Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I.7. АҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖАДЫҒАТТАРЫ ҚОРТЫНДЫ БІЛІМІН...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

5. Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ.

72. Пародонт қабынуының орташа дәрежесінің рентгенологиялық ерекшелігі болып табылады:

1. Қалқанның шыңында және бүйір бөлігінде сүйек қабының болмауы, мойын аймағында

периодонт кеңістігінің кеңеюі, альвеоларалық қалқанның ұзындығының 1/3 дейін резорбциясы;

2. Альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің ұзындығының 2/3 бөлігіне дейін жойылуы;

3.Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/3 бөлігінің резорбциясы;

4. +Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/2 бөлігінің төмендеуі;

5. Альвеола аралық сүйек өзгерістер жоқ.

73. Пародонт қабынуының ауыр дәрежесінің ауырлығының рентгенологиялық ерекшелігі болып табылады:

1. Қалқанның шыңында және бүйір бөлігінде сүйек қабының болмауы, мойын аймағында

периодонт кеңістігінің кеңеюі, альвеоларалық қалқанның ұзындығының 1/3 дейін резорбциясы;

2. +Альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің ұзындығының 2/3 бөлігіне дейін жойылуы;

3. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/3 бөлігінің резорбциясы;

4. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/2 бөлігінің төмендеуі;

5. Альвеола аралық сүйек өзгерістер жоқ.

74. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы бар жасөспірімнің нақтамасын қою үшін қандай зертеу жүргізу керек:

1.+Рентгенге түсіру;

2. Жалпы қан анализі;

3. Гигиеналық индекс;

4. Цитологиялық зерттеу;

5. Бактриологиялық зерттеу.

75. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы пародонт қабынуының НЕҒҰРЛЫМ объективті клиникалық белгісі болып табылады?

1.+Пародонт қалтасы;

2. Қызылиектің қызаруы;

3. Қызылиектің өсіп кетуі;

4. Қызылиектің қанағыштығы;

5. Аузынан жағымсыз иістің шығуы.

76. Бала 15 жаста. Мектепте қарап тексергенде пародонт қабынуы деген нақтама қойылды. Осы ауруға сипаттама беріңіз:

1. Ісік тәрізді үрдіс;

2. Идиопатиялық үрдіс;

3. Қызылиектің қабыну ауруы;

4. Қабыну-дистрофиялық үрдіс;

5.+Қабыну-деструкциялық үрдіс.

77. 13 жастағы бала тістерін тазалағанда қызылиегінің тез қанайтынына, аузынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиектің шырышты қабаты, қызылиектің емізікшелері ісінген, қызарған, тістерге тығыз жабыспайды, қызылиек астылық және қызылиек үстілік тіс шөгінділері бар, пародонт қалталарының тереңдігі 5 мм дейін жетеді. Тістердің II дәрежелі қозғалғыштығы анықталды. Нақтама қойыңыз:

1. Ошақты пародонт қабынуы;

2.+Жайылмалы пародонт қабынуы;

3. Созылмалы қызылиектің өсе қабынуы;

4. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

5. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы.

78. Бала 14 жаста. Қызылиегінің ауруына, тағам қабылдағанда ауру сезіміне шағымданады. Мазалап жүргеніне 2 жыл болды. Объективті: 4.3, 4.2, 4.1, 3.1, 3.2, 3.3 тістердің қызылиек жиегі қызарған, ісінген, қызылиек үстілік тіс шөгінділері бар. 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістерде іріңге толы 3 мм тереңдікте пародонт қалталары бар. Тістер I дәрежеді қозғалады. Нақтама қойыңыз:

1. Ошақты қызылиектің өсе қабынуы;

2. Ошақты пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі.

79. Бала 15 жаста. Тістердің қозғалғыштығына, қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Объективті: қызылиек жиегі қызарған, оңай қанайды, жалқыққа толған 3.6-да 5 мм-ге дейін пародонт қалтасы, тіс қақтары бар, тістер ІІ дәрежеді қозғалады. Дұрыс нақтаманы таңдаңыз:

1. Ойық-жаралы қызылиектің қабынуы;

2. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

3. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі;

4. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

5.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі.

80. Бала 12 жаста. Қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Мазалап жүргеніне 1 жыл болды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызылиектерінің жиегі қызарған, ісінген, пародонт қалталары 3,5 мм дейін. Рентгенограммада: тісаралық қалқанның компактты пластинкасы борпылдақ. Нақтама қойыңыз.

1. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі;

2. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт орташа дәрежесі.

81. Балалардың пародонт қабынуының рентгенологиялық бастапқы белгілерін көрсетіңіз:

1. Сүйек тінінің деструкциясы;

2. Периодонт саңылауының кеңеюі;

3. Сүйек патологиялық қалтасының түзілуі;

4. Тісаралық қалқанның биіктігінің төмендеуі;

5.+Тіс аралық қалқанның шыңында кортикальды пластинканың жойылуы.

82. Пародонттың қай ауруында рентгенограммада тістердің мойын аймағында периодонт саңылауы, орталық тістердің аймағында, тіс аралық қалқандарда остеопороздың пайда болуы анықталады:

1. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

2. Қызылиектің атрофиялық қабынуы;

3. Жайылмалы пародонт қабынуы;

4.+Ошақты пародонт қабынуы;

5. Қызылиектің өсе қабынуы.

83. 13 жастағы бала тіс дәрігерінің кеңесіне жіберілген. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі деген нақтама қойылды. Пародонттың қан тамырлары өткізгіштігін қандай әдіспен анықтауға болады?

1. Айнамо сынамасы;

2.+Кулаженко сынамасы;

3. Ясиновский сынамасы;

4. Шиллер-Писарев сынамасы;

5. Эпителийдің бүтіндігінің сынамасы.

84. Пародонт қабынуы кезінде шағымдар қандай болады?

1. Тез ауырады, қызылиегінің күю сезімі, әсіресе тағам қабылдағанда, сөйлегенде, аузынан

жағымсыз иістің шығуы, жалпы әлсіздік, температурасының жоғарылауы;

2. Қызылиегінің қанағыштығы, шайнағанда ұлғая түсетін ауру сезімі;

3. Қатты тағамды тістегенде және шайнағанда, тістерін тазалағанда, қызылиектің қанағыштығы,

жағымсыз сезімдер, қызылиекте ауырлық сезімі. Кейде осы сезімдердің өршуі;

4. Қызылиектің қалыңдауы және тістің сауыт бөлігінің қысқаруы, тағам қабылдағанда жағымсыз

сезімдер;

5.+Қызылиектің қанағыштығы, тістердің қозғалғыштығы, кейде қызылиектің астынан іріңнің

шығуы.

85. 16 жастағы жасөспірімге созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы деген болжам нақтама қойылды. Нақтаманы нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген дұрыс:

1. Полярография;

2. Серологиялық;

3. Бактериологиялық;

4. Жалпы қан анализі, ЭТЖ анықтау;

5.+Пародонт қалталарының тереңдігін анықтау, рентгенография.

86. Пародонт қабынуын емдеудің маңызы неде?

1. Арнайы емді қажет етпейді;

2.+Тіс шөгінділерін, грануляцияларды алу, жұмсақ және қатты тіндеріндегі қабыну үрдісінің

ликвидациясы, ағзаның резистенттілігін жоғарылатуға бағытталған шараларды жүргізу;

3. Ауыз қуысының микрофлорасына әсер ететін тітіркендіретін (себепші) факторларды жою;

4. Жарақаттауша факторларды жою, қызылиектің склеротизация немесе қажет болса қызылиек

тінін тілу, эндокринді бездердің қызметін қалыпқа келтіру;

5. Тіс шөгінділерін және өліеттенген тіндерді алу, патогенді микрофлораны басу, қабынудың

ликвидациясы, эпителизацияға әсер ететін шараларды қолдану

87. 14 жастағы балаға созылмалы ошақты пародонт қабынуының өршуі деген нақтама қойылды 1.6 және 1.7 тістердің аймағында іріңді бөлінісі бар 4-5 мм пародонт қалталары бар. Осы тістердің аймағына қандай жергілікті емді қолданған тиімді?