
3.1 Тәжірибелік сабақтардың тақырыбы мен мазмұны
1 САБАҚ. Кіріспе. Техниканың даму тарихы. Металдар өңдеудегі 1860 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі негізгі басылымдылық метал кескіш станоктардың конструкцияларын жетілдіріп, ондағы өңделетін делальдардың қажетті пішіндік-өлшемдік дәлдіктеріне жету болды. Өңдеудің өзіндік құнын кесу жылдамдығын көтеру және кесу процесін автоматтандыру арқылы азайту, соңғы кезеңнің өзекті проблемасына айналып, қазіргі уақыттығы метал өңдеуді әрі қарай жетілдірудің негізгі қайнар көзі болып отыр.
Слесарлық шеберханалар. Слесардың жұмыс орны – верстак. Слесардың жұмыс орнында төмендегiдей жалпыға арналған аспаптар болуға тиiс: тұрпайы, жатық және барқыт (жалпақ, квадратты, үшжақты, жұмыр және жартылай жұмыр) егеулер, жұмыр соққышы бар слесарлық балғалар, мыс соққышы бар балға, мыс тескiш, слесарлық қашаулар, крейцмейсельдер және бородоктар, атауыздар немесе пассатижилер, тiстеуiктер, қол ара, кол араның полотносы (запастағы), iскенжелердiң ернiне арналған жапсырмалар, сомын кiлттер (жиыны), ажыратылмалы кiлттер, бұрауыштар, металлды метр (жиналмалы) немесе рулетка, штангенциркуль, кронциркуль, iшөлшегiш, бұрыштық, сызғыш, металл қылшақ. Бұйымдарды және дайындамаларды слесарлық өндеу кезiнде қысуүшiн iскенже қолданылады. Бұрама қыспағы бар слесарлықпараллельдi, бұрылмайтын және бұрылатын iскенжелердi ең көп қолданады. Тракторларды және автомобильдердi бөлшектеу және құрастыру кезiнде уақыттың жартысынажуығы сомындарды, бұрандамаларды және бұрамаларды бұрап шығаруға және бұрауға жұмсалады. Бұл жұмысты жиi қолмен жасайды. Осы үшiн әр-түрлi кiлттердi қолданады: сомын, топсалы, ашалы, ажыратылмалы, бүйiрлi және басқаларын. Керектi құралды (кiлттi) таңдай бiлу және дұрыс пайдалану өте маңызды. Оймакiлтек кертiгi бар бұрамаларды және бұрамашегелердi бұрауға және бұрап шығаруға бұрауыштар арналған. Қиындық келтiретiн жерлерде жұмыс iстеу үшiн арнайы құрылымды бұрауыштар жасап шығарылады. Көмекшi құралдарды қолданады – слесарлық бородоктар, тойтармаларға арналған қолдық жаншықтар, атауыздар.
2 САБАҚ. Дайындамалар және олардың түрлері. Машина жасауда дайындама деталіне жартылай фабрикат қабылданған, ол механикалық өңдеуге түседі. Нәтижесінде ол жинауға келетін жарамды детальға айналады. Дайындаманы таңдау. Тетіктерді өңдеу жолымен құру. Маршрутты құру көптеген мүмкін шешім нұсқаулардан, қиын тапсырмалардан тұрады. Оның мақсаты - детальды өңдеудің жалпы жоспарын беру, технологиялық үрдіс операциясының құрамын көрсету, технологиялық жабдық заттарының және қондырғы түрін көрсету болып табылады.
Кесу – тұтас үзiмдi (дайындаманы, тетiктi) бiрнеше бөлiкке бөлуге арналған слесарлық операция. Жоңқа алынбай iстеледi: тiстеуiктермен, қайшылармен, құбыркескiштермен және жоңқа алу арқылы: қол аралармен, аралармен, жонғыштармен және арнайы тәсiлдермен (газбен кесу, анодты-механикалық және электрұшқындық кесу, плазмамен кесу). Қол қайшылар жұмсақ азкөмiртектi қаңылтыр болатты, жездi, алюминийдi және басқа металлдарды кесуге арналған. Иiнтiректi қайшыларды қалыңдығы 5 мм дейiнгi қаңылтыр металлды кесуге қолданады. Арнайы жақтаушаларда (“станоктарда”) бекiтiлген қол араның полотносының көмегiмен кеседi. Металл кесетiн қол араның полотносын бекiтуге арналған станоктар (жақтаушалар) тұтас және қозғалмалы болады. Шабу – слесарлық операция. Қашаудың (шабу құралы) және балғаның (соғу құралы) көмегiмен дайындамадан немесе тетiктен металл қабатын алып тастайды, әртүрлi қалыпты тесiктердi және ойықтарды шабады, сызаттарды пiсiруге дайындайды, сондай-ақ тегiс еместiктi, қылауды, қатпарды кетiредi. Шабу технологиясы. Егеулеу – егеудiң көмегiмен бұйымның бетiнен металл қабатын алатын слесарлық операция. Егеулеудiң технологиясы.
3 САБАҚ. Материалдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу. Металдарды кесу деп, дайындамалардың өңделінетін беттеріне үшкір, қатты кескіш аспаптарды ендіріп, жұқа метал қатпарларын әдіпке түсіріп, кесіп тастау операцияларын айтады. Метал өңдеу практикасында кездесетін жұқа қаңылтырларды қию, қалың жұмыр дайындамаларды шауып тастау, шапқылармен қашау, ою, тесу операциялары да кесу үрдісіне жатады. Машина жасау өндірісіндегі «механикалық өңдеу» деген терминге жоңқа сылыну арқылы жүретін кесу операциясы кіреді. Механикалық өңдеуді, дайындамаларға қажетті пішін және нақтылы өлшем беру үшін жүргізеді. Осыған орай, ойлап табылған алғашқы токарлық станок ағаштан немесе сүйектен жасалған деталдарды жону үшін қолданылған. Машина жасау тәжірибесінде детальдарды бір–біріне қиылыстырып қондыру, оларды тек кесіп өңдеу арқылы іске асырылады. Бұранда тетiктердi бiр-бiрiмен бiрiктiруге және қозғалысты беруге қолданылады. Бекiтушi бұрандалар: метрикалық, дюймдi, құбырлы (цилиндрлiк және конустық). Қозғалыс беретiн бұрандалар: трапециалды, тiреуiштi, тiктөртбұрышты және бұрамдықты (модульдi). Бұрандалардың дәлдiк класстары және оларды өлшеу. Бұранданың дәлдiк дәрежесiн шектi бұрандалы мөлшерлегiштермен өлшейдi. Бұранданы екi тәсiлмен жасайды: бүрлеу арқылы – жоңқа алмай, қию – жоңқа алу арқылы. Белгiлеу туралы ұғым. Жасалынатын (немесе жөнделiнетiн) тетiктердi белгiлеу кезiнде келесi өндеудiң шекарасын анықтайтын сызықтар (сызықiздер және үңгiлдер) салынады. Мысалы, белгiлеу көмегiмен дайындамада бұрғыланатын орындарды, бұйымның қарамын белгiлейдi және с. ж. Белгiлеу үшiн белгiлеу тақтасы және арнайы құралдардың және жарақтардың жиыны болуға тиiс. Белгiлеу құралдары: штангенрейсмасс, сызғыштар, белгiлеу циркульдерi, нүктелегiштер.
4 САБАҚ. Ысқылау туралы ұғым. Ысқылау – арнайы ұнтақтар және майұнтақтар көмегiмен беттердi тазалай өндеудiң аса дәл тәсiлi. Цилиндрлiк, конустық және жалпақ беттердi ысқылайды. Ысқылаудың екi түрiн ажыратады: өзара – тiкелей жанасатын беттер (мысалы, клапандарды - өз ұяларына ысқылау) және аралық құралдың көмегiмен – ысқышпен (сыртқы және iшкi цилиндрлiк беттердi ысқылау). Ысқылау келесi жағдайда орындалуы мүмкiн: қолмен, механикалық және қол еңбегiнiң үйлесiмiмен және станоктарда механикалық түрде. Ысқыш материалдар ретiнде қолданатын материалдар: кажақ ұнтақтар, майлайтын және байланыстыратын заттар, майұнтақтар. Бiр орында бекiтiлген бұйымның сыртқы цилиндрлiк бетiн ысқышты алға және артқа қозғай отырып, бiр мезгiл де оңға және солға бұру арқылы қолмен ысқылайды. Өнiмдiлiктi арттыру үшiн жону және бұрғылау станоктарында, арнайы басшаларда және станоктарда ысқылайды. Бiрдей немесе ұқсас слесарлық жұмыстарды жиi орындағанда механикаландырылған слесарлық құралды қолдану технологиялық және экономикалық тұрғыдан тиiмдi. Механикаландырылған слесарлық құрал электрдерiлiнген және пневматикалық болады. Жаңа кәсiпорында немесе жаңа бөлiмде жұмысқа кiрiспей тұрып, слесарь қауiпсiздiк техникасынан мiндеттi түрде нұсқау алуы керек.
5 САБАҚ. Кесіп өңдеу үрдісінің альтернативті әдістері. Машина жасаудың бірнеше салаларының дамуы ең алдымен авиацияда, ракеталы, электронды техникаларда, аспап жасауда дәстүрлі әдістер арқылы өңдеу мүмкін емес материалдарды, сонымен бірге бізге белгілі әдістер арқылы өңдеу мүмкін емес ішкі және сыртқы беттерінің пішіндері күрделі бөлшектер (мысалы: қисықсызықты өстік тесіктер, қиылған жердің ені милиметрдің жүзден бір бөлігі болатын және т.с.с) қолдануды талап етті. Осы жерде өндіріске материалдарды өңдеудің электрофизикалық және электрохимиялық әдістері көмекке келді.
Машина жасауда беттік қабаттарды жеңілдетудің бірнеше әдістері кеңінен қолданылады. Жоғары жүктемеде жұмыс жасайтын бөлшектердің беттерін максималды экономикалы тиімді жиілікте өңдеу қажет. Бөлек операциялар, әсіресе қатты және төзімді материалдардан жасалған бөлшектерде төзімділіктің қажуының жоғарылауына әкеліп соғады.
6 САБАҚ. Металкескіш станоктарда өңдеу. Кесу теориясының негiзгi элементтерi. Кесу теориясының кинематикасы. Әртүрлi машиналарға және механизмдарға сапа жағынан жоғары талаптар қойылады, әсiресе сенiмдiлiк жағынан, бұл құрылымдардың жетiлдiруiлiне байланысты және едәуiр дәрежеде өндеу сапасына және мәшинелердi құрастыруға. Өнеркәсiпте кеңiнен қолданылатын өндеудiң технологиялық әдiстерiнiң классификациясына кесу арқылы өндеу (металлкесетiн станоктарда), пластикалық деформациялау, электрофизикалық, электрохимиялық және комбинацияланған әдiстерi кiредi.
Металлдарды кесу арқылы өндеу – бұл керектi геометриялық пiшiндi, өлшемдердiң дәлдiгiн, тетiктiң беттерiнiң кедiр-бұдырлығын және өзара орналасуын алу үшiн дайындаманың бетiнен металл қабатын жоңқа түрiнде кескiш аспаппен кесу процессi. Кесу арқылы өндеудiң әдiстерiнiң өздерi жүзiмен және кажақпен өндеуге бөлiнедi. Жүзiмен өндеуге жону, бұрғылау, сүргiлеу, жонғылау, тартажону, комбинацияланған әдiстерi жатады. Кажақ өндеу әдiстерiне ажарлау, жануыштау, әрлеу, ысқылау операциялары және комбинацияланған әдiстерi жатады. Әдiп - өндеу процессiнде алынатын материал қабаты (дайындаманы алуға қажет әдiп, механикалық өндеуге қажет әдiп). Материал дайындамадан жоңқа түрiнде алынады. Дайындамадан металл қабатын кесуүшiн кескiш аспапқа және дайындамаға қатысты қозғалыстар беру керек. Аспапты және дайындаманы осы қатысты қозғалыстарды беретiн станоктың жұмыс мәрiмдерiне орнатады және бекiтедi: айналдырықта, үстелде, револьверлiк бастиекте, магазинде және басқаларында. Станоктардың жұмыс мәрiмдерiнiң қозғалыстарын кесу, орнату және көмекшi қозғалыстарға бөледi. Дайындамадан металл қабатын кесудi қамтамасыз ететiн немесе дайындаманың өнделген бетiнiң жағдайының өзгеруiн шақыратын қозғалыстарды кесу қозғалыстары деп атайды. Кесу режимдерi: негiзгi қозғалыс жылдамдығы, берiс және кесу тереңдiгi.
7 САБАҚ. Жону станоктарында өңдеу және оның түрлері. Жону тобының станоктары айналу дене пiшiндi дайындамалардың беттерiн өндеуге арналған. Беттердiң сыртпiшiнiң құру технологиялық әдiсi дайындаманың айналмалы қозғалысымен және аспаптың (кескiштiң) iлгерiлемелi қозғалысымен сипатталады. Әмбебап жону-бұрамакескiш станоктарды тәжiрибе, шағын сериялы өндiрiс жағдайында шағын партиялы дайындамаларды өндеу үшiн кеңiнен қолданылады. Сериялы өндiрiсте бағдарламалы басқарылатын жону-бұрамакескiш, револьверлi және айналма үстелдi станоктар кеңiнен пайдалынады. Жону тобы станоктарында өнделiнетiн беттердiң түрлерiнiң алуан түрлiлiгi жонғы кескiштердiң көп түрiн жасауға әкелдi. Кескiштердiң классификациясының негiзгi ұстанымы болып олардың технологиялық арналуы табылады. Кескiштердiң бiрнеше түрлерiн ажыратады: өтпелi, өтпелi және тiрелмелi кеңейжоңғы, қиғыш, бұрандакескiш, сұлбалы, кертiк кескiш, ойыңылау және басқалары. Өндеу сипатына қарай кескiштердi қаралтым, жартылай таза және тазалай, берiс бағытына қарай – оңға және солға берiлетiндерге бөледi.
8 САБАҚ. Жону станогында өнделiнетiн дайындаманы орнату және бекiту, станоктың түрiне, өнделiнетiн беттiң түрiне, дайындаманың сипаттамасына (дайындаманың ұзындығының диаметрiне қатынасы), өнделу дәлдiгiне және басқа себептерге байланысты болады. Жону-бұрамакескiш станоктарда дайындамаларды бекiту үшiн өзi центрленетiн үш жұдырықшалы қысқыларды кеңiнен пайдалынады. d/l=5-10 қатынасы болған жағдайда дайындаманы центрлерге орнатады, ал бұрау моментiн айналдырықтан дайындамаға беру үшiн жетектi қысқыны және қамытшаны пайдалынады. Тiреуiш центрлердi ұзақ тұрақтылығын арттыратын қаттықорытпалы ұштықтармен жасайды. Шариктi центрлердi дайындаманың конустық беттерiн артқы тұғырды көлденең бағытта ығыстыру әдiсiмен жону кезiнде пайдалынады, ал қайтымды центрлердi – диаметрлерi шағын дайындамаларды өндеу кезiнде. Дайындаманы центрлерге орнатып, оған бұрау моментiн станоктың айналдырығынан беру үшiн жетектi қысқыны және қамытшаны пайдалынады. Төлке, балдақ және стақан тәрiздес дайындамаларды орнату үшiн кеңiнен қолданады: конустық құралбiлiкте дайындама жанасу беттерiнде үйкелiс күшiмен тежелiп тұрады; босанды серпiмдi элементтерi бар цангалы құралбiлiктер, гидропласмассалы серпiмдi құралбiлiктер, бүктеленген төлкелерi, табақшалы серiппесi бар және с. ж. Жону-револьверлi станоктарда, жартылай автоматтарда және автоматтарда шыбық тәрiздес дайындамаларды бекiту үшiн цангалық қысқыларды пайдалынады.
9 САБАҚ. Жону станоктарында беттердi өндеу әлде бойлық берiспен, әлде көлденең берiспен жүргiзiледi. Өндеудi жоғары өнiмдiлiктi қамтамасыз ететiн көпжүздi аспаппен жүргiзедi. Бұрғылау станоктары үшiн айналмалы негiзгi қозғалыс және iлгерiлемелi берiс қозғалысы тән. Екi қозғалысты да аспап iске асырады. Бұрғылау станоктарының түрлерi және олардың арналуы. Вертикаль-бұрғылайтын станоктарды бiрнеше типтiк өлшемге бөледi. Шағын бұрғылау станоктары диаметрi 12 мм дейiнгi тесiктердi бұрғылауға мүмкiндiк бередi. Iрi вертикаль-бұрғылайтын станоктарда диаметрi 100 мм дейiнгi тесiктердi бұрғылайды. Бұрғылау станоктарында иiнтiрек, кронштейн, шкив тәрiздi және басқа дайындамаларды өндейдi. Жеке және шағын сериялы өндiрiсте сандық бағдарламалы басқарылатын (СББ) вертикаль-бұрғылайтын және радиал-бұрғылайтын станоктар кеңiнен қолданылады. Тетiктердi бұрғылау станокттарында өндеу үшiн бұрғыларды, үңгiлердi, ұңғылағыштарды және комбинацияланған аспаптарды қолданады. Бұрғыларды құрылымы бойынша спиральдi, центрлейтiн және арнайыларға бөледi. Үңгiлердi құю, соғу немесе бұрғылау кезiнде пайда болған тесiктердi өндеу үшiн қолданады, арналуы бойынша және құрылымы бойынша ажыратады. Ұңғылағыштар – тесiктердi бiржолата өндеуге арналған көпжүздi аспап. Бұрандаойғыштар iшкi бұранданы қиюға арналған және өзi тiк немесе бұрама бунақтар кертiп кесiлген бұрама тәрiздес болады. Бұрандаойғышты арнайы қысқыда бекiтедi.
10 САБАҚ. Жонғылау жұмыстары және станоктардың түрлері. Жонғылау – бұл көпжүздi кескiш аспаппен (жонғыштармен) тетiктердiң беттерiнiң сыртпiшiнiң құрудың жоғары өнiмдiлiктi әдiсi. Жонғылау үшiн аспаптың үздiксiз негiзгi айналмалы қозғалысы тән. Кейбiр жағдайларда дайындама шеңберлi немесе бұрамалы берiс қозғалысын жасайды. Өнделiнетiң беттiң және пайдалынатын жабдықтың түрiне қарай жонғылау кезiнде әр түрлi жонғыштарды қолданады. Бiржақты цилиндрлi және дөңгелекше жонғыштардың кесу жиектерi сыртқы бетiнде орналасқан. Екiжақты дөңгелекше, бұрыштықты, түпбеттi саптама, саусақты және кiлтек жонғыштардың кесу тiстерi сыртқы цилиндрлiк бетте және түпбеттiң бiреуiнде орналасады. Үшжақты дөңгелекше жонғыштардың кесу тiстерi түпбеттiң екеуiнде және сыртқы цилиндрлiк бетте орналасады. Жонғыштардың әрбiр түрiнiң әртүрлi құрылымдық жасалу түрi болуы мүмкiн.
Дайындамаларды әмбебап жоңғылау станоктарында өндеу. Дайындаманы өндеу үшiн станоктың үстелiне орнатады және бекiтедi. Өндiрiс мөлшерi шағын болған жағдайда әмбебап қондырғыларды қолданады (машиналық iскенжелер, басатын тақтайшалар және с. ж.). Белгiлi тетiктi жаппай өндiру кезiнде, оны арнайы қондырғыда бекiтедi. Дайындаманы горизонталь-жонғылайтын станокта өндеу кезiнде бойлық берiстi пайдалынады. Көлденең және вертикальдi берiстi сирек пайдалынады. Вертикаль-жонғылайтын станокта өнделiнетiн беттiң кеңiстiкте орналасуына қарай бойлық және көлденең берiстердi пайдалынады. Беттердi горизонталь және вертикаль-жоңғылайтын станоктарда өндеу сұлбалары. Горизонталь-жоңғылайтын станокта тiк жазықтықтарды түпбеттi саптама жонғыштармен немесе жонғыш бастиектермен жонғылайды, ал вертикаль-жоңғылайтын станокта – саусақты жонғышпен. Горизонталь-жоңғылайтын станокта горизонтальдi жазықтықтарды цилиндрлiк жонғыштармен өндейдi және вертикаль-жоңғылайтын станокта – түпбеттi саптама жонғыштармен. Горизонтальдi жазықтықтарды жиi түпбеттi саптама жонғыштармен өндейдi. Жонғыштар қатанды бекiтiледi және бiрқалыпты дiрiлсiз өндеудi қамтамасыз етедi. Қисықсызықты құраушысы және түзусызықты бағыттаушысы бар сұлбалы беттердi горизонталь-жоңғылайтын станокта сұлбалы жонғыштармен өндеген ыңғайлы.
11 САБАҚ. Дайындамаларды ажарлау станоктарында өндеу. Ажарлау көмегiмен жоғары дәлдiгi бар тетiктердi таза және тазалай өндеуге болады. Әр түрлi материалдардан жасалған дайындамаларды өндеуге болады, ал шынықтырылған болаттардан жасалған дайындамалар үшiн ажарлау кең тараған сыртпiшiн құру тәсiлдерiнiң бiрi болады. Ажарлағыш шарықтастың көмегiмен, кесу арқылы дайындамаларды өндеу процессiн ажарлау деп атайды. Дөңгелете ажарлайтын станоктарды қарапайым, әмбебап және кiрекесетiндерге бөлуге болады. Ажарлау станоктарында дайындамаларды бекiту ажарлау әдiсiне байланысты. Дөңгелете ажарлайтын станоктарда ажарлау алдыңғы және артқы тұғырларда орналасқан центрлерде жүргiзiледi. Өндеу дәлдiгiн арттыру үшiн центрлер айналмайды. Дайындаманың дөңгелек берiсiн айналмалы үстелмен iске қосылатын жетектеме құрылғы (жетектеме және қамытша) қамтамасыз етедi. Сондай-ақ дайындамалардың жұдырықшалы қысқыларда консольдi бекiтiлуi мүмкiн. Қатанды емес тетiктердi ажарлау кезiнде сүйеуiштердi қолданады. Кажақ кесушi аспаптарды геометриялық пiшiнi және өлшемi бойынша, кажақ материалдың түрiне қарай, түйiршiктiлiгiне қарай, бiрiктiрмесiне қарай, қаттылығына қарай және құрылымына қарай ажыратады. Кажақ аспаптың қаттылығы деп бiрiктiрменiң сыртқы күштердiң әсерiнен аспаптың жұмыс бетiнен кажақ түйiршiктерiн жұлуға қарсыласу қабiлетiн түсiнедi.
12 САБАҚ. Машина жасау технолгиясы – ғылымы. Машина жасау технологиясы – арзан бағада, адам еңбегінің аз шығынында, өндіріспен берілген бағдарлама мөлшерінде, берілген уақытта талап етілген сапада машина дайындау туралы ғылым. Стандарт бойынша технологиялық үрдістің екі түрі қабылданған: бірлік және унифицирленген. Олар әртүрлі бұйымдарға және өндірістің әртүрлі түрлері үшін өндіріледі. Бірлік технологиялық үрдіс деп – бір ұйымды дайындаудағы атаулары, түрпішіні және орындалуын атауға болады. Бірыңғайлау технологиялық үрдістеріне бұйымдар тобына анықталған жалпы белгілер өңдеуі жатады. Олардың базалық өңделуі алдын ала класификация бұйымның тізбектілік топталуы жатады. Бірыңғайлау технологиялық үрдістеріне көптеген қызметтеуші бұйымдардың технологиялық үрдістерін талдау негізінде, топтамалар кіретін және олардың нақты шарттардағы рационалдық санын шектеуші көрсеткіштерін жоюды қамтудан жасалған. Бірыңғайланған технологиялық үрдістер өз кезегінде түрлік және топтық бөліктерге бөлінеді. Түрлік техникалық үрдістер дегеніміз – конструкторлық технологияның негізгі белгілерін біріктіретін бұйымдар тобын өңдеу жатады және көптеген технологиялық операция тізбегі немесе сипатымен ерекшеленеді.
Топтық технологиялық үрдіс түрліктен ол топтық бұйымның кең номенклатурасымен өңделуімен конструктивті бірлік белгілерімен ерекшеленеді. Олар технологиялық белгілердің топтарын біріктіреді, біріккен өңдеулерді келесі операция технологиясы жатады.
13 САБАҚ. Бiрiктiрiлетiн бөлiктердi қыздыру және (немесе) пластикалық деформациялау кезiнде, олардың арасында атомаралық байланыстарды орнату арқылы, ажыратылмайтын қосылыстарды алу процессiн пiсiру деп атайды. Екi металл беттердiң атомдары арасында берiк байланыстар осы беттер жанасқан кезде пайда болады. Осы беттердi атомаралық өзара әсерiнiң электромагниттiк күштерiнiң әрекет жасайтын қашықтыққа дейiн жақындату қажет. Бiрiктiрiлетiн беттердiң атомдары арасында берiк байланыстар пайда болу үшiн жағдайларды қамтамасыз ету мүмкiн, егер қосылыс аумағына энергия енгiзсе. Қосылыс аумағына енгiзiлетiн энергияны активтендiру энергиясы деп атайды. Оның әсерiнен беттер пластикалы деформациялынады немесе балқытпаауланады. Пiсiрудiң барлық тәсiлдерiнде жылу (қыздыру) немесе механикалық (қысым) активтендiру энергиясын немесе олардың теруiн пайдаланады, сондықтан пiсiрудiң барлық тәсiлдерiн үш топқа бөледi: термиялық, механикалық және термомеханикалық. Активтендiру энергиясының түрiне байланысты және қосылыс аумағындағы металл күйiне қарай пiсiрудiң барлық түрлерiн екi топқа бөлуге болады: қысумен пiсiру және балқыта пiсiру. Пiсiрме қосылыс – бұл тетiктердi пiсiру нәтижесiнде алынған ажыратылмайтын қосылыс. Пiсiрме жiк – пiсiру шомылығының металлының кристаллдануының нәтижесiнде пайда болған пiсiрме қосылыстың бөлiгi. Пiсiрме қосылыстар түйiстi, бұрышты, таврлы және айқасатын болуы мүмкiн. Пiсiру жiктерiн қосылыс түрiне байланысты түйiстiк (түйiстi қосылыстарда) және бұрыштық (бұрышты, таврлы және айқасатын қосылыстарда) жiктерге бөледi. Кеңiстiктегi құрама пiшiнi бойынша түзусызықты, қисықсызықты (фасонды), дөңгелектi және балдақты жiктердi айырады. Арналуына қарай: жұмысшы жiктер – пайдаланатын жүктемелердi қабылдайтын; бiрiктiретiн жiктер – тетiктердi керектi орнында орнықтыру үшiн; және аздап астынан пiсiру жiктерi – жиектiң керi бетiне, оны негiзгi жiкпен толтырмай тұрып жапсырады. Пiсiру жiктерi бiрқабатты және көпқабатты, бiржақты және екiжақты болуы мүмкiн. Пiсiрме қосылыстардың және жiктердiң түрлерi, олардың өлшемдерi және сызбалардағы белгiленуi мемлекеттiк стандарттармен ережеленген.
14 САБАҚ. Электр доғасы – бұл электр тоғының ерекше өткiзгiшi. Металл өткiзгiш сымдарға қарағанда доға өткiзгiш ретiнде өзiнiң көлемiнiң барлық ұзындығында газдың бейтарап атомдарымен бiрге электрлiк зарядталған бөлшектердi (электрондарды және иондарды) ұстайтын газдық арна болады. Кез келген жағдайларда дамыған электр разрядының соңғы пiшiнiң электр доғасы деп есептеген, егерде газ арқылы өтетiн тоқтын күшi 0,1А көп болса. Өткiзетiн арнаның температурасына байланысты доғалы разрядтарды термиялықтарға (бұндай разрядтардың температурасы бiрнеше ондаған мың градусқа Цельсий бойынша жетуi мүмкiн) және температурасы бөлменiкiнен аз ғана асатын термиялық еместерге бөледi. Пiсiру үшiн пайдалынатын доғалы термиялық разрядты пiсiру доғасы деп атайды. Пiсiру доғасының технологиялық ерекшелiктерi. Пiсiру доғасы доғалы разрядтың барлықтай да электр энергиясы түрленетiн қуатты концентрацияланған жылу көзi болады. Пiсiру доғасының қорек көзi (ҚК) деп доғаның қажеттi тегiң және тоқ күшiн қамтамасыз ететiн құрылғыны атайды. Пiсiру тiзбегiнде тоқтың тегiне қарай айналмалы тоқтың көздерiн – бiрфазалы және үшфазалы пiсiру трансформаторларын, алюминий қорытпаларын пiсiруге арналған арнайыландырылған қондырғыларды, ал сондай-ақ тұрақты тоқтың көздерiн – пiсiру түзеткiштерiн және әр түрлi жетектерi бар генераторларды ажыратады. Қызмет көрсету орындарының саны бойынша бiрорынды және көпорынды, ал қолдануы бойынша – жалпы өндiрiстiк және арнайыландырылған қорек көздерi болуы мүмкiн. Орындалатын жұмыстардың түрiне, бұйымның өлшемдерiне және өндiрiс түрiне байланысты пiсiрушiнiң жұмыс орны әр түрлi ұйымдастырылуы мүмкiн. Бұл стационарлық пiсiру кабинасы немесе уақытша пiсiру орны болуы мүмкiн.
15 САБАҚ. Доғалы пiсiруге арналған электрод – бұл бетiне арнайы қаптама жағылған металл өзек. Металл өзектiң және электрод қаптамасының құрамы пiсiрме жiгiнiң құрамына, қасиеттерiне және доғаның жануына әсер етедi. Қолдық доғалы пiсiру кезiнде барлық металлургиялық үрдiстер электрод тамшысында және пiсiру шомылығында өтедi. МЕСТ 9466-75 сәйкес электродтар арналуына қарай, әрiптермен белгiленетiн класстарға бөлiнедi: У – көмiртегiлiлердi пiсiру үшiн, Л – легiрленген құрылымдықтарды, Т – легiрленген жылутұрақтыларды, В – ерекше қасиеттерi бар жоғары легiрленген болаттарды, К - әр түрлi қасиеттерi бар беттiк қабаттарды балқытып қаптастыру үшiн. Тарихи бiрiншi болып темiр және марганец тотықтарының негiзiнде қышқыл қаптамалы және құрамында мәрмәр және плавиктi шпат бар негiзгi қаптамалы электродтар пайда болды. Қолдық доғалы пiсiру үшiн жиектердi дайындауды газдық кескiштермен немесе қолдық металл өндейтiн құралдың көмегiмен жүргiзедi.
Қазіргі заманғы инженер өзі шығармашылығынан басқа жағдайларда экологиялық сана, экологиялық құқықпен басқару керек. Экология - өсімдік пен жануарлар организмдерімен өзара және олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасының жиынтығы туралы ғылым. Экологиялық құқық – мемлекеттің құқықтық жүйесінің құрамдық бөлігі – түрлі табиғатты тұтынушылардың заңды құқықтарын, қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен табиғи ресурстарды рациональды пайдалану бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды нормалардың өзара байланысты “өзара тәуелді жүйелер мен адамның қоршаған ортаны оқу” өндіру, сақтау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар жүйесі.