Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I.7. АҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖАДЫҒАТТАРЫ ҚОРТЫНДЫ БІЛІМІН...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

5. Серологиялық.

Тема № 21 «Балалардың жақ – бет аймағының абсцесстері және флегмоналары. Клиникалық ағымының ерекшелігі, емі және нәтижесі».

826. Жақ-бет аймағы хирургиясының қабылдау бөліміне, ата-анасымен бірге 8 айлық бала дене қызуынын 38.5°С. көтерілгеніне шағымданып келді.Бала мазасыз; мойын бүйір бетінде жайылған, ауру сезімі бар инфильтрат анықталды, терісі гиперемияланған. Нақтамасы: мойынның бүйір бетінің аденофлегмонасы.

Төменде келтірілген ем әдістерінің ішінде ең қолайлысы?

1. Антибактериальды және гипосенсибилиздеуші ем тағайындау

2.+Госпитализацияға тағайындау,наркоз арқылы ошақты дренаждау, медикаментозды ем жүргізу

3. Тұрғылықты жері бойынша педиатрда бақылануды және емделуді тағайындау

4. Құрғақ жылуды тағайындау, антисептикалық ерітінділермен ауыз қуысын және жұтқыншақты

ирригациялау

5. Физиоем тағайындау және жылытқыш компресстер

827. 7 жасар баланы қарап тексергеннен кейін нақтама қойылды: 7.5 тістің созылмалы периодонт қабынуының өршуі, жақасты аймағының сол жағындағы жедел іріңді лимфадениті.

Науқасты емдеу әдістерінің ішінде ең қолайлысы?

1. Физиотерапиялық ем

2. 7.5 тісті эндодонтиялық емдеу

3. Лимфатүйінді пункциялау, интранодулярлы антибиотик жіберу

4. 7.5 тісті жұлу, жақасты аймағына қыздырушы компресстерді қою

5.+7.5 тісті жұлу, іріңді ошақты дренаждау, медикаментозды ем

828. Мектепалды балаларда, қандай тістері жедел одонтогенді қабыну үрдісіне алып келеді?

1.+Бірінші уақытша азу тіс

2. Бірінші тұрақты азу тіс

3. Екінші уақытша азу тіс

4. Уақытша күрек тіс

3. Уақытша сүйір тіс

829. Кіші жастағы балаларда, төменгі жақасты аймағының жедел лимфаденитінің себебі?

1.+Жедел респираторлы инфекция және ҚМТ-ағзаларының созылмалы патологиясы

2. Шықшыт буынының созылмалы артриті

3. Бастың шаш бөлігінің атеромасы

4. Созылмалы пародонт қабынуы

5. Асқынған тісжегі

830. Жақ-бет аймағы хирургиясына, 3-жасар баланы анасы алып келді. Қарап тексергенде, мойынның бүйір бөлігінде тығыз, ауру сезімі бар инфильтрат, айналасындағы терісі ісінген, гиперемияланған. Анасының айтуы бойынша, көрсетілген аймақта туылғаннан бері ісік тәрізді түзілім болған.

Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде ең қолайлы?

1.+Мойынның бүйір бөлігінің іріңдеген кистасы

2. Созылмалы лимфаденит

3. Мойын лимфангиомасы

4. Лимфогранулематоз

5. Жедел лимфаденит

831. Флегмонаның қандай локализациясында жұту функциясының бұзылысы пайда болады?

1. Бет

2. Ұрт

3. Самай

4. Құлақмаңы

5.+Ауыз қуысы түбі

832. Жедел іріңді лимфаденитті рациональды емес емдегенде, балада қандай ауыр асқыну пайда болуы мүмкін?

1. Жедел одонтогенді остеомиелит

2. Созылмалы лимфаденит

3.+Аденофлегмона

4. Лимфангоит

5. Целлюлит

833. Төменде келтірілген ем әдістерінің ішінде қайсысы, интранодулярлы және паренхиматозды лимфаденитті салыстырмалы нақтамалауға мүмкіндік береді?

1. Компьютерлі томография

2. Шолу рентгенографиясы

3.+Контрастты сиалография

4. Термовизиография

5. УЗИ

834. Төменде келтірілген жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну инфильтратының клиникалық ерекшеліктерінің қайсысы балаларға қатысты?

1.+Таралуына және атипизмге беталыс

2. Тіңдердің іріңді еруіне беталыс

3. Шектелуіне беталыс

4. Сорылуына беталыс

5. Некрозға беталыс

835. Балалардағы таңдайдың абсцессін дренаждаудың хирургиялық әдісі?

1.+Таңдайдың сүйекқабын шырышты қабықпен бірге жартылай кесу

2. Таңдайда шырышты қабат-сүйекқабы қиындысын қалыптастыру

3. Таңдайдағы іріңді ошақтан іріңді сорып алу

4. Таңдай сүйегінің остеоперфорациясы

5. Сызықты тілік

836. 5-жасар қыз, 5 күн бұрын ауруханаға төменгі жақасты флегмонасы бойынша жатқызылды және операция жасалды. Клиникадан шығару алдында, гранулденген жара анықталды.

Хирургтың қандай тактикасы гипертрофиялық тыртықтың пайда болуын алдын-алуға мүмкін?

1. Грануляциялық тіңдерді толық алу және жараға жақпа таңбасын қою

2.+Жараны екіншілік хирургиялық өңдеу және косметикалық тігіс салу

3. Күнделікті жараға кератопластикалық жақпасы бар таңба қою

4. Гранулденген жараға еркін тері пластикасын жасау

5. Күнделікті жараға УФО-ем қолдану

837. Балалардағы жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну үрдістерінің клиникалық ерекшелігіне жатпайтын белгі?

1. Үрдістің таралуына беталыс

2.+Қабыну үрдісінің баяу дамуы

3. Басы айқын және үрдістің тез дамуы

4. Ағзаның айқындалған жалпы реакциясы

5. Үрдістің бір формадан екінші формаға тез ауысуы

838. Клиникаға 9 жасар бала, ауыр жағдайда беттің бір бөлігінің және басының жайылған қабынуымен түсті. Ауру 3.6 тісінің созылмалы периодонт қабынуының өршуін емдеуден кейін 1 аптадан кейін басталған.

Клиникалық ағымына байланысты, бұл аурудың қоздырушы инфекциясы қандай?

1. Ішек инфекциясы

2. Аэробты инфекция

3.+Анаэробты инфекция

4. Стафилококкты инфекция

5. Дрожжетәрізді саңырауқұлақ

839. Қабылдау бөліміне 13 жасар балада жақ-бет аймағының флегмонасына күмәндану болды. Қарап тексергенде, бала боз, жұтынған кезде және аузын ашқанда ауру сезімі бар, әлсіз. Жақасты және төменгі жақасты аймағы тіңдерде сол жағында ісіну бар, орталық күрек тіс арасында аузын ашу 1 см дейін.

Қабыну үрдісінің мүмкін болатын локализациясы?

1. Жақарты аймағы

2. Самайасты аймағы

3. Шайнауасты кеңістік

4. Төменгі жақасты аймағы

5.+Қанат-төменгі жақасты кеңістігі

840. Емханаға 8-жасар бала келді. Қарап тексергенде,құлақмаңы және төменгі жақасты аймақтың екі жағынан жұмсақ тіңдердің домбығуы анықталды, терісі гиперемияланған, кернелген. Ауырғанына 3 күн болды, баланың жалпы жағдайы нашар, дене қызуы 38,00С, тәбетінің болмауы, ауыз қуысының құрғауы.

Нақтамасын қойыңыз және ем принциптерін анықтаңыз:

1. Паренхиматозды сиалоаденит, сілекей айдаушы заттар, массаж, қабынуға қарсы және

гипосенсибилизациялаушы ем

2.+Эпидемиялық паротит, науқасты оқшаулау детоксикационды ем, диетотерапия

3. Жедел ірңді лимфаденит, іріңді ошақты дренаждау, антибактериальды ем

4. Жедел іріңді периостит, периостотомия, антибактериальды ем

5. Калькулёзды сиалоаденит, оперативті араласу

841. Лимфа түйіндердің қандай топтары арқылы, одонтогенді ошақтан инфекция жоғарғы уақытша азу тістері аймағынан енеді?

1. Төменгі жақасты

2.+Құлақмаңы ұрт

3. Жақарты

4. Иекасты

5. Мойын

842. Лимфа түйіндердің қандай топтары арқылы, одонтогенді ошақтан инфекция төменгі уақытша азу тістері аймағынан енеді?

1. Ұрт

2. Мойын

3. Иекасты

4. Құлақмаңы

5.+Төменгі жақасты

843. 7 жасар баланы клиникаға госпитализациялағанда нақтама қойылды: 8.4 тістен пайда болған төменгі жақасты аймағының одонтогенді аденофлегмонасы. Наркоз арқылы тісі жұлынды және іріңді ошақты дренаждады, антибактериальды ем тағайындалды. Дегенмен, дене қызуы көтеріліп, науқастың жағдайы нашарлады.

Себебі неде?

1. Бірінші операция кезінде, периостотомия жасалған жоқ

2. Бірінші операция кезінде, теріасты фасция кесілген жоқ

3.+Бірінші операция кезінде, лимфа түйінінің капсуласы ашылған жоқ

4. Бірінші операция кезінде, жақ-тіласты бұлшықеті ажыратылған жоқ

5. Бірінші операция кезінде, лимфа түйініне антибиотик жіберілген жоқ

844. Аудандық ауруханадан клиникаға ауыр жағдайда, ауыз қуысы түбінің жайылмалы қабыну үрдісі бар 12 жасар бала аударылды. 3.6 тісінің созылмалы периодонт қабынуының өршуін емдегеннен кейін, бір аптадан кейін ауыра бастаған.

Ем жоспарын құрастырыңыз:

1.+Ауыз қуысынан тыс іріңді ошақты дренаждау, тіс каналдарын дренаждау, консервативті емдеу

2. Ауыз қуысы ішілік жолмен іріңді ошақты дренаждау, антибактериальды ем, тісті емдеу

3. Ауыз қуысынан тыс іріңді ошақты дренаждау, антибактериальды ем, тісті жұлу

4. Ауыз қуысы ішілік жолмен іріңді ошақты дренаждау, тісті емдеу

5. Ауыз қуысы ішілік жолмен іріңді ошақты дренаждау, тісті жұлу

845. Клиникаға 9 жасар бала, тамағының ауру сезіміне жұтқанда ұлғаятын ауру сезіміне шағымданды, аузының ашылуы шектелген. 4 күн бұрын 4.6 тісі жедел ауру сезімі пайда болған. «үй жағдайында» емделген. Жалпы жағдайы орта ауырлықта.Т-38,3, лейкоциттер -10,2 х10 9/1, СОЭ-26 мм/сағ. 4.6 тістен пайда болған, қанат-төменгі жақ кеңістігінің флегмонасы анықталды.

Ем жоспарын құрастырыңыз:

1.+4.6 тістің өзектерін дренаждау, периостотомия, ауыз қуысынан тыс іріңді ошақты дренаждау

2. 4.6 тісті емдеу, қабыну үрдісі басылғаннан кейін, іріңді ошақты ауыз қуысы тыс жолмен

дренаждау

3. 4.6 тісін жұлу, ауызішілік жолмен іріңді ошақты дренаждау

4. 4.6 тісті жұлу, физиоем, ауыз қуысын ирригациялау

5. 4.6 тісті жұлу, антибактериальды ем

846. Жедел іріңді лимфадениті бар баланы кешенді емдеуде дәрігердің тактикасы?

1. Іріңді ошақты дренаждау

2. Жалпыәлдендіруші ем тағайындау

3. Антибактериальды ем тағайындау

4. Гипеосенсибилиздеуші ем тағайындау

5.+Зақымданған лимфатүйінің алып тастау

847. Одонтогенді лимфаденитпен ауырған жасөспірімді емдегеннен кейін төменгі жақасты лимфа түйінінде қабыну үрдісі толық жазылмаған.

Мүмкін болатын себебі:

1. Антибиотикотерапия тағайындамаған

2. Иммунотерапия тағайындалмаған

3.+Ем жүргізбеген «себепші» тіске

4. УВЧ-терапия тағайындалмаған

5. Гипосенсибилизирлейтін ем

848. 4.6 тістен пайда болған одонтогенді флегмонасы бар балаға балалар стоматологиялық емханасының дәрігер-хирургының тактикасы:

1. «Себепші» тісті жұлу, іріңді ошақты дренаждау, антибактериальды заттарды тағайындау

2. Антибиотик тағайындау және физиотерапиялық шаралар, ауыз қуысын антисептикалық

ерітінділермен шаю

3. «Себепші» тісті жұлу, консервативті ем тағайындау, емханада науқасты бақылау

4.+Науқасты балалар жақ-бет аймағы бөліміне жолдау, кешенді ем жүргізу

5. Іріңді ошақты дренаждау және науқасты емханада емдеу

849. Балалардағы одонтогенді флегмоналарды алдын-алу жолдары:

1. Дер кезінде арнайы иммунотерапиялық заттарды тағайындау

2. Антибиотикотерапия іріңді-қабыну үрдістерін басу үшін

3. Баланы адекватты түрде иммуномодуляциялап емдеу

4. Дер кезінде медикаментозды ем тағайындау

5.+Шектелген іріңді ошақты ерте дренаждау

850. Төменде келтірілген жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну инфильтратының клиникалық ерекшеліктерінің қайсысы балаларға қатысты?

1.+Таралуына және атипизмге беталыс

2. Тіндердің іріңді еруіне беталыс

3. Шектелуіне беталыс

4. Сорылуына беталыс

5. Некрозға беталыс

851. Жедел іріңді одонтогенді лимфаденитті емдеу әдістері:

1. Лимфатүйіннің орналасқан жері бойынша тілік жасау, антибактериальды ем

2. Лимфатүйіннің орналасқан жері бойынша тілік жасау және антибиотиктерді

эндолимфатикалық жіберу

3. Үрдістің орналасу жері бойынша тілік жасау, лимфатүйіннің капсуласын ашу және

антибиотиктерді эндолимфатикалық жіберу

4.+Үрдістің орналасу жері бойынша тілік жасау, лимфатүйіннің капсуласын ашу, нәтижесіз

болған жағдайда «себепші» тісті жұлу

5. Лимфатүйіннің орналасуы бойынша, теріні кесу, пункция, іріңді сорып алу, антибиотик енгізу,

консервативті ем.

852. Балаға төменгі жақасты флегмонасын ашып, дренаж қойды. Екінші күні, ауыздың бұрышының ауру жағына ауысуы анықталды, күлген кезде, төменгі еріннің төмен түсіп кетуі байқалды.

Балада қандай асқыну дамыды?

1.+Бет нервісінің маргинальды бұтағының жарақаттануы

2. Үшкіл нервісінің бұтағының жарақаттануы

3. Көрші аймақтарға флегмонаның таралуы

4. Шайнау бұлшықетінің жарақаттануы

5. Жұмсақ тіңдерінде гематома түзілді

853. Ата анасы 7 жасар баланы емханаға алып келді, жалпы жағдайының нашарлауы, әлсіздік, дене қызуы t038,00С. Қарап тексергенде, ұрт, төменгі жақасты аймағының оң жағындағы жұмсақ тіңдерінің салдарынан бетінің айқын асимметриясы байқалды. Ауыз қуысында, 8.4 тісінің сауыт бөлігі бұзылған, қызылиек шырышты қабаты ісінген және гиперемияланған, өтпелі қатпарында айқын инфильтрат анықталды.

Ем тактикасын және науқасты емдеу орнын анықтаңыз:

1. Периостотомия, емханада дәрігердің бақылауы

2. 8.4 тісті жұлу, қабынуға қарсы ем, емханада дәрігердің бақылауы

3.+Баланы жедел госпитализациялау және кешенді ем шараларын қолдану

4. Емханада іріңді ошақты дренаждау, содан кейін, науқасты госпитализациялау

5. Ауыз қуысынан тыс іріңді ошақты дренаждау, антибактериальды ем, емханада дәрігердің

бақылауы.

854. Клиникалық белгілердің қайсысы, балалардағы жедел іріңді лимфаденитке тән?

1. Лимфатүйіндерінің пакеті, ауру сезімі жоқ, терісі өзгермеген

2. Бірнеше анатомиялық аймақтарында жайылған қабыну инфильтраты

3.+Шектелген инфильтрат, аздап қозғалмалы, терісі гиперемияланған, ауру сезімі бар

4. Лимфатүйіндері ұлғайған, ауру сезімі жоқ, терінің айқындалған қантамырлы сурет бар

5. Жақ аймағында жұмсақ тіңдерде шектелген инфильтрат, терісі өзгермеген, пальпацияда ауру

сезімі жоқ

855. 7 нашар баланы ауру сезімі және төмен жақасты аймақта сол жағындағы домбығу мазалап жүр. Анамнезден, 4 күн бұрын, бала ЖРВИ ауырған. Ауыз қуысында тістері интактты, шырышты қабаты өзгеріссіз.

Болжамды нақтаманыз қандай және аурудың пайда болу себебін түсіндіріңіз:

1. Дифтерия, ЖРВИ кейін, иммунитеттің төмендеуі салдарынан пайда болды

2.+Этиологиясы вирусты, төменгі жақасты аймағының жедел серозды лимфадениті

3. Паренхиматозды сиаладенит, жалпы ауру нәтижесінде пайда болды

4. Дәрі-дәрмекті стоматит, ЖРВИ кезінде, дәрілерді орынсыз қабылдау

5. ЖРВИ кейін, ангина

Тақырып № 22 Балалардағы жақ-бет аймағының шиқандары және көршиқандары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, нәтижесі.

856 «Шиқан» ұғымына ЕҢ нақты анықтама беріңіз.

1.+Түкті фолликулдың және жақын жерде орналасқан тіңнің іріңді-некротикалық қабынуы.

2. Лимфатикалық түйіннің серозды немесе іріңді қабынуы

3. Теріасты-май тіңінің іріңді қабынуы

4. Жас өзегінің қабынуы

5. Сілекей безінің қабынуы

857. «Көршиқан» ұғымына ЕҢ нақты анықтама беріңіз.

1.+Бірнеше түкті фолликулдың іріңді-некротикалық қабынуы

2. Бірнеше лимфатикалық түйіндердің серозды қабынуы

3. Теріасты-май тіңінің қабынуы

4. Беттің іріндіктене зақымдануы

5. Жас өзегінің қабынуы

858. Шиқан және көршиқандардың қоздырғышы болып табылады:

1. Протей

2. Стрептококк

3. Энтерококки

4.+Стафилококк

5. Ішек таяқшасы

859. Шиқандардың жергілікті клиникалық белгілердің көрінісі кезінде КӨБІНЕСЕ ненің пайда болуымен сипатталады:

1. Тыртықтық өзгеріс

2.+Некротикалық стержннің болуы

3. Терінің диффузды эритемасы

4. Жаралы-некротикалық аймақ

5. Эрозивті-некротикалық аймақ

860. Көршиқан және сібір жарасын салыстырмалы нақтамалауда, ЕҢ ақпаратты тәсіл болып саналады:

1.+Бактериологиялық зерттеу

2. Рентгенологиялық зерттеу

3. Гистологиялық зерттеу

4. Серологиялық зерттеу

5. Ультрадыбыстық зерттеу

861. Шиқан және көршиқандардың ажырату белгілерінің ішінде ЕҢ қолайлысы:

1. Аймақтық лимфа түйіндерінің қабынуы

2.+Бірнеше іріңдіктердің болуы (стержнь)

3. Инфильтрат айналасындағы терінің жансыздануы

4. Қара дақтың болуы

5. Тері инфильтраты

862. Шиқан кезінде жергілікті асқынулар:

1. Сепсис

2. Іріңді плеврит

3. Іріңді менингит

4.+Бет венасының тромбофлебиті

5. Кавернозды синус тромбозы

863. Балаларда фурункулезге күдік пайда болған кезде, эффективті болып табылады:

1.+Жалпыәлдендіруші терапия, ем шара қабылдау

2. Гипосенсибилиздеуші терапия

3. Дәруменді терапия

4. Сәулелі терапия

5. Химиотерапия

864. Балаларда фурункул қай жаста ЕҢ жиі кездеседі:

1. 5-7 жас

2. 1-3 жас

3. 3- 5 жас

4. 8-12 жас

5.+13- 15 жас

865. Балада фурункул жиі шыға бастаса, қандай дәрігерге қарап тексерілу керек:

1. Педиатрға

2. Окулистке

3. Стоматологқа

4.+Эндокринологқа

5. Гастроэнтерологқа

866. Төменде келтірілген көршиқандардың асқынулардың қайсысы жасөспірім өміріне қауіпті?

1. Паротит

2. Бет нервісінің парезі

3. Үшкіл нерв невриті

4.+Бас миының снустарының тромбозы

5. Төменгі жақтың жанаспалы остеомиелиті

867. Жасөспірімдерде көршиқандардың асқынуларын алдын-алу кезінде келесі ереже ЕҢ нәтижелі болады:

1. Жиі жуыну

2. Суықтамау

3. Антибиотиктерді жиі қолдану

4.+Біріншілік элементтерді сықпау

5. Зақымданған аймаққа жақпа таңбасын қою

868. Бет фурункулдары кезінде, аурудың біріншілік формасы:

1. Теріасты май қабатының жайылмалы іріңді қабынуы

2. Аймақтық регионарлы лимфа түйіндерінің қабынуы

3. Серозды қабынуы

4.+Инфильтративті

5. Абсцедирлеуші

869. Шиқандардың инфильтративті түрінде, ем шара қолданған кезінде нәтижесіз болған кезде дамиды:

1. Аймақтық лимфа түйіндерінің іріңді қабынуы

2. Теріасты май қабатының жайылмалы іріңді қабынуы

3. Аймақтық лимфа түйіндерінің серозды лимфадениті

4.+Шиқандардың абсцестелуі

5. Бет веналарының флебиті

870. Шиқандардың абсцестелуіне себепші болып келеді:

1.+Біріншілік элементтерді сыққаннан кейін, түк фолликуласының қабынуы

2. Жедел одонтогенді қабыну үрдісі

3. Тістер тісжегісінің декомпенсирленген түрі

4. Лимфа түйіндерінің қабынуы

5. Аллергиялық реакция

871. Бет фурункулдарының ЕҢ жиі орналасу жері:

1.+Жоғарғы ерін, мұрын, және беттің басқа да бөліктері

2. Дененің табиғи қатпарлары

3. Көкіректің алдыңғы бөлігі

4. Бастың шашты бөлігі

5. Аяқ-қолдар

872. Беттің шиқандары және көршиқандары кезінде, аймақтық лимфа түйіндерінің жағдайы:

1. Өзгермеген

2. Сау жағымен бірдей

3. Ұлғайған, ауру сезімі жоқ

4. Бір-бірімен қосылған, конгломерат түзеді

5.+Ұлғайған, пальпаций кезінде ауру сезімі бар

873. Беттің шиқандары және көршиқандары кезінде, қандағы өзгерістер:

1. Моноцит санының өсуі және лимфоциттердің азаюы

2. Сегментядролы лейкоциттердің санының көбеюі

3. Таяқшаядролы лейкоциттердің санының азаюы

4. Сегментядролы және таяқшаядролы лейкоциттердің санының көбеюі

5.+Сегментядролы түрінің азаюы, таяқшаядролы түрінің азаюы, лейкоцитоз, лимфопения

874. Балаларда бетінің шиқан және көршиқандары кезінде, ОЖЖ-нің бұзылыстары:

1.+Бас ауруы

2. Бас айналуы

3. Ұйқысының бұзылуы

4. Мазасыздану, қорқыныш сезімі

5. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы

875. Беттің шиқандары және көршиқандары кезінде, ЕҢ жиі қолданылатын детоксикация әдісі

1. Форсирленген диурез

2.+Инфузионды терапия

3. Лимфосорбция

4. Плазмоферез

5. ГБО

876. «Бет веналарының тромбофлебиті» түсінігіне ЕҢ нақты анықтама беріңіз:

1.+Қан-тамырішілік тромб түзіліп, венаның қабынуы

2. Майда калибрлі қан-тамырлардың қабынуы

3. Қан-тамыр-жүйке шоғырының қабынуы

4. Паравенозды клетчаткасының қабынуы

5. Лимфа қан-тамырының қабынуы

877. Бұрыштық венаның тромбофлебитінің ЕҢ жиі себепші болып табылады:

1.+Бет фурункулы

2. Ұрт аймағының абсцессі

3. Жоғарғы жақ периоститі

4. Жоғарғы жақтың шектелген остеомиелиті

5. Құлақ маңы-шайнау аймағының жедел серозды лимфадениті

878. 2 жасар бала, балалар жақ-бет аймағының хирургиясы бөлімшесіне, беттің абсцестенген шиқаны нақтамасымен жатқызылды. Бұл клиникалық жағдайда жансыздандырудың ЕҢ қолайлы түрі?

1. Бет перделі

2. Эндотрахеальды наркоз