Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-8 лекц..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.28 Кб
Скачать
  1. Бақылауға жататын заттардың тізімі

Атмосфералық ауаға шаң, азоттың қос тотығы мен тотығы, көміртегі тотығы сияқты зиянды заттар үлкен көлемде түседі. Бұларды негізгі деп атайды. Стационарлық, маршруттық және жылжымалы посттарда өлшеуге арналған заттардың тізімі қаладағы ластау көздерінен келетін лақтырыстардың құрамы мен сипаты жөніндегі мәліметтер негізінде белгіленеді. Қаладағы кәсіпорындар лақтыратын заттар анықталады, бұл заттардың рұқсат етілген шектік концентрациясын (ПДК-сын) арттыру мүмкіндігі бағаланады.

Нәтижесінде ең бірінші кезекте бақылауға жататын заттардың тізімі жасалады. Зиянды заттарды таңдау принципі мен приоритеттік заттардың тізімін құрастыру ауаны тұтыну (АТ) параметрлерін қолдануға негізделген.

  1. Ауа сынамасын іріктеуге арналған жабдықтар

Стационарлық посттарда қолданылатын өлшеу құралдары «Пост-1», «Пост-2» кешенді зертханаларында (лабораторияларында), маршруттық және жылжымалы посттарда – «Атмосфера-11» автозертханасында орналастырылады. Ауа сынамасын іріктеу үшін электраспираторлары немесе ауа жинағыштар қолданылады. «Пост-1» жабдығының құрамына кіретіндер: ГМК-3 және ГКП-1 автоматтық газанализаторлары, сынамаларға іріктеу жүргізуге арналған жүйелер, жел датчигін орнатуға арналған мачта, электрмен қамту және жарықтандыру жүйесі.

  1. Өлшеулердің әдістері, құралдары және нәтижені өңдеу

Ауаның ластану деңгейін байқау мен бақылау үшін түрлі әдістер қолданылады: фотокалориметрия, атомдық-абсорбциялық спектрофотометрия, рентген- флюоросценттік, потенциометрия, газды хроматография, т.б.

Аумақ бойынша ақпаратты жинақтап қорытудың нәтижелері төмендегілерді анықтауға қызмет етеді:

  1. Атмосфераның ластану деңгейі аса жоғары қалаларды

  2. Қалалар атмосферасының ластану деңгейіне ең көп үлес қосатын зиянды заттар лақтырыстарының көздерін

  3. Қалалардағы ауаның ластануын анықтайтын атмосферадағы зиянды заттарды. Қалалар атмосферасының ластануының жай-күйі жөніндегі материалдарды жинақтап қорыту 1 айдан 1жылға дейінгі кезеңде өткізіледі.Схемалар өлшемі 150х150 ақ қағазында немесе калькада орындалады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ауа сапасының критерийлерін атаңыздар.

  2. Атмосфералық ауаның ластануының қарапайым модельдері.

  3. Автоматтық газанализаторлары аспаптары.

  4. Ауаны бақылау жүйесін ұйымдастыру.

  5. Ауа сынамаларын іріктеуге арналған аппаратура.

  6. Ауаның ластануын болжау әдістері.

  7. Атмосфералық ауаның сапасын байқау посттары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ашихмина Т.Я.,Сюткин В.М.Аймақтың кешенді экологиялық мониторингі. Киров. ВГПУ баспасы, 1997.

  2. Снакин В.В., т.б. Экологиялық мониторинг