Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Экол пр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.14 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ»

Кафедра «ҚҰҚЫҚТАНУ»

Мамандық:

«5В030100 – Құқықтану»

Пән бағдарламасы (syllabus)

«ҚР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»

АКТАУ 2014

1. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту үшін алғышарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын.

Экологиялық құқықты реттеудің мәні табиғат болып табылады, ол өзара байланысты табиғи ресурстардың кешені болып табылады. Осы ерекшелікті ескере отырып, біз мынадай қорытынды жасаймыз: экологиялық құқық - бұл кешенді сала, бұл етене біріккен сала, бұл бірқатар дербес салаларды біріктіретін сала.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты: экологиялық құқықтың құқық саласы ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін, міндеттерін, оның уақытта және кеңістікте қызмет етуінің басты ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

а) пәнді, экологиялық құқықты кешенді оқу пәні ретіндегі түсінігін ашып көрсетуден тұрады. Оның пәнін табиғатты қорғау заңдарына қатысты нормалар мен институттар құрайды - табиғатты қорғау қатынастарын реттейтін нормативтік-құқтық актілер жүйесі.

б) бұл пәннің теориялық негізі экологиялық құқық ғылымы, экологиялық құқықтың пәні мен әдісіне, оның қайнар көздеріне құқықтық реттеу объектісіне, экологиялық-құқықтық жауаптылық мәселесіне байланысты, экологиялық бақылаудың құқықтық формаларына арналған эколог-заңгерлердің ғылыми зерттеулері.

в) бұл пәннің теориялық негізі экологиялық құқық ғылымы, экологиялық құқықтың пәні мен әдісіне, оның қайнар көздеріне құқықтық реттеу объектісіне, экологиялық-құқықтық жауаптылық мәселесіне байланысты, экологиялық бақылаудың құқықтық формаларына арналған эколог-заңгерлердің ғылыми зерттеулері.

Қоса оқытылатын пәндер

Пререквизиттер (оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер): Оқу курсын меңгеру үшін студент ҚР Конституциясын білуі міндетті және әдебиеттермен жұмыс жасап білуі керек, ақпараттарды талдау, дербес қорытындылар мен тұжырымдар жасай білуі тиіс, компьютер-интернетті меңгеруі тиіс. ҚР азаматтық құқығы, құқық негіздері, салық құқығы, қаржы құқығы салаларымен тығыз байланысты.

Постреквизиттер (аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер): Алынған білім студентпен келесі пәндерді оқу барысында пайдаланылуы мүмкін: Жедел іздестіру қызметі теориясы, Сот дәлелдеу теориясы, Атқару құқығы.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

Экологиялық құқық былайша құрылады: ол жекелеген нормалар, құқықтық институттар, кіші салалар арасында тығыз байланысты сақтайды. Экологиялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді. Жалпы бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады, олардың объектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі, мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады. Жалпы бөлімде табиғатты қорғау мен пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық тетігі әзірленіп, талданады, содан соң оның жекелеген ережелері табиғаттың жекелеген объектілеріне қатысты ерекше бөлімде нақтыланады. Тиісінше жалпы бөлімнің құқықтық институттары арасында мыналарды бөліп көрсеткен жөн: Жалпы бөлім: экологиялық құқық ұғымы, экологиялық құқық көздері, меншік құқығы және табиғат пен оның ресурстарына өзге де мүліктік құқықтар, экология саласында басқарудың мемлекеттік-құқықтық тетігі, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік. Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген объектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ ерекше бөлімге біз "ерекше қорғалатын табиғи аумақгарды", "экологиялық апат аймақтарын" және "өндірістік және өзгеде шаруашылық қызметіне экологиялық талаптарды" жатқызамыз. Ерекше бөлім: жер құқығы, су құқығы, тау құқығы, орман құқығы, фауналық құқық, атмосфералық ауа құқығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық апат аймақтары, экологиялық шаруашылық қызметі. Сондай-ақ арнаулы бөлімді бөліп көрсеткен жөн, табиғатты халықаралық қорғау мәселелері карастырылады. Арнайы бөлім: халықаралық экологиялық құқық, Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастығы.