
- •Антропогендік ықпалдың әсерінен болатын қоршаған ортадағы өзгерістер
- •2. Атмосфераның антропогендік ластануы
- •3.Гидросфераның антропогенді ластануы
- •4. Топыраққа антропогенді әсер ету.
- •1. Ғаламдық мониторинг жүйесігің притерийі мен міндеттері
- •2. Қоршаған орта мониторингінің басымдықты бағыттары.
- •3. Ластанған заттар анықтамасының басымдығы
- •4. Потенцияльді - уытты заттардың халықаралық регистрі
- •2. Фондық мониторингтің әдістері
- •3. Қоршаған ортаның глобальдық фондық ластануы
- •Атмосфераның мониторингінің негізгі міндеттері. Бақылауды ұйымдастырудың ережелері.
- •2.Байқаудың бағдарламасы мен мерзімдері
- •Бақылауға жататын заттардың тізімі
- •Ауа сынамасын іріктеуге арналған жабдықтар
- •Өлшеулердің әдістері, құралдары және нәтижені өңдеу
1. Ғаламдық мониторинг жүйесігің притерийі мен міндеттері
Ғаламдық (биосфералық) мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде іске асып, Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі күйін бағалауға мүмкіндік береді. Ғаламдық мониторинг ғаламдық көлемде геосфераға бақылау жасауды қамтиды. Бақылауды планетаның түрлі өңірде базалық стансалар жасайды (30-40 құрлықта және 10 астамы мұхиттық).
Стансалар биосфералық қорықтардыңм орналасуы сирек емес. Қорықтарды белгілі критетиймен таңдайды, дәлірек айтсақ: міндетті және ықыластық.
Міндетті және критерийлер:
1. Қол жетімділік, учаске дурыс шегінде қол жетерлік болуы керек, алайда оған бару шектеулі болуы керек, мысалы, көліктің көп саны.
2. Өлшемі, Қорық аумағы 2000га кем болмауы керек. Мұндай өлшем жергілікті ықпалды минимумге дейін жеткізіп, қорық "ядросын" әсерден қорғауы керек.
3. Өсімдіктер, өсімдік типі қорықта жер шарының негізгі биогеографиялық типіне сәйкес болуы керек.
4. Күзету, Қорық мәнгілікке құқұқтық қорғауда болуы тиіс.
5. Штат, қызметкерлер штаты тұрақты болуы керек. Бұл мынадай қызметтердің ұлғаюына мүмкіндік береді: күзет; ғылыми зерттеу; айналаны күтуді; бақылау жүргізуде тех.жұмыстарын:
Ықыласты критийлер:
1. Бұрынғы бүлінудің болмауы. бұл экожүйенің табиғи сипатын қамтамасыз етуі тиіс. Іс жүзінде бүлінуі аз болатын критерийі бар қорықты табу қиын болса да.
2. Игерілмеген қоршаған учаске. Олар буферлік аймақтың өмір сүруіне кепілдік беруі тиіс. Бұл критерий жартылай қорық аумағымен байланысты, сондықтан ол ықыласты деп қаралады да, міндетті дегенге жатпайды.
3. Тұрақты штат. Ереже бойынша ол 5 адамнан аспауы керек.
4. Ағымды ғылыми жұмыс
Жұмыстың үш түрі болады:
- іргелі экологиялық зерттеулер;
- ортаға тиген әсерді зерделеу;
- ластанғыш заттар мониторингісі;
5. Мәліметтің болуы. Қорық бойынша мынадай мәліметтер болуы керек:
- метеорологиялық, гидрологиялық, геофизикалық, топырақтық, геогидрологиялық, биологиялық.
Ғаламдық мониторинг мақсаты міндеттерімен анықталған, оны Найроби(1974) кеңесінде белгілеген:
1. Адам денсаулығына қауіпті алдын алудың кеңейтілген жүйесін ұйымдастыру;
2. Атмосфераның ғаламдық ластануын бағалау және оның климатқа әсері;
3. Биосфераны ластағыштар мөлшері мен таралуын бағалау; әсіресе, тамақтық тізбекті.
4. Ауыл шаруашылығымен байланысты туындайтын дағдарысты мәселені бағалау;
5. Қоршаған ортаның ластануына жер үстіндегі экожүйе реакциясын бағалау;
6. Мұхиттың ластануын бағалау және оның теңіз экожүйесіне әсері;
7. Халықаралық көлемде апатты жағдай жөнінде ескертудің жүйесін құру және жетілдіру;
ГСМОС түпкі мақсаты:
1. Белгілі ортада ластағыштар шығарындылар деңгейін, олардың кеңістік пен уақытта таралуын орнату;
2. Ластағыштар шығындылардың жылдамдығы мен ағыс шамасын және олардың зиянды өнімге айналуын түсіну.
3. Елдер арасында сынақ пен талдауды салыстыруды қамтамасыз ету, тәжірибемен алмасу.
4. Ластанумен күресу кезінде басқарма бойынша шешім қабылдау үшін ғаламдық және өңірлік көлемде ақпаратпен қамтамасыз ету.