
- •Пән бағдарламасы (syllabus)
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар бойынша қарастырылмаған
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімдерін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
4.3. Зертханалық сабақтар бойынша қарастырылмаған
5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл аудиториялық сабақтар мен аудиториядан тыс уақыттағы студенттің жеке танымдық қызметі. Өзіндік жұмыс негізгі және қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге ықпал етеді. Бұл жұмыстың қажеттілігі кейбір тақырыптарды белгілі бір сағат санымен шектеумен байланысты емес, негізінен студентті өз бетімен ізденуге, алған білімдерін творчестволық тұрғыдан ұғынуға үйрету қажеттігімен байланысты. Реферат жұмысы – студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады. Жоғарғы оқу орнында реферат жұмысын жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап зерделеуге бағытталған. Реферат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, қажетті мағлұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми-ізденушілік жұмыстың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.
Өзіндік жұмысын студент «Қазақстан Республикасы Жер құқығы» пәнінің ОӘК-нен және силлабустан бастау керек, кейін берілген әдебиет көздерінің таңдауынан жалғастырады. Ұсынылған әдебиеттерін оқи отырып, студент дәптерінде жеке сұрақтар бойынша арнаулы жазулар енгізіп, басқа жағдайда жоспар құрастырып немесе сұрақтың жауабын қысқаша жазу керек. Осы әдісті қолдану арқылы студент емтиханға дайындалған кезінде жауабын тез арада еске түсіре алады.
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары:
Экология-құқық нормаларының казіргі құқық жүйесінде алатын орны мен рөлі.
Экологиялық заңдарды жетілдірудің құқықтық сұрақтары.
Қоршаған ортаны қорғау туралы зандардың әрі қарай даму жағдайы және перспективалары.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының дамуының негізгі этаптары.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының даму концепсиясы.
Экологиялық зандарды кодификациялаудың теориялық мәселелері.
Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының теориялық аспекттері.
Табиғат пайдалану құқығының сипаттамасы.
Табиғи ресурстарды құкықтық қорғау және пайдаланудың аумақтық мәселелері.
Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмін құқықтық реттеу.
Қоршаған ортаны қорғауда азаматтардың қатысуын құқықтық қамтамасыз ету.
Қоғамдық экологиялық ұйымдардың іс-әрекетінде қоршаған ортаны құқықтық қорғау.
Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық қорғау.
Экологиялық қауіпсіздікті жүзеге асырудың құқықтық негіздері.
Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс-әрекетін құқықтық реттеу.
Экология саласындағы басқарудың мемлекеттік-құқықтық механизмін жетілдіру мәселелері.
Экологиялық мониторингті құқықтық реттеу.
Мемлекеттік табиғи ресурстық кадастрларды ұйымдастыру мен жүргізудің құқықтық негіздері.
Экологиялық сараптаманы құқықтық реттеу.
Экологиялық бақылауды кұқықтық реттеудің теориясы және тәжірибесі.
Экологиялық аудитті құқықтық реттеу.
Қоршаған ортаның сапасы жәке экологиялық талаптардың нормативтерінің құқықтық сипаттамасы.
Қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың құқықтық-ұйымдастыру мәселелері.
Қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластанудан құқықтық қорғау.
Төтенше экологиялық аймақтардың құқықтық режимі.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілікті жүзеге асырудың құқықтык мәселелері.
Экологиялық зияның орнын толтыруын құқықтық реттеу.
Табиғи ресурстарға келтірілген зиянның орнын толтырудың құқықтық нысандары.
Табиғат қорғау инспекцияларын ұйымдастыру және іс-әрекеттерінің құқықтық сұрақтары.
Сот тәжірибесінде қоршаған ортаны қорғау және ұтымды табиғат пайдалану сұрақтары.
Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорын құқықтық қорғау.
Қазақстан Республикасында жер қойнауын құқықтық қорғау.
Жер қойнауын пайдаланудың құқықтық негіздері.
Минералды ресурстарды қорғаудың құқықтық-ұйымастыру шаралары.
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау.
Су ресурстарын кешенді пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету.
Жер асты суларын құқықтық қорғау.
Қазақстан Республикасында ормандарды құқықтық қорғау.
Орман пайдалану және орман ресурстарын өндірудің құқықтық негіздері.
Өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалануды құқықтық реттеу.
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін құқықтық қорғау.
Жануарлардың және өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін құқықтық қорғау.
Аң аулауды және аң шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу.
Балық аулауды және балық қорын қорғауды құқықтық реттеу.
Балық ресурстарының өсімін молайтуды және балық шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу.
Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу.
Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды құқықтық реттеу.
Қоршаған ортаны қорғау сласындағы халықаралық бірлестікті құқықтық реттеу.
Қазақстан Республикасында экологиялық конвенцияларды жүзеге асырудың құқықтық мәселелері.