
- •Антропогендік ықпалдың әсерінен болатын қоршаған ортадағы өзгерістер
- •2. Атмосфераның антропогендік ластануы
- •3.Гидросфераның антропогенді ластануы
- •4. Топыраққа антропогенді әсер ету.
- •1. Ғаламдық мониторинг жүйесігің притерийі мен міндеттері
- •2. Қоршаған орта мониторингінің басымдықты бағыттары.
- •3. Ластанған заттар анықтамасының басымдығы
- •4. Потенцияльді - уытты заттардың халықаралық регистрі
- •2. Фондық мониторингтің әдістері
- •3. Қоршаған ортаның глобальдық фондық ластануы
- •Атмосфераның мониторингінің негізгі міндеттері. Бақылауды ұйымдастырудың ережелері.
- •2.Байқаудың бағдарламасы мен мерзімдері
- •Бақылауға жататын заттардың тізімі
- •Ауа сынамасын іріктеуге арналған жабдықтар
- •Өлшеулердің әдістері, құралдары және нәтижені өңдеу
4. Потенцияльді - уытты заттардың халықаралық регистрі
Халықаралық регистрі
Әртүрлі ластанудың қауіптілік дәрежесі немесе содан келетін зиян атмосфера сапасының стандартты шамасымен көрінеді (эмиссия шектерімен), олар ластанудың шектік ұйғарында мөлшерін құрайды. Эмиссия шектері бір немесе сол ластанғыш заттар тұтынуға байланысты айырмашылығы болады: адам, жануар, өсімдік және т.б. (Бретшнайдер және т.б. 1989).
Әдетте имиссия шектері дені сау адам тұрғысынан анықталады. Әртүрлі елдерде ластанудың имиссия шектері стандартты шамалар болып табылады. Мәселен,Чехословакияда 1981 жылы заттардың 14 түріне Гигиеналық көрсеткіш №58 жасалды, ал КСРО-да шектер жеке заттардың 146 түрі үшін және бірлескен әрекеттегі заттардың 27 типі үшін белгіленді.
Кесте 6
Түрлі елдердегі негізгі ластағыш заттар үшін ең қатаң және ең ауытқудың
Эмиссия шектері (Бретшнайдер және басқасы, 1989)
Ластағыш зат
|
Эмиссия шегі елдер саны |
Максимальді ұйғарынды мөлшер, мг/м³ |
|||
Ұзақ мерзімді эмиссия шегі (24с) |
Қысқа мерзімді эмиссия шегі (20-30) |
||||
Ең қатаң |
Ең ауытқитын |
Ең қатаң |
Ең ауытқитын |
||
Күкірттің шитотығы шөкпейтін тозаң |
24 |
50 |
1000 |
260 |
1250 |
19
|
(Балгария, КСРО) 100
|
(Франция) 300
|
(Япония) 100
|
(Швейцария) 750
|
|
|
(Япония, Колумбия) |
(Италия, Испания) |
(Швейция) |
(Италия) |
|
Оксид Углерода |
17
|
500 (Польша)
|
11500 (Япония)
|
3000 Польша, Болгария, ГДР, Венгрия, СССР, Югославия |
57700 (Италия, Аргентина)
|
Оксиды Азота (в пересчете на N0₂) |
17
|
4 (ГДР)
|
600 (Израиль)
|
100 (ГДР)
|
2000 (ФРГ)
|
Фториды (F2 есептегенде) |
13
|
5
|
30
|
20
|
100
|
Халықаралық ИСО 4226 стандартына сәйкес атмосферадағы қатты, сұйық және газ тәріздес ластанғыштарды бағалау үшін эмиссия критерийі ретінде олардың ауадағы массалық мөлшерін қолданады, әдетте метр кубтегі микрограммда (мкг/м³).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Ғаламдық мониторингтің негізгі қызметі қандай?
2. Мониторингті өткізудің негізгі критерийі?
3. Ғаламдық мониторинг мақсаты?
4. Мониторинг өткізу үшін нені білу қажет?
№ 7 лекция.
Тақырыптың атауы: Фондық мониторинг Лекцияның мақсаты: Фондық мониторингті оның әдістерімен өткізуді ұйымдастырумен таныстыру.
Кілт сөздер: мониторинг, фондық, глобальдық, ластану.
Лекцияның мазмұны: 1. Фондық мониторингті ұйымдастыру 2. Фондық мониторингтің әдістері 3. Қоршаған ортаның глобальдық фондық ластануы
1.Фондық мониторингті ұйымдастыру Фондық мониторинг глобальдық және өңірлік мониторингтің бөлігі болып табылады. Оның мақсаты зиянды лақтырыстар көзінен біршама қашықтықта орналасқан аудандардағы қоршаған ортаның барлық нысандарындағы ластағыш заттардың құрамының деңгейіне ұзақ уақыт жүйелі бақылау жүргізу болып табылады. Сонымен, фондық мониторинг жүргізу нәтижесінде биосферада ластанудың фондық деңгейінде антропогендік әсер ету кезінде өтетін өзгерістердегі глобальдық тенденция анықталуы қажет. Табиғатта антропогендік әсерге ұшырайтындар (Ю.А.Израэль бойынша): 1. Тұрғын халық, оның денсаулығы.
2. А. Экожүйенің адам пайдаланатын табиғи немесе адам жасаған элементтері (орман, ауыл шаруашылығының пайдаланатын жерлері, бақшалар, теңіздердің, өзендердің, көлдердің жеке учаскелері).
Б. Экожүйенің адам пайдаланбайтын табиғи элементтері. 3. Биосфераның және жеке экожүйелердің абиотикалық құрамдастары.
А. Биосфераның ірі құрамдастары, климаттық жүйелер, бұларға әсер ету ірі масштабтағы геофизикалық өзгерістерге әкеледі.
Б. Азғантай масштабтағы, бірақ біршама антропогендік әсерге ұшыраған абиотикалық табиғи элементтер (жағалаудағы аймақтар, орманның шеті, т.б.).
В. Адам қолымен жасалған (қалалар, каналдар, үйлер, машиналар, т.б.)
Қалалар мен өнеркәсіптік аудандарда қарқынды әсер үшін өте қиын болып табылатындар - 1, 3Б және 3В, кей жағдайда - 2А. Фондық деңгейде ірі масштабта әсерге ұшырайтындар - 2А, 2Б және 3А нысандары. Ластанудың байқалатын және болдырмайтын деңгейімен (антропогендік әсердің) климаттың өзгеруі, озондық қабаттың бұзылуы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы, шөлге айналу,ормандардың зақымдалуы, табиғи ортаның тотығуы (қышқылдануы), табиғи ортаның радиоактивтік изотоптармен, ауыр металдармен, пестицидтармен және канцерогендік заттармен ластануы байланысты. Фондық бақылауды жүзеге асыру үшін станциялар жүйесі құрылған, олар базалық және аймақтық деп бөлінеді. Базалық станциялар биосфераның бастапқы жай-күйі жөнінде ақпарат алуды қамтамасыз етеді де, тікелей антропогендік әсері болмайтын аудандарда, көп жағдайда биосфералық қорықтарда орналасады. Аймақтық станцияларда антропогендік әсерге ұшыраған аумақтардағы биосфераның жай-күйі жөнінде ақпарат алынады. Олар урбанизирленген аудандарға жақын орналаса алады. Бүкіл Жер шары үшін құрлықта 30-40 базалық станция және Дүниежүзілік мұхиттың акваториясында 10-ға дейін базалық станция жеткілікті деп есептеледі. Аймақтық станциялардың саны және олардың орналасуы осы аймақтағы барлық негативтік тенденцияларды тез анықтауды қамтамасыз етуі керек. Фондық мониторинг станцияларын орналастырғанда жердің климаттық, топографиялық, топырақтық, ботаникалық, геологиялық және басқа сипаттамаларын, ластанудың ірі көздерінің орналасуы мен қашықтығын, электр энергиясының болуын және қызметтік құрамға (персоналға) тұрмыстық жағдайлар жасауға мүмкіндіктің болуын ескеру керек. Әр станцияның стационарлық бақылау полигоны және химиялық зертханасы (лабораториясы) болуы керек.
Бақылау полигоны гидрометеорологиялық бақылау мен сынама іріктеуді жүргізетін алаңнан (50х50 м) тұрады, ол дуалмен қоршалған және айналасында асфальт жолдары болады, сонымен қатар алаңнан 15-20 м қашықтықтағы қызмет үйінен (бір қабатты, ауданы 20-25 м2) тұрады, ол жылумен және электрмен қамтамасыз етілген. Химиялық зертхана (лаборатория) (ауданы 80-100 м2) бақылау полигонынан 500 м қашықтықта орналасуы керек, желдеткішпен су құбырымен,кәрізбен (канализациямен) жабдықталуы керек.Онда іріктелген сынама сақталады, өңделеді және оған талдау жасалады. Зертхана (лаборатория) қажетті аспаптармен, жабдықтармен, зертханалық (лабораториялық) ыдыстармен және химиялық реактивтермен қамтамасыз етілуі, қоймасы болуы керек. Егер су нысанына бақылау жүргізілсе, фондық мониторинг станциясының жүзу құралдары болуы қажет. Атмосфералық ауаның, атмосфералық жауын-шашынның, топырақ пен өсімдіктердің сынамасын іріктеу бақылау полигонында жүргізіледі. Жерасты суларының сынамалары станцияға жақын скважинадан іріктеледі.