Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-8 лекц..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.28 Кб
Скачать
  1. Атмосфераның мониторингінің негізгі міндеттері. Бақылауды ұйымдастырудың ережелері.

Атмосфераның мониторингінің негізгі міндеттері атмосфераның жай-күйі жөнінде жүйелі ақпарат алу мен оған мүдделі ұйымдарды атмосфералық ауаның сапасы және төтенше жағдай болғаны жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету.

Бақылауды ұйымдастырудың негізгі принципі кешенділік болып табылады.

Атмосфералық ауаның жай-күйінің мониторингі екі жүйеге бөлінеді:

  1. Байқау

  2. Бақылау

Біріншісі қалалардағы, елді мекендердегі және ластаудың нақты көздерінің әсерінен тыс аумақтардағы аймақтарды байқаумен қамтамасыз етеді, екіншісі зиянды заттардың атмосфераға лақтырыстарын реттеу мен ластау көздерін бақылауды қамтамасыз етеді.

Мониторингті станциялар мен байқау посттары жүзеге асырады.

Атмосфераның ластану деңгейін байқауды ұйымдастыру ережелері МЕМСТ 17.2.3.01-86 «Табиғатты қорғау. Атмосфера. Елді мекендердің ауасының сапасын бақылау ережелерінде» жазылған.

Атмосфералық ауаның жай-күйін байқау мен бақылау қарқынды әсер ету аудандарында және ластау көздерінен алыс аудандарда жүргізіледі.

Бұл ақпарат атмосфералық ауаның ластануының глобальдық өзгерістерінің жай-күйін және тенденциясын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жерде байқаулар физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Үш категориялы байқау посттары орнатылады: стационарлық, маршруттық және жылжымалы.

Стационарлық пост ластаушы заттардың құрамын үздіксіз тіркеуді қамтамасыз етуге арналған. Стационарлық посттардың қатарынан тіректік стационарлық посттар ерекшеленеді, олар негізгі және аса көп тараған ластаушы заттардың құрамының өзгерістерін анықтауға арналған.

Маршруттық пост стационарлық постты қоюға мүмкіндік болмаған жағдайда ауаның сынамасын үнемі реттеуге немесе жекелеген аудандарда ауаның ластану жай-күйін толық оқып-зерттеу қажет болған жағдайға арналған.

Жылжымалы пост (жалын астындағы) сынамаларды іріктеу үшін түтін (газ) жалынын қолдануға арналған. Байқаулар жабдықталған автомашинаның көмегімен жүргізіледі.

2.Байқаудың бағдарламасы мен мерзімдері

Ауаның ластануының жай-күйі Бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Стационарлық посттарда үнемі байқау төрт Бағдарламаның біреуі бойынша жүзеге асырылады: толық (Т), толық емес(ТЕ), қысқартылған (Қ), тәуліктік(Тәул.). Байқаудың толық (Т) Бағдарламасы бір реттік және орташа тәуліктік концентрациялар жөнінде ақпарат алуға арналған. Байқаудың толық емес (ТЕ) Бағдарламасы бір реттік концентрация жөнінде күн сайын жергілікті уақыт бойынша 7,13, 19 сағатта ақпарат алуға арналған.

Байқаудың қысқартылған (Қ) Бағдарламасы бойынша тек бір реттік концентрация жөнінде күн сайын жергілікті уақыт бойынша 7,13сағатта ақпарат алуға арналған.

Сынамаларды тәуліктік іріктеу Бағдарламасы орташа тәуліктік концентрациялар жөнінде ақпарат алуға арналған.

Байқаудың барлық Бағдарламалары орташа айлық, орташа жылдық, аса ұзақ кезеңдік орташа концентрация алуға мүмкіндік береді.