Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I.7. АҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖАДЫҒАТТАРЫ ҚОРТЫНДЫ БІЛІМІН...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

1. Биохимиялық;

2. Бактериологиялық;

3. Серологиялық;

4.+Цитологиялық;

5. Иммунологиялық.

386. Ауыз қуысының герпестік инфекциясы кезіндегі патогенетикалық ем жүргізгенде тағайындалатын препараттар:

1. Саңырауқұлаққа қарсы;

2. Кератопластикалық;

3. Жансыздандыру;

4. Қабынуға қарсы;

5.+Вирусқа қарсы.

387. Герпестік баспаға салыстырмалы нақтамалау қандай аурумен жүргізіледі:

1. Күл;

2. Лакунарлы ангина;

3. Жарақаттық эрозия;

4.+Жедел герпетикалық стоматит;

5. Жедел псевдомембранозды кандидоз.

388. Вирусты сүйелге салыстырмалы нақтамалау қандай аурумен жүргізіледі:

1.+Ауыз қуысының шырышты қабатының папилломасы;

2. Созылмалы гиперпластикалық кандидозбен;

3. Жедел герпетикалық стоматитпен;

4. Сифилитикалық папуламен;

5. Жалпақ қызыл теміреткі.

389. Везикулярлы стоматитте қандай аурумен салыстырмалы нақтамалау жүргізіледі:

1. Дәрілік стоматит;

2. Көптүрлі жалқықты эритема;

3.+Жедел герпетикалық стоматит;

4. Рецидивті герпетикалық стоматит;

5. Жаралы-некротикалық Венсан стоматиті.

390. Вирусқа қарсы препараттарға жататындар:

1. Кортизон, преднизолон, синафлан;

2. Клотримазол, имидазол, леворин;

3.+Теброфен, бонафтон, риодоксол;

4. Тавегил, супрастин, диазолин;

5. Имудон, метацил, декарис.

Тақырып: № 14 «Балалардағы саңырауқұлақтық аурулар. Жедел псевдомембранозды кандидоз. Клиникалық ағымның ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары».

391. Дәрілік зақымдану – бұл ауру:

1. Қатерсіз қабынулық;

2.+Токсико-аллергиялық;

3. Созылмалы қабынулық;

4. Созылмалы инфекциялық

5. Инфекциялық-аллергиялық;

392. Дәрілік аллергия кезінде анықталады:

1.+Гиперемия, ісіну, геморрагия;

2. Ісіну, гиперемия, афта;

3. Ісіну, гиперемия, дақ;

4. Ісіну, гиперемия, ойық жара;

5. Ісіну, гиперемия, некроз

393. Аллергиялық стоматит кезінде жақасты лимфа түйіндері:

1. Ұлғаймайды;

2.+Ұлғаяды, ауырады;

3. Ұлғаяды, ауырмайды;

4. Ұлғаймайды, ауырады;

5. Тығыз инфильтрат, аздап қозғалады

394. Дәрілік аллергия кезінде аллегриялық сынаманы қай кезеңде жүргізеді?

1. Жедел;

2.+Ремиссия;

3. Катаральды;

4. Эпителизация;

5. Продромальды;

395. Дәрілік стоматитте спецификалық емес гипосенсибилизациялық емді қай кезеңде жүргізеді?

1.+Жедел;

2. Ремиссия;

3. Катаральды;

4. Продромальды;

5. Рецидиваралық.

396. Дәрілік аллергия кезінде зақымдаушы элементтер орналасады:

1. Теріде;

2. Еріннің қызылжиегінде;

3. Тері мен еріннің қызылжиегінде;

4.+Ауыз қуысының шырышты қабатынде;

5. Ауыз қуысының шырышты қабаты мен теріде;

397. Шұғыл типті аллергиялық реакция – бұл:

1. Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

2.+Ангионевротикалық Квинке ісігі;

3. Қайталамалы герпестік стоматит

4. Көптүрлі жалқықты қызарма;

5. Стивенс-Джонсон синдромы;

398. Шұғыл типті аллергиялық реакция – бұл:

1. Есекжем;

2. Анафилактикалық шок;

3.+Көптүрлі жалқықты қызарма;

4. Ангионевротикалық Квинке ісігі;

5. Жедел жалған мембраналық кандидоз

399. Аллергиялық аурулардың ауыз қуысының шырышты қабатындағыкөрінісі пайда болады:

1. Гипотиреозда;

2. Дисбактериозда;

3. Папилломатозда;

4. Тиреотоксикозда;

5.+Ағза сенсибилизациясында

400. Балаларда қандай дәрі-дәрмек дәрілік стоматитті тудырады?

1. Десенсибилизациялық, жансыздандырушы;

2.+Антибиотиктер, сульфаниламидтер;

3. Седативті, иммундыстимулдейтін;

4. Психотропты, транквилизаторлар;

5. Гормональды, ферменттер.

401. Бала 7 жаста. Катаралды баспаға эритромицин қабылдауда. Аурудың 3 күні ісіну, кейін ауыз қуысының шырышты қабатында «ойық жаралар» және ас қабылдағанда ауыру сезімі пайда болды. Объективті: тілі ісінген, бүйір беті қақпен жабылған,таңдайдың және тіласты аймағының шырышты қабатында біріккен жаралар анықталады. Қандай аурулармен салыстыру керек?

1. Қызылша;

2. Скарлатина;

3.+Көптүрлі жалқықты қызарма;

4. Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

5. Лейкоз кезіндегі шырышты қабаттың өліеттенуі

402. Бала 8 жаста. Аузын ашқанда және сөйлегенде ауыру сезімінің пайда болатынына шағымданады.Анамнезінен сол күні аспирин қабылдағаны анықталды. Объективті:ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген. Тигенде бірден ауыратын көптеген жаралар, көпіршіктер, көпіршікшелер, ойық жаралар. Нақтама қойыңыз.

1. Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

2. Көптүрлі жалқықты қызарма;

3. Инфекциялық мононуклеоз;

4. Жедел герпестік стоматит

5.+Дәрілік стоматит;

403. Дәрілік стоматитті қай аурулармен салыстыру керек?

1. Ауыз қуысының қайталамалы афталары, күл, скарлатина;

2. Жедел герпестік стоматит, жедел лейкоз;

3. Буллезды эпидермолиз, күл;

4.+ Көптүрлі жалқықты қызарма, Жедел герпестік стоматит, буллезды эпидермолиз;

5. Инфекциялық мононуклеоз, желшешек, қызылша

404. 7 жастағы балаға дәрілік стоматит деп нақтама қойылды. Емді тағайындаңыз.

1. Қабынуға қарсы препараттар, гипосенсибилизациялықзаттар;

2. Сульфамидті препараттар, гормоналдызаттар;

3. Поливитаминдер, гипосенсибилизациялықзаттар;

4.+Препаратты тоқтату, гипосенсибилизациялықзаттар;

5. Қабынуға қарсы препараттар, гормоналдызаттар;

405. Дәрілік стоматит кезінде қажетті іс-шаралар:

1.+ Препаратты тоқтату, ауыру сезімін басу, антисептикалық өңдеу,

кератопластиктермен аппликациялар, антигистаминді препараттар;

2. Ауық қуысын сілті ерітінділерімен өңдеу, саңырауқұлаққа қарсы заттармен аппликациялар;

3. Ауыз қуысын шайқау;

4. Ауыз қуысы гигиенасын сақтау, вирусқа қарсы заттармен аппликациялар;

5. Ауыру сезімін басу,ферменттермен аппликациялар

406. Бала 5 жаста. Тамақтанғанда, сөйлегенде ауру сезімнің пайда болуына және ашуына, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданып келді. Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, қанық қызыл түсті, құрғақ. Тілдің шырышты қабығы атрофияланған, емізікшелері тегістелген, түсі қанық қызыл түсті. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел псевдомембранозды кандидоз;

2. Қайталанатын герпесті стоматит;

3. Жедел герпестік стоматит;

4.+Жедел атрофиялық кандидоз;

5. Медикоментозды стоматит;

407. Бала 10 жаста. Тәбетінің төмендеуіне ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. 3 күн бұрын ауырған. Науқас педиаторда пневмониямен емделіп жатқан, антибиотиктер қолданған. Ауыз қуысы шырышты қабығы қызарған, дондыққан, тіл емізікшелері тегістелген, бетінде ақ ірімшік тәрізді қақ анықталды. Ұрттың, еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында ақ түсті қақ бар. Алынған қақтың астында жаралар анықталады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел атрофиялық кандидоз;

2. Жедел герпестік стоматит;

3. Қайталанатын герпесті стоматит;

4.+Жедел псевдомембранозды кандидоз;

5. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз.

408. Бала 7 айлық. Анасы баласының 4 күн бұрын масасызданып тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Бала педиатрда бронхопневмания себебімен емделген, антибиотикпен емделу курсын өткен. Объективті: Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, ісінген, емізікшелері тегістелген, ұрттың, еріннің шырышты қабығында ақ түсті қақ бар. Қақ кейбір аймақта оңай кейбір аймақта қиындықпен алынады. Төменгі жақ лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз:

1.+Жедел псевдомембранозды кандидоз;

2. Созылмалы атрофиялық кандидоз;

3. Қайталанатын герпесті стоматит;

4. Жедел герпетикалық стоматит;

5. Жедел атрофиялық кандидоз.

409. 2 айлық баладан жедел псевдомембранозды кандидоз нақтамаланды, Емін тағайындаңыз:

1. Преднизолон, синафлан;

2. Қызылмай, солкосерил;

3.+Дифлюкан, миконазол;

4. Зовиракс, ацикловир;

5. Декарис, тималин.

410. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы жедел жалған жарғақты кандидозда ең тиімді: