
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік өңдеулер
- •Алматы 2013ж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •Бақылау: тесттік тапсырмалар, ситуациялық есептер. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс бакалавриат студенттеріне арналған тәжірибелік сабақ және осөж 1- ші күн хронометражы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. 5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •Бақылау: тесттік тапсырмалар, ситуациялық есептер. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс бакалавриат студенттеріне арналған тәжірибелік сабақ және осөж 2- ші күн хронометражы
- •2. Мақсаты: Студенттерді вирусты гепатиттердің ( в, с және д) ерте анықтауын, науқастарды дер кезінде емдеуге және алдын алу шараларды ұйымдастыруға үйрету.
- •3. Оқыту мәні: Вирусты гепатиттердің ( в, с және д) этиологиясымен, эпидемиологиясымен, патогенезімен, клиникасымен, диагностика, емдеу және алдын алу принциптерімен таныстыру.
- •Грипп және басқа жедел вирусты респираторлы инфекциялардың, этиологиясымен, эпидемиологиясымен, патогенезімен, клиникасымен, диагностика, емдеу және алдын алу принциптерімен таныстыру.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •Хронометражы
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
«051301 – Жалпы медицина» мамандығы
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік өңдеулер
Курс: 4
Пән: Жұқпалы аурулар
Құрастырғандар : Доцент. Оспанбекова Н.К.
Ассистент Умешова Л.А.
Алматы 2013ж
1. №1 сабақтың тақырыбы: Науқастарға қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Жұқпалы ауруханаға жатқызу ережелері мен тәртібі. Жұқпалы ауруы бар науқастарды курациялау ерекшеліктері. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы. Жұқпалы ауруларды зерттеу және емдеудің жалпы принциптері. Сальмонеллез. Дизентерияның этиологиясы мен эпидемиологиясы.
2. Мақсаты: Студенттерді жұқпалы ауруы бар науқастарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жұқпалы ауруханаға жатқызу ережелері мен жұқпалы аурулар ауруханасының тәртібімен, жұқпалы ауруы бар науқастарды курациялау ерекшеліктерімен таныстыру. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын, жұқпалы ауруларды зерттеу және емдеудің жалпы принциптерін талдау. Сальмонеллездің этиологиясы, эпидемиологиясы, диагноз қою әдістері, емі және алдын алу шараларын анықтау. Дизентерия этиологиясы мен эпидемиологиясымен анықтау.
Білім құзыреттілгі- 5 бағыт бойынша бағаланады.
3. Оқыту мәні: Студенттерді жұқпалы ауруы бар науқастары қарауды, нозологиялық түріне байланысты эпидемиологиялық анамнез жинауды, клиникалық және эпидемиологиялық түріне қарай отырып ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін анықтауды және амбулаторлық ем қабылдауына болатын көрсеткіштеріді ажыратуға мүмкіндік беретін білім қалыптастыру. Студенттерді анамнез жинау барысында (эпидемиологиялық, клиникалық, лабораторлық), маңызды ақпаратты жинауды, зерттеу әдістерін және емдеу принциптеріне, басқа жұқпалы аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізуге үйрету.
Инфекцияның түрін ескере отырып, науқасты зерттеудің тәжірибелік дағдысын қалыптастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Науқастарға қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Жұқпалы ауруханаға жатқызу ережелері және жұқпалы аурулар ауруханасының тәртібі.
3. Жұқпалы ауруы бар науқастардың курациялау ерекшеліктері.
4. Жұқпалы ауруларыдың эпидемиологиясы.
5.Жұқпалы ауруларыдың диагностикасы, емі және алдын алудың жалпы принциптері.
6. Сальмонеллездің этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары.
7. Алдын алу. Халық арасындағы санитарлық-ағарту жұмыстарын ролі.
8. Эпидемиологиялық ерекшеліктері: әртүрлі тағамдардың ішек инфекцияларын тудырудағы эпидемиологиялық фактор ретіндегі
9. Сальмонеллездің негізгі синдромдары, ерте пайда болатын клиникалық белгілері, ағымының ерекшеліктері
10. Салмонеллездің асқынуы
11. Сальмонеллезге диагноз қою әдістері
12. Дизентерияның этиологиясы мен эпидемиологиясы
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Тестік тапсырмаларды шешу, тақырыпқа сай науқастарды клиникалық талдау, кіші топтарда жұмыс істеу, презентацияларды көрсету.