Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқу бағдарламасы мұнай-газ геологиясы ( силлабу...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.52 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

«Машина жасау» факультетінің

5B070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығының 2 курс студентеріне арналған

М 18.1 Геология модулінің

«Жалпы және мұнай-газ геологиясы» пәні бойынша

Оқу бағдарламасы (силлабус)

Орал – 2014 ж

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

«Машина жасау» «Машина жасау»

факультетінің ОӘБ төрайымы факультетінің деканы

____________ Туманова А.А. ________ Монтаев С.А.

«___» _________ 2014 ж. «___» _________ 2014 ж.

М 18.1 Геология модулінің

«Жалпы және мұнай-газ геологиясы» пәні бойынша (таңдау бойынша компонент)

оқу бағдарламасы ( силлабус)

Құрастырушы: аға оқытушы Хамзина Б.Е.

«Мұнай-газ ісі және машина жасау технологиясы» кафедрасы

«Машина жасау» факультеті, 205 – кабинет

Оқу бағдарламасы (силлабус) 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығының оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді

Кредит саны – 3

Дәріс – 15 сағат

Практикалық – 30 сағат

БАОӨЖ – 25 сағат

БАӨЖ – 65 сағат

Барлығы – 135 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Кафедра отырысында талқыланды «___»___________2014 ж. №______хаттама

Кафедра меңгерушісі _________ Қ.А.Нариков

  1. Пәннің сипаттамасы

    1. Пәннің пререквизиттері: физика.

    2. Пәнді оқудың мақсаты: студенттерге жер қыртысының құрылысын, тау жыныстарының жасын анықтау, мұнай мен газ шоғырланатын шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндерін, мұнай мен табиғи газдың жаралуын, мұнай мен газдың құрамы, қасиеттері, кен орындарының, шоғырлардың қалыптасуын оқып-үйрету болып табылады.

    3. Міндеттер: осы жоғарыда аталған мәліметтермен толық таныстырып, оқытып үйрету. Алған білімдерін танысу практикасынан өтер кезде және келесі курстарда арнайы пәндерді оқып - үйренерде қолданады

    4. Пәннің қысқаша мазмұны бұл пәнде тау жыныстары, тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері, көмірсутектердің қоныс аударуы, мұнай мен газ ұстағыштары, шоғырлары, кен орындары қарастырылады.

    1. Оқыту нәтижелері:

А (білім және түсіну) тау жыныстары мен жыныс құраушы минералдардың негізгі түрлерін және оларды анықтау әдістерін;

- жердің ішкі динамикалық процесстерінің негізгі түрлері;

- жердің сыртқы динамикасының процесс түрлері;

- мұнай – газ коллекторларының, қабат сұйықтарының, газдарының физикалық қасиеттері;

В (білім және түсінулерді қолдану) «Жалпы және мұнай – газ геологиясы» пәнін оқыту мұнай – газ шоғырларының, кен орындарының пайда болуы, мұнай мен табиғи газ қорларын анықтау, көмірсутек кен орындарын іздеу және барлау әдістерін үйренуге мүмкіндік береді.

С (пайымдауларыды шығару (құрастыру)) жалпы геология негіздері, геологиялық, литологиялық карталарды құрастыру, өнімді қабаттардың қимасын, стратиграфиялық бағаналарды құру, шоғыр түрлерін салу үшін қолдану.

Д (коммуникативті дағдылар) мұнай – газ кен орындарын іздеу және барлаудың қазіргі әдістерінің дамуы сұрақтарында. алған білімді өмірлік жағдайларда қолдану.

Е (оқу дағдылары) алған оқу дағдыларын жұмыс барысында және тәжірибеде қолдану, анықтамалық әдебиеттерді қолдану.

Пәннің постреквизиттері: мұнай мен газ ісінің негіздері