Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№2 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.85 Кб
Скачать

G-041.07.01.13-2007

2003,2005 ж. ЖМБС бойынша сабақтардың әдістемелік нұсқаулары(сарамандық, семинарлық, зетханалық сабақта)

01.08.2007ж

№01 тек

Бет 14 тен 14

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті

ФАКУЛЬТЕТ: ЕМДЕУ

КАФЕДРА: ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ №2

Тақырыбы: Рефлекс-нерв жүйесі қызметінің негізі. Рефлекстердің жіктелуі.Рефлекторлық доғаның қазіргі кездегі түсінігі. Жұлындық қарапайым рефлекстердің тұйықталу доғасы. Рефлекстерді тексеру тәсілдері. Ерікті қозғалыс. Қыртыс ет жолы. Қыртыс ет жолының зақымданған деңгейін анықтау. Шеттік және орталық паралич синдромдары. Параличтерді тексеру тәсілдері. Экстрапирамидалық система. Оның құрлысы мен атқаратын қызметі. Паркинсонизм синдромы. Гиперкинездер және олардың түсініктемелері.

Курс: 5

Құрастырған: ассистент Тусупбекова А.К

Семей қаласы, 2009ж

1.Тақырыбы: Рефлекс-нерв жүйесі қызметінің негізі. Рефлекстердің жіктелуі.Рефлекторлық доғаның қазіргі кездегі түсінігі. Жұлындық қарапайым рефлекстердің тұйықталу доғасы. Рефлекстерді тексеру тәсілдері. Ерікті қозғалыс. Қыртыс ет жолы. Қыртыс ет жолының зақымданған деңгейін анықтау. Шеттік және орталық паралич синдромдары. Параличтерді тексеру тәсілдері.

2.Сабақтың ұзақтығы: 7,3

3.Маңыздылығы:

4.Сабақтың мақсаты:

5.Өздік дайындыққа арналған сұрақтар:

а)негізгі пәндер сұрақтары:

б)тақырыптық сұрақтар:

УІ.Ақпараттық-дидактикалық блок.Нерв жүйесі сыртқы тітіркеністі қабылдап қана қоймай, оған көбіне қимыл-әрекеттері арқылы жауап қайтарады. Нерв жүйесінің адамға тән күрделі қимыл-әрекеттерді реттейтін құрылымдары өте жоғары дәрежедс жетілген. Ми қыртысы, әсіресе оның мандай бөлігі, кандай да қимыл-әрекеттері болмасын, ең алдымен саналы, мүдделі (мақсатты) және күрделілерін реттеп іске қосып отырады. Ми қыр-тысында адамның алдында тұрған мақсатына сәйкес қимыл жоспары мен бағыты бейнеленеді және оны орындауға қажетті қимыл ырғағы мен қарқыны қамтамасыз етіледі. Бұдан кейін ми қырты-сында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін нерв жүйесінің ат-қарушы аппараттары, ең алдымен экстрапирамидтік жүйе, мишық және жұлын іске кіріседі. Сонымен нерв жүйесінің атқарушы аппа-раттары өзін-өзі реттеу және автоматизм негізінде адамға қажет қимыл-әрекеттердің «техникалық жағын» қамтамасыз етеді.

Әдетте қандайда болмасын қимыл-әрекеттері еріктен тыс немесе автоматтандырылған және ерікті болып екіге бөлінеді.

Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысында пайда болған импульс бұлшық етке жеткізілуі қажет. Бұл қызметті екі невроннан (орталық және сыртқы) тұратын ми қыртысы - бұлшық ет шоғыры атқарады.

Орталык қимылдатқыш неврондар ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінен және орталық мандай ирелеңінің артқы бөлімі мен парацентральдық бөліктен басталады. Орталық неврондардың клеткалары (үлкен пирамида тәрізді Бец клеткалары) осы аймақтардағы ми қыртысы бесінші қабатына орналасқан. Аталған клеткалардың аксондары ми жарты шарына терең бойлап, ми қыртысы - жұлын шоғырын - (3) құрастырады. Ол ішкі капсуланың тізесі мен артқы саны арқылы ми бағанына кіретін - ми аяқшасы (10), варолий көпірі (8) және сопақша мидың алдыңғы жағында аталған шоғырдың талшықтары өз-ара жақындап пирамида тәрізді орналасады.

Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы - жұлын шоғыры талшықтарының 80 процентіне жуығы қиылысып, жұ-лынның бүйір бағаны арқылы қарама-қарсы жағына өтеді де оның алдыңғы мүйізіндегі мото-нейрондарында (4) аяқталады. Ол жоғарыдан төмен қарай жұлынның әр сегменттеріне тиісті талшықтарын қалдырып біртіндеп жіңішкере береді де ақырғы сегізкөз тұсындағы сегменттерде таусылады.

Ми қыртысы - жұлын шоғырының қиылыспаған 20% бөлігі (Тюрк шоғыры) жұлынның алдыңғы бағанымен төмен қарай түсіп, кеуде сегменттері тұсында аяқталады.

Үлкен ми жарты шарында пирамида шоғыры екі бөліктен тұрады. Біріншісі жоғарыда аталып кеткен ми қыртысы-жұлын

шоғыры (3), екіншісі ми қыртысынан басталып, бассүйек-ми кимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталатын талшықтардан түратьш кортико-нуклеарлық шоғыр (9).

Кортико-нуклеарлық шоғыр мидың алдыңгы сара ирелеңінің төменгі бөлігінде басталып, ішкі капсуланың иіні арқылы өтеді де ми бағанындағы бассүйек ми қимылдатқыш нервтерінің ядрола-рында аяқталады. Бұған дейін әр ядро үстінде жартылай айқасып отырады. Тек бет нерві ядросының төменгі бөлігі үсті мен тіласты нерві ядросында орталық неврондар толығымен қиылысады (айқасады).

Ми қыртысы - бұлшық ет шоғырының (3) сыртқы неврондар клеткалары ми бағанындағы қозғалтқыш (қимылдатқыш) ядролар мен жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан. Ми бағанындағы қимылдатқыш ядролар клеткасының аксондары бассүйек-ми нервтерін құрастырады. Жұлынның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондар аксондары омыртқа өзегінен омыртқааралық тесіктерден шығатын жұлын алдыңғы түбіршіктеріне айналады. Бұдан әрі сыртқы неврон түбіршік нерві, өрім және сырткы нерв құрамында болады. Өрімдер мен сыртқы нерв құрамында тек қимылдатқыш талшықтар ғана емес, сонымен бірге сезгіш және трофикалық талшықтар да бар.

Жұлынның алдыңғы мүйізіндегі клеткатар (мотонейрондар) біртекті емес және олардың қызметгері де әр түрлі. Олар үш типке бөлінеді:

1)бұлшық ет талшықтарынын бірінен соң бірінің шапшаң жиыры-луын қамтамасыз ететін пирамида жүйесіне тікелей қатысы бар а -үлкен мотонейрондар (1);

төмен қарай түсетін жолы;

9- омыртка аралық түйін

2) бүлшық ет талшықтарынын ширығып қысқаруына әсер ететін экстрапирамидтік жүйеден импульстар қабылдайтын а - кіші мотонейрондар (3);

3)торлы формациядан импульстар қабылдайтын Ү - мотоней-рондар (2). Бұлардың қимыл-әрскетіне тікелей қатысы жоқ, демек олар мотонейрон ретінде шартты түрде ғана белгіленген. У — мо-тонейрон өз аксонын бұлшық ет талшығына тікелей бермейді, сол бұлшық ет талшығының ішіндегі проприорецепторға — бұлшық ет ұршығына (5) жеткізіп, оның қозуына әсер етеді.

Бұлшық ет ұршығынан қабылданған импульстер афференттік неврондар бойымен жұлынның артқы түбіршегі арқылы оның алдыңғы мүйізіндегі а - шағын кіші мотонейрондарға (3) тоғысады да қызыл бұлшық ет талшықтарына (4) жетіп, оның ширатыла қысқаруына әсер етеді. Осылайша гамма-тұзағы тұйықталады.

Сонымен, бұлшық ет тонусының өздігінен реттелуі мен оның тұрақтылығын сақтауға кері байланыстар нәтижесінде пайда бола-тын созылу рефлексі әсер етеді. Бұлшық ет тонусы көтерілуімен қосарлана кездесетін альфа-шағын мотонейрон қызметінің шамадан тыс күшеюі гамма-мото-нейронға әсерін тигізеді де пропри-орецепторлар (бұлшық ет ұршықтары) сезіну қабілетін арттырады. Осылайша афференттік импульстардың альфа-шағын мотоней-ронға жеткізілу мөлшері кемиді де оның атқаратын жұмысы «жеңілдейді» және бұлшық ет тонусы қалпына келеді. Бұлшық ет тонусы босаған кезде гамма-мотонейронның белсенділігі артады және альфа-шағын мотонейронға баратын афференттік әсер күшейеді де бұлшық ет тонусы көтеріледі.

Бұлшық ет тонусын қамтамасыз етуге жұлынның сегменттік аппаратынан басқа ми бағаны торлы формациясы, мишық, ми қыртысы асты түйіндер және үлкең ми жарты шары қыртысыда қатысады.

Ми қыртысы - бұлшық ет шоғыры (жолы) үлкен ми жарты щарларымен дененің жарты бөлігін керісінше байланыстырады. Мидың алдыңғы сара ирелеңінде дененің жартысы төмен қарай тәңкеріліп кескінделеді (проекцияланады). Шайнау, көмей, кеңірдек және тыныс бұлшық еттері ми қыртысымен қосымша байланыстары болғандықтан онымен екі жақты байланыс жасайды.

Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі

Нерв жүйесі құрылымдарының.бірілесе отырып атқаратын негізгі қызметі - рефлекс (латынша—гейесзиз-тойтарыс беру, тітіркендіруге жауап беру деген мағынада). Рефлекс туралы ілімнің дамуына орыс ғалымдары И.П. Сеченовтың, И.П. Павловтың және Д.К. Анохиннің еңбектері зор үлес қосты.

Рефлекс дегеніміз орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфоло-гиялық негізі - рефлекстік доға (иін), яғни қозу импульстерін рецептордан орталық нерв жүйесі құрылымдарына, одан орын-даушы ағзаға (мәселен бұлшық етке) жеткізетін жол. Қарапайым (жабайы) рефлекстер доғасы екі невроннан ғана құрылады да жұлынның сегмент аппаратында тұйықталады.

Көбінесе рефлекстік доғалар құрылымы күрделірек болып келеді де олар да афференттік және эфференттік неврондардан басқа бірнеше көмекші неврондар болады. Рефлекстік доға орталык нерв жүйесінде неғүрлым жоғары тұйықталса, рефлеке те соғұрлым күрделі болып саналады. Мәселен, сопақша ми деңгейінде тұйық-талатын жөтел рефлексі доғасында бірнеше эфференттік неврондар бар. Олар қабылданған импульстарды бір мезетте диафрагмаға, кеуде және іш (құрсақ) бұлшық еттеріне, көмейге. кеңірдекке т. б. эффекторларға бағыттайды. Ми қыртысы астындағы түйіндерде тұйықталатын рефлекстер бұдан да күрделі. Мысалы, кетіп бара жатқан адамның сыртынан бақылап тұрсаңыз, оның бүкіл денесі, қолдары және басы қозға-лып бара жатқанын аңғаруға болады. Аталған қимылдар рефлекс әсерінен автоматты түрде орындалады. Демек, ми қыртысы қимыл-әрекеттерді реттейтін ең жоғарғы деңгей болып табылады.

Рефлекс түрлері морфологиялық, және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекстер бірнеше топқа бөлінеді:

1. Рефлекстердің барлығы И.П.Павловтың зерттеулері нәтижссінде шартты және шартсыз рефлекстер болып екіге бөлінеді.

Шартсыз рефлекстерге туа біткен және іс-әрекеттердің белгілі бір түріне ғана лайықты рефлекстер жатады. Олар жабайы (қорғаныс рефлексі) немесе аса күрделі (инстинкт, автоматты түрдегі қимыл - әрекеттер) болуы мүмкін.

Шартты рефлекстер онтогенез барысында, яғни адам өсе, есін біле келе жаңа машыққа, әдетке, тәртіпке үйренуіне қарай қалып-тасады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде ми қыртысының тікелей араласуы нәтижесінде қалыптасады.

2. Адамда шартсыз рефлекстер жұлын, ми бағаны, ми қыртысы астындағы түйіндер және ми қыртысы қызметтерінің ықпалы ар-қылы жүзеге асырылады. Сол себепті шартсыз рефлекстер жұлын, жұлын бағаны, ми қыртысы асты т.б. рефлекстер болып жіктеледі.

3. Рецепторлардың (қабылдағыштардың) орналасуына (орнына) қарай экстерорецептивтік (ехіегаз - сыртқы), интерорецептивтік (іпіегіог - ішкі), проприорецептивтік (ргоргіш - өзіндік) рефлекстер болып жіктеледі.

Экстерорецептивтік рефлекс рецепторлары (лат. Кесерііо — алу, қабылдау) денс сыртында (теріде, кездің кілегейлі қабығында) орналасқан. Олар сырттан келіп түсетін тітіркендіруші есерлерді қабылдайды.

Интерорецептивтік рефлекс рецепторлары ішкі ағзаларда, ткань-дарда (тіндерде), қан тамырларында, ал проприорецептивтік рефлекс рецепторлары сіңірде, буын қабында орналасқан.

4. Нерв жүйесінің сомалық және вегетативтік жүйе болып екіге бөлінуіне байланысты оларға қатысты рефлекстер сомалық және вегетативтік рефлекстер болып жіктеледі.

5. Қимыл-әрекеттеріне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстерін ажыратуға болады.

6. Орталық нерв жүйесінде пайда болатын құбылыстар (про-цестер) түріне лайықты қоздырушы және тежеуші рефлекстер бар.

7. Рефлекстік доға құрамындағы неврондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та жіктеледі.

Шартсыз рефлекстерді зерттеу тәсілдері және олардың патологиялык жағдайлардағы көріністері. Жоғарыда көрсетілгендей шартсыз рефлекстер рецепторлардың орнығуына байланысты экстерорецептивтік немесе үстірт (тері мен кілегей қабық) және проприорецептивтік немесе ішкі (өзіндік) реф-лекстер болып екіге бөлінеді. Олардың әрқайсысының орталық нерв жүйесінде рефлекстік доғалары тұйықталатын деңгейлері бар.

Рефлекстерді тексеру орталық нерв жүйесіндегі доғаларының тұйықталатын деңгейлеріне сәйкес «жоғарыдан төмен» қарай, яғни ми бағанынан жұлынның соңғы сегменттеріне қатысты құрылым-дары қызметінің дұрыс-бұрыстығын барлау (байқап білу) арқылы жүзеге асырылады .

Үстірт рефлекстер теріні, көздің мөлдір қабығын немесе кілегей қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді. Олар:

Көздің мөлдір қабығы рефлексі – көздің мөлдір қабығына мақта-ның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшымен жанас-тыру кезінде қабақтың жұмылуы.

Көз шырыштықабығы (конъюнктивалдық) рефлексі - көз шы-рышты қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы.

Жұмсақ таңдай рефлексі - қалақшамен немесе түтікше оралған қағаздың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырғанда оның өзінің және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.

Жұтқыншақ рефлексі- қалақшамен жұтқыншаққа жанастыру кезінде жөтел немесе құсу әрекеттері қимылы пайда болу.

Құрсақ аймағы рефлекстері (үш жұп):

1) жоғарғы құрсақ аймағы рефлексі - теріні сүбеден төмен қарай қабырға доғасымен жарыстыра тітіркендірген кезде құрсақ бұлшық еттерінін. жоғарғы бөлігінің жиырылуы;

2) ортаңғы құрсақ аймағы рефлексі - теріні кіндіктің екі жағынан тітіркендіргенде осы тұстағы бұлшық еттердің жиырылуы;

3) төменгі құрсақ аймағы рефлексі - шапты тітіркендіру арқылы құрсақтың төменгі жағындағы бұлшық еттердің жиырылуы.

Құрсақ аймағы рефлекстерінің доғалары жұлынның кеуде тұсын-дағы сегменттерінде тоғысады. Жоғарғы құрсақ аймағы рефлексі жұлынның ҮП-УІІІ ортаңғы құрсақ аймағы рефлексі ІХ-Х, төменгі құрсақ аймағы рефлексі XI-XII кеуде сегменттеріне тоғысады (тұйықталады).

Кремастер рефлексі - санның ішкі жағы тсрісін тітіркендіргенде кремастер бұлшық етінің жиырылуына байланысты аталық ұрық безінің көтерілуі. Рефлекстік доғасы І-ІІ бел сегменттерінде то-ғысады.

Табан рефлексі - табанның ішкі және сырт жағын тітіркендіргенде бақайлардың иілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның V бел мен I сегізкөз сегменттерінде тоғысады.

Тік ішек (көтеншек, артқы ішек) рефлексі,

Артқы тесік айналасындағы теріні тітіркендіргенде осы тұстағы бұлшық еттердің ширауы (жиырылуы). Рефлекстік доғасы жұлынның IV-V сегізкәз сегменттерінде тоғысады.

Терең рефлекстер

Астыңғы жақ рефлексі — иекке батырылған саусақты невроло-гиялық балғамен соққанда шайнау бұлшық еттерінің ширығуы.

Білезік буын рефлексі - кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда (ұрғанда) қолдың білезік тұсында бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның У-ҮІІІ мойын сегменттсрінде тоғысады.

Шынтақ жазылу рефлексі - үш басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан жазылуы.

Рефлекстік доғасы жұлынның ҮІІ-ҮІІІ мойын сегменттерінде

тоғысады.

Шынтақ бүгілу рефлексі - екі басты бұлшық еттің сіңірін невро-логиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның У-УІ мойын сегменттерінде тоғысады.

Тізе рефлексі - тобықты неврологиялық балтамен соққанда төрт басты бұлшық еттің ширығуына байланысты аяқтың тізеден жазы-луы. Рефлекстік доғасы жұлыңның Ш-ІҮ бел сегменттерінде тоғы-сады

Өкше рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің ширығуына (жиырылуына) байланысты табанның керіліп жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлынның І-П сегізкөз сегменттерінде тоғысады.

Жұлын шартсыз рефлекстерінің қалыпты кейіптерінен ауытқуы

Нерв жүйесі құрылымдарының зақымдануына байланысты рефлекстердің төмендеуі (гипорефлексия), жойылуы (арефлексия), өршуі (гиперрефлексия), симметриялы жақтардағы екі жақтан бірыңғайлығы сақталмауы (анизорефлсксия) мүмкін. Орталық неврондар зақымданғанда қалыпты жағдайда кездеспейтін (пато-логиялық) рефлекстер пайда болады.

Патологиялық рефлекстер қатарына ауыз-иек аймағында көрініс беретін оральдық автоматизм рефлекстері жатады.

Ауыз рефлексі - неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді ақырындап соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық еті жиырылуы (35- сурет).

Мұрын-ерін рефлексі - мұрынның ұшын неврологиялық балғамен ақырындап соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.

Маринеску-Радовичи алақан-иек рефлексі - терінің бас бармақ томпағы маңайын (тұсын) сызып тітіркендіргеңде иек бұлшық етінің жиырыла қысқаруы.

Оральдык автоматизм рефлекстері ми қыртысы-бұлшық ет жолының орталық неврондары екі жағынан зақымданғанда пайда болады.

Қол ұшы патологиялық рефлекстері - қол ұшы тұсын әр жерінен тітіркендірген кезде оның саусақтарының ақырындап бүгілуі (36-сурет).

Россолимо симптомының қол ұшындағы үйлестігі (1). Дәрігер саусақтарының ұшымен сырқаттың бүгулі ІІ-ІУ саусақтарының ұшын (әлсін-әлсін) соққылағанда байқалады.

Жуковский симптомы (2) сырқат алақанының орта тұсын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.

Якобсон-Ласк рефлексі (3) істік тәрізді өсіндіні неврологиялық балға мен соғу арқылы белгі береді. ;

Аяқ ұшында көрініс беретін патологиялық рефлекстердің диагностикалық маңызы өте зор. Олар екі топқа бөлінеді.

Біріншісі— теріні аяқтың әр тұсынан тітіркеңдіргенде бас бақай жазылуы. Онымен қоса кейде басқа бақайлардың жан-жаққа ыдырап бірінен-, бірінің алшақтауы. Сол себепті бұл рефлекстер экстензорлык немесе жазылу аяқ ұшы патологиялық рефлекстері қатарына жатады. Оларды төмендегідей тәсілдер арқылы анықтап, әрқайсысын жеке-жеке атайды.

Бабинский рефлексі — табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда пайда болады (1).

Оппенгейм рефлексі бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады (2).

Гордон рефлексі сырқаттын балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді (3).

ЦІеффер рефлексі өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы айқындалады (4).

Гросман рефлексі аяқтың кішкене бақайын тартып созу арқылы байкалады.

Флексорлық немесе бүгілу патологиялық рефлекстері аяқ ұшы-нын ІІ, ІІІ, ІУ және У бақайларының бүгіліп изеңдеуі арқылы көрініс береді- Оларды төменгі тәсілдер арқылы анықтауға болады.

Аяқ ұшында көрініс беретін бақайлар бүгілу (флексорлык.) патологиялық

рефлекстерін анықтайтын тәсілдер: 1-Россолимо рефлексі; 2-1 Бехтерев рефлексі;

3- Жуковский рефлексі; 4- II Бехтерев рефлексі

Россолимо рефлексі (1) ІІ-У бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы байқалады.

Бехтерев I рефлексі (2) аяқ ұшының үстін IV бақай тұсында балғамен соғу арқылы байқалады.

Бехтерев II рефлексі (4) - неврологиялық балтамен өкшені немесе бас бармақ томпағын соққанда аяқ бақайларының немесе қол ұшы саусақтарының бүгілуі.

Жуковский рефлексі (3) табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы білінеді.

Патологиялық рефлекстерге осы жоғары аталғандардан басқа аяқ ұшы мен тобықтың ырғақты түрде қимылдауы және қорғаныш рефлекстері де жатады.

Тобықтың ырғақты қимылдауы (тобық клонусы) тобықты күшпен төменнен жоғары қозғағанда тізе бұлшық еттерінің әлденеше рет ширығуына байланысты тобықтың ырғақты түрде біраз уақыт қимылдауы.

Аяқ ұшының ырғақты қимылдауы (аяқ ұшы клонусы). Аяқ ұшын шұғыл керіп (жазып, созып) қалса, онда аз уақыт ырғақты қимыл пайда болады.

\ Қорғаныс рефлекстері бақайларды шымшып, шаншып, шұғыл бүгіп қалу арқылы білінеді.

Егер аяқ сал болып қалса жамбас, тізе және жіліншік буындары тегіс бүгіліп қалады (қысқару реакциясы). Сол мезетте бүгулі тұрған екінші аяқ түзеліп кетеді (ұзару реакциясы) - Мари-Фуа-Шехтерев рефлексі.

Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары