жақ |
сол жақ |
||
1. |
Басты шалқайтатындар |
5 |
5 |
2. |
Басты еңкейтетіндер |
5 |
5 |
з. |
Иықты бүгетіндер |
5 |
4 |
4. |
Иықты жазатын (созатын) |
5 |
4 |
5. |
Иық абдукторы |
5 |
4 |
6. |
Иық абдукторы |
5 |
4 |
7- |
Қолдың қарын бүгетіндср |
5 |
3 |
8. |
Қолдың қарын жазатындар (созатын} |
5 |
2 |
9. |
Қол ұшын бүгетіндер |
5 |
2 |
10. |
Қол ұшын жазатындар |
5 |
2 |
11. |
Саусақтарын жазатындар |
5 |
1 |
12. |
Саусақтарын бүгетіндер |
5 |
I |
13. |
Қол ұшының жалпы күші (қолды қысу күші) |
5 |
1 |
14. |
Санды бүгетіндер |
5 |
4 |
15. |
Саңды созатындар |
5 |
4 |
16. |
Жіліншікті бүгетіндер |
5 |
3 |
17. |
Жіліншікгі жазатындар |
5 |
4 |
18. |
Аяқ ұшын созатындар |
5 |
1 ■ |
19. |
Аяқ ұшын бүгетіндср |
5 |
2 |
Әдетте сал болу (плегая) немесе қимыл-әрекеттері әлсіреуінің (парез) мына төмендегідей варианттары болады:
- моноплегая — аяқтың немесе қолдың сал болуы;
- монопарез — аяқ немесе қол қимыл әрекеттерінің төмендеуі (әлсіреуі);
- параплегия — екі аяқтың немесе екі қолдың салдануы;
- парапарез - екі аяқтың немесе екі қолдың әлсізденуі;
- гемиплегия — оң немесе сол жақ дененің сал болуы;
- гемипарез - оң немесе сол жақ дененің, әлсізденуі;
- тетраплегая - екі аяқ пен екі қолдың сал болуы;
- тетрапарез — екі аяқ пен екі қолдың әлсізденуі.
Бұлшық ет әлсізденуін (парезді) анықтайтын әр түрлі арнайы сынақтар қолданылады
1- Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді (А).
2. Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В).
3. Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.
Бұлшық еттердің жеңіл әлсіздігін анықтайтын клиникалык. сынақтар:
А-Русецкий сыны; В - жоғарғы Барре сыны; С - Барренің саусақ сыны; Д - Вендерович сыны; Е, Ғ - ауыр (Е) және жеңіл (ЕҒ) мөлшерлі Барре сынағы
4. Вендерович сыны. Сырқат шынашағын шеттетуге әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды (Д).
5. Барренің төменгі сыны. Сырқат көзін жұмып шалқасынан жатқызылады да екі аяғын 60° шамасында созып, еңісте (Е) немесе ол етпетінен жатып аяқтарын тізеден бүгіп ұстап тұруға (Ғ) тырысады. Осындай жағдайларда сырқат әлсіреген аяғын сол қалпында ұстап тұра алмайды.
