- •Антропогендік ықпалдың әсерінен болатын қоршаған ортадағы өзгерістер
- •2. Атмосфераның антропогендік ластануы
- •3.Гидросфераның антропогенді ластануы
- •4. Топыраққа антропогенді әсер ету.
- •1. Ғаламдық мониторинг жүйесігің притерийі мен міндеттері
- •2. Қоршаған орта мониторингінің басымдықты бағыттары.
- •3. Ластанған заттар анықтамасының басымдығы
- •4. Потенцияльді - уытты заттардың халықаралық регистрі
- •2. Фондық мониторингтің әдістері
- •3. Қоршаған ортаның глобальдық фондық ластануы
- •Атмосфераның мониторингінің негізгі міндеттері. Бақылауды ұйымдастырудың ережелері.
- •2.Байқаудың бағдарламасы мен мерзімдері
- •Бақылауға жататын заттардың тізімі
- •Ауа сынамасын іріктеуге арналған жабдықтар
- •Өлшеулердің әдістері, құралдары және нәтижені өңдеу
2. Фондық мониторингтің әдістері
Фондық мониторингтің әдістерін тура және жанама деп бөледі. Тура әдістердің мәні ортаның сынамаларын іріктеуі мен олардағы нақты ластаушы заттарды аналитикалық анықтауда. Жанама әдістер ортаның өзіне тән емес қасиеттерін өлшеуге және ластаушы заттарды ауыстырудың есебіне негізделген. Ластаушылардың фондық концентрациялары көп жағдайларда оларды қазіргі аналитикалық әдістермен табудың шегінен біршама төмен. Сондықтан өте үлкен сынамалар (жүздеген кубометр немесе литрге дейін) іріктеп алу, анықталатын ластағышқа қойылту жүргізу, оны талдауға кедергі келтіретін қоспалардан бөлу, топырақ және биотамен жұмыс кезінде матрицадан бөлу қажеттігі туады. Нақты ластағыштарды талдаудың кейбір мәселелеріне тоқталайық.
Озон. Озонның толқын ұзындықтары 250-280 нм кезіндегі УФ-сәулеленуді жұтуына негізделген спектрофотометриялық әдісі аса перспективалы. Екінші аспаптық әдіс – хемилюминесценттік. Классикалық иодометриялық және бромметриялық әдістердің қолданылуы да мүмкін.
Күкірттің қос тотығы. Дәстүрлі химиялық Веста-Гейке әдісі кең қолданылады. Анықтауға азоттың қос тотығы кедергі жасайды. Аспаптық әдістерден кулонометрияны, флуоресценттік спектроскопияны, жалынды фотометрияны қолданады. Қазіргі автоматтық газанализаторлары осы әдістерге негізделген.
Азоттың қос тотығы. Жиынтықты немесе жеке анықталады. Хемилюминесценттік әдіс азоттың қос тотығының (II) озонмен өзара әсерлесу кезінде пайда болатын аумақтағы сәулеленуді өлшеуге негізделген. Зальцманның химиялық әдісі ауаны Зальцманның реактиві арқылы өткізу кезінде пайда болатын нитрит-иондарды фотометриялық анықтауға келеді.
Ауыр металдар.Түрлі орталарды талдау кезінде ауыр металдарды сұйықтық экстракциясы әдісімен, басқа арнаулы тәсілдер көмегімен (мысалы, сынап амальгаматорда – күмістелген шыны шариктермен толтырылған кварц түтігіндежинақталады) қойылтады.Санын анықтау үшін нейтрондық активацияны, атомдық-абсорбциялық спектрофотометрияны, эмиссиялық спектрофотометрияны, рентген- флюоросценттік талдауды қолданады.
3. Қоршаған ортаның глобальдық фондық ластануы
Қарқынды антропогендік қызмет орындарынан алыстағы аудандардың фондық ластануы олардың географиялық орнына байланысты болады. Сондықтан фондық ластанудың өзгеруінің тенденцияларын оқып-зерттеу үшін дүние жүзінің орташа фондық аудандарындағы деңгейлері жөнінде ақпарат қажет.
Атмосфераның фондық ластануы. Атмосфера асылып тұрған бөлшектермен көбірек ластанған. ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы мәліметтер бойынша ауада 5-тен 50 мкг/м3-қа дейін шаң болады.
Аса таза аудандар – биік таулы жерлер, мұхиттар (6,5-12 мкг/м3 ). Атмосфераны түрлі ластағыштар бойынша мәліметтер келтіреміз.
Күкірттің қос тотығы. ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы мәліметтер бойынша Жердің өнеркәсіптік емес аудандарында – 0,05-тен 14 мкг/м3-ке дейін. Батыс Европа мен Солтүстік Америка - 4 мкг/м3-тен астам. Минимальдық концентрация (0,05-4 мкг/м3) мұхиттардың үстінде, Антарктидада, биосфералық қорықтарда белгіленген.
Сульфаттар.Ауада аэрозоль түрінде 0,3-тен 10 мкг/м3-ке дейін. (80-жылдар). Мұхиттардың үстінде жағадан 200-500 км-де – 2 мкг/м3 шамасында. Минимальдық концентрациялар (0,3 мкг/м3) Канаданың шығыс жағалауы, Гренландияның үстінде, Швецияның солтүстігінде белгіленді. Европа үшін орташа концентрациялар – 5-15 мкг/м3.
Күкіртті сутегі. 80-жылдары жерге жақын атмосферада жаздыгүні орташа 1-100 мкг/м3.
Азот тотығы (IV). 80-жылдары орташа тәуліктік концентрациялар – 0,1-18 мкг/м3. Мұхиттардың үстіндегі концентрациялар континенттердің үстіндегіге қарағанда төмен.
Озон. Орташа тәуліктік концентрациялар фондық аудандарда 4-115 мкг/м3 шегінде өзгерген. (80-жылдары).
Қорғасын. 80-жылдардағы мәліметтер бойынша - ауада орташа 0,05-тен 136 нг/ м3-ке дейін. Таулы аудандарда (теңіз деңгейінен 3000 м-ден асатын) 2-6 нг/ м3(Европа), 4,6-21 нг/ м3(Солтүстік Америка).
Сынап. 80-жылдардағы мәліметтер бойынша континенттердің үстіндегі ауадағы аэрозольдік сынаптың құрамы 0,02-0,5 нг/ м3 құрайды, Норвегияның оңтүстігі мен Швейцарияда – 1,3-3,4 нг/ м3 .
Кадмий. Фондық аудандардың ауасында – 0,02-1,6 мг/ м3 . Ең көбі - Батыс Европада, ең азы – Оңтүстік полюсте. Атмосфералық жауын-шашында 1,2 мкг/л дейін.
Мышьяк. Ауада (80-жылдары) - 0,2-3 нг/м3. Ең азы – мұхиттардың үстінде. Атмосфералық жауын-шашында 1,6 мкг/л дейін.
Пестицидтер. Континенттердің үстіндегі ауадағы (80-жылдары) ДДТ мен ГХЦГ құрамы 0,5-1 нг/м3 құрады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Фондық мониторингті жүргізудің негізгі мақсаты қандай ?
Ю.А.Израэль бойынша табиғатта антропогендік әсерге ұшырайтындар.
Фондық мониторингтің қандай әдістерін білесіздер, оларды сипаттаңыздар.
Қоршаған ортаның фондық ластануы дегенді қалай түсінесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Афанасьев Ю.А., Фомин С.А. Қоршаған ортаны бақылаудың мониторингі мен әдістері. М.: МНЭПУ баспасы, 1998.
Қоршаған орта нысандары үшін приоритеттік ластағыш заттарды фондық деңгейде анығтау әдістері/ Ф.Я.Ровинскийдің редакциясымен .М. Гидрометеоиздат, 1982.
№8лекция.
Тақырыптың атауы: Атмосфералық ауаның мониторингі
Лекцияның мақсаты: Атмосфераның мониторингін ұйымдастырудың негізгі әдістері және ережелерімен таныстыру.
Кілт сөздер: атмосфералық ауа, байқау, бақылау, посттар, әдістер.
Лекцияның мазмұны:
Атмосфераның мониторингінің негізгі міндеттері. Бақылауды ұйымдастырудың ережелері.
Байқаудың бағдарламасы мен мерзімдері.
Бақылауға жататын заттардың тізімі.
Ауа сынамасын іріктеуге арналған жабдықтар.
Өлшеулердің әдістері, құралдары және нәтижені өңдеу.
