
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.6 Пәнннің қысқаша мазмұны:
- •Тәжрибелік сабақтардың тақырыптарының жоспары: тақырыбы, оқыту түрі, ұзақтағы. Осөж-ның тақырыптарының жоспары: тақырыбы, оқыту түрі, ұзақтағы
- •2.8 Сөж тапсырмалары:тақырыптары, оқыту түрі, ұзақтығы
- •Әдебиеттер:
- •Инфекциялық қызметті реттейтін қр дм-ң бұйрықтары
- •«051301-Жалпы медицина» мамандығының
- •4 Курс студенттеріне арналған жұқпалы аурулар пәні бойынша құзыреттілікті бағалау
- •Тәжірибелік сабақтар – максисмальді - 100 балл
- •Аралық бақылау
- •Сөж (максисмальді 100 балл)
- •Білімді бағалау критерийлері және шкаласы
- •Пән бойынша әріптік- балдық- рейтинг бағасы
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ СИЛЛАБУС |
СИЛЛАБУС
Пәні «Жұқпалы аурулар»
Мамандығы «051301 – Жалпы медицина»
Оқу сағаты: 42
Курсы - төртінші Семестрі – 7-8
Дәрістер – 6 сағат
Тәжрибелік сабақ - 11 сағат
ОСӨЖ-11сағат
СӨЖ – 14 сағат
Алматы, 2013
Силлабус жұмыс бағдарламасына сай өңделген.
Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
№ __1___ хаттама «_27_»__тамыз_____2013жыл
Жұқпалы және тропикалық аурулар
кафедрасының меңгерушісі, профессор Дуйсенова А.Қ.
1.Жалпы мәліметтер:
1.1 Жоғары оқу орнының аты: С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті
1.2 Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы
1.3 Пәні, пәнің коды: жұқпалы аурулар
1.4 Мамандығы: «051301 – Жалпы медицина»:
1.5 Оқу сағатының көлемі (кредиттер): 42 сағат
1.6 Курсы: төртінші, семестрі: 7-8
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:
№ |
Аты - жөні |
Ғылыми дәрежесі |
Атағы |
Қызықтыратын ғылым саласы |
|
|
|
1 |
Дуйсенова А.К. |
М.ғ.д.. |
Кафедра меңгерушісі |
Бруцеллез, зоонозды инфекциялар |
|
|
|
2 |
Сыздыков М.С. |
М.ғ.д.. |
Профессор |
Аса қауіпті инфекциялар |
|
|
|
3 |
Курманова К.Б. |
М.ғ.д.. |
Профессор |
Вирусты гепатиттер |
|
|
|
4 |
Шопаева Г.А. |
М.ғ.д.. |
Профессор қ.а. |
Вирусты гепатиттер |
|
|
|
5 |
Егембердиева Р.А. |
М.ғ.к. |
Профессор қ.а. |
Табиғи-ошақты трансмиссивті инфекциялар, геморрагиялық қызбалар |
|
|
|
6 |
Байекеева К.Т. |
М.ғ.к. |
Доцент |
Зоонозды инфекциялар, паразитті инвазиялар |
|
|
|
7 |
Оспанбекова Н.К. |
М.ғ.к. |
Доцент қ.а. |
Тері жабындыларының инфекциялары |
|
|
|
8 |
Сейдуллаева Л.Б. |
М.ғ.к. |
Доцент қ.а. |
Паразиттер және құртты инвазиялар |
|
|
|
9 |
Садыкова А.М. |
М.ғ.к. |
Доцент қ.а. |
Ішектің жедел инфекциялары |
|
|
|
10. |
Ергалиева А.А. |
- |
Ассистент |
Бруцеллез, жұқпалы аурулар кезіндегі шұғыл көмекті қажет ететін жағдайлар |
|
|
|
11. |
Байхожаева Р.Ж |
- |
Ассистент |
Ішектің жедел инфекциялары |
|
|
|
12 |
Умешова Л.А. |
- |
Ассистент |
Ішектің жедел инфекциялары |
|
|
|
13 |
Утаганов Б.К. |
- |
Ассистент |
Менингиттер |
|
|
|
14 |
Кашим Ж.К. |
- |
Ассистент |
Зоонозды инфекция |
|
|
|
15 |
Шокалакова А.К. |
- |
Ассистент |
Менингококковая инфекция |
|
|
|
1.8 Байланыс ақпараты:
Кафедраның мекен жайы: И.Жекенова атындағы ҚКЖА
Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 295
Телефоны:275-04-57
1.9 Пән саясатының мазмұнына оқу үрдісінің үзіксіз және бағытталған болуы және оның кометенцияға-бағытталған оқыту принциптеріне негізделуі жатады. Циклдің соңында студенттер «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша негізгі компетенттіліктің компоненттерін игеруге тиісті. Компетенттіліктің құрамына білім, дағдылар, коммуникативті дағдылар, құқықтық аспекттер, өзіндік білімді жетілдіру қабілеттері жатады. Компетенттіліктің игерілген компоненттері 100 баллдық рейтингтік жүйе бойынша бағаланады.
Мұғалімдердің студенттерге қойған талаптары жоғарғы оқу орнындағы жалпы шарттарға негізделеді:
1. барлық дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабаққа қатыспаған жағдайда рейтинг жүйесі бойынша 0 балл қойылады;
2. сабақтарға күнделікті дайындалып, оқу үрдісіне белсенді қатысу;
3. студет СӨЖ тізіміндегі тапсырмалардың барлығын талаптарға сай орындап, белгіленген мерзімде тапсыруға тиісті;
4. тәжірибелік сабақтарға қатыспаған және/немесе СӨЖ-ді белгіленген мерзімде тапсырмаған cтуденттер аралық бақылауға жіберілмейді;
5. пән бойынша 50 %-дан кем балл жинаған студенттер сынақтан өткізілмейді;
6. студенттер дәріске ақ халатта, ал тәжірибелік сабаққа арнайы киім: таза ақ халат, таза қалпақ, маска (дәкеден жасалған), өкшесі жоқ ауыстыратын аяқ-киім алып келуі керек;
7. тәжірибелік сабаққа санитарлық кітапшасына барлық мөрлері басылған студенттер ғана қатыса алады;
8.ауруханада санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау;
9. мұғалімдерге, клиниканың медицина жұмыскерлеріне және студенттерге силастыққпен карау;
10. егер келіспеушіліктер болса, кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісінің қатысуымен жағдайды шешу.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе: Қазіргі заманғы медицина жетістіктерінің, эпидемияға қарсы шараларды дұрыс орындаудың, жұқпалы ауруларды қадағалау мен бақылаудың жақсы жолға қойылуына байланысты, Қазақстан Республикасында көпеген инфекциялық аурулармен аурудың деңгейі төмендеген, сонымен қатар, жұқпалы аурулармен аурудың заңдылықтары мен аурулардың ағымы да өзгерген.
Жалпы 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дайындау, оқушылардың білімін жиі кездесетін жұқпалы ауруларға диагноз қоюға, дер кезінде ауруды анықтауға бағытталған аспаптық және лабораторлық зертеу тәсілдерін қолдануға, шипалы ем тағайындауға және инфекция ошағанда эпидемияға қарсы жұмыстарды жүргізуге бағытталған.
2.2 Пәннің мақсаты: жиі кездесетін жұқпалы ауруларға диагноз қоюға, емдеуге және алдын алу шараларын жүргізуге көмектесетін құзыреттілік-бағытты ескере отырып білім және тәжірибесін қалыптастыру.
2.3 Оқыту мақсатттары:
студенттерге диагноз қою, зерттеу және емдеу принциптерін жұқпалы аурулар клиникасында үйрету;
науқастармен араласу және оларға кеңес беру тәжрибесін жетілдіру.