
XI. Күнделік
14.03.13 |
15.03.13 |
16.03.13 |
Пульс: 92соққы мин. Тынысы: 17 рет мин АҚ: 130-90мм.сб
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Тері жамылғысы қалыпты. . Бас ауруы жоқ. Тәбеті қанағаттанарлық. Физиологиялық шығарылымы қалыпты. Төстің артындағы орташа интенсивтілікте сыздап, қысып иррадиацияланбайтын, физикалық жүктеме кезінде пайда болатын қорқыныш сезімімен жүретін, 5-10 минутта жойылатын, нитроглицеринмен басылатын ауру сезіміне шағымданады |
Пульс: 90соққы мин. Тынысы: 20 рет мин АҚ: 140-90мм.сб
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Тері жамылғысы қалыпты . өкпесінде везикулярлы тыныс. Сырылдар естілмейді. Тәбеті қанағаттанарлық. Физиологиялық шығарылымы қалыпты. Төстің артындағы кардиалгиялық синдромы аздап басылған. Басының шүйде бөлімінің ауруына, ұйқысы бұзылғанына, құлақтағы шуылға шағымданды. |
Пульс: 82соққы мин. Тынысы: 20 рет мин АҚ: 120-83мм.сб
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Сұрақтарға адекватты түрде жауап қайтарады. Өкпесінде сырылдар естілмейді, везикулярлы тыныс. Төстің артындағы кардиалгиялық синдромы аздап мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық. Физиологиялық шығарылымы қалыпты. Алдыңғы еміне қоса жартылай төсектік режим тағайындалды. |
Науқастың шағымдары:
Ауру анамнезі:
Өмір тарихы:
Тексеру: Науқастың жалпы жағдай жақсы, есі бар, төсектегі қалпы белсенді. Дене пініні дұрыс, яғни аяқ қолдары өзара пропорционалды, омыртқа бағанасы түзу, тері жамылғысы біркелкі. Дене қызуы қалыпты. Басы дұрыс пішінді, бет әлпеті дұрыс, ауыз аймағы таза, тістерінің жағдайы жақсы. Тері жамылғылары таза, қалыпты түсті. Тері тургоры жақсы. Лимфалық түйіндер қалыпты, сүйек буындары ауырмайды, пішіндері және қимылы қалыпты. Жүрек қан тамыр жүйесі: жүрек тондары тұйықталған.Қан қысымы130/90. Тыныс алу жүйесі: еркін тыныс алады, тыныс алу жиілігі 18. Ас қорыту жүйесі: іші жұмсақ, ауру сезімсіз, бауыр қабырға доғасы деңгейінде және көкбауыр пальпацияланбайды. Зәр-жыныс жүйесі: бел аймағында ауру сезімі жоқ, соққылау симптомы теріс, зәр шығаруы қалыпты.