- •Антропогендік ықпалдың әсерінен болатын қоршаған ортадағы өзгерістер
- •2. Атмосфераның антропогендік ластануы
- •3.Гидросфераның антропогенді ластануы
- •4. Топыраққа антропогенді әсер ету.
- •1. Ғаламдық мониторинг жүйесігің притерийі мен міндеттері
- •2. Қоршаған орта мониторингінің басымдықты бағыттары.
- •3. Ластанған заттар анықтамасының басымдығы
- •4. Потенцияльді - уытты заттардың халықаралық регистрі
- •2. Фондық мониторингтің әдістері
- •3. Қоршаған ортаның глобальдық фондық ластануы
- •Атмосфераның мониторингінің негізгі міндеттері. Бақылауды ұйымдастырудың ережелері.
- •2.Байқаудың бағдарламасы мен мерзімдері
- •Бақылауға жататын заттардың тізімі
- •Ауа сынамасын іріктеуге арналған жабдықтар
- •Өлшеулердің әдістері, құралдары және нәтижені өңдеу
3.Гидросфераның антропогенді ластануы
Гидросфера дегеніміз – Жердің қатты, сұйық және газ тәрізді күйіндегі барлық сулардың жиынтығын айтады. Таза суды тұтынып, адам оны сарқынды түрде қайтарады.
Су бетінің ластануы - бұл өндірістік іс-әрекет пен тұрмыстық жағдаймен тікелей және жанама әсерінен болған судың құрамы немесе қасиетінің өзгеруі, соның нәтижесінде олар пайдалануға жарамсыз болып шығады. Табиғи ластану көктемде болады, су тоғындарына еріген сулармен өсімдік қалдықтары, қоқыстар келіп түседі. Егістік пен қала көшелерінен жаңбыр мен жылының уақытында сарқындылар ластануды әкеледі. Су тоғандары үшін ластану көздері болып сарқынды сулар жатады.
Су тоғандарына мұнайды, табиғи газды өңдеу, түсті металлургия кәсіпорындарынан аққан сарқынды сулармен бірге зиянды заттар да келіп түседі. Әр түрлі майлау материялдары, салқындатқыш сұйықтықтарды пайдаланатын металл өңдеу өндірісіндегі салқынды суларда уытты заттар болады егістік суларындағы пестидцидпен ластанатындай. Ауылшаруашылық фермалар суларында аммиак, азот тотықтары, биологиялық заттардың көп мөлшері болады. Тұрмыстық суларда жуғыш құралдар қалдықтарымен фосфаттарды әкеледі. Химиялық өндіріс сулары су тоғандарына әр түрлі беттік әрекет заттарды, формальдегидті шығарады, олар суда жақсы еріп, қышқылмен реакцияланып адам ағзасына зиянды қосылыстарды түзеді.
Сөйтіп, антропогенді әсердің табиғи сулардың ластану нәтижесі болып табылады:
- атмосферадан және қатты қалдықтар есебінен сарқынды сулармен келіп түсетін тұздардың жоғарғы мөлшері;
- ауыр металлдар иондарының жоғарғы мөлшері, соның ішінде қорғасын, кадмия, сынап, мышьяк пен цинк, фосфаттар, нитраттар және т.б.
- биологиялық төзімді органикалық қосылыстардың жоғарғы мөлшері, беттік әрекет заттар, пестицидтер, ыдырау өнімдері мен басқа уытты, канцерогенді заттар;
- су бетінің ағыс пен су көлігінің мұнай өнімдерінен ластануы;
- атмосферадан оттегінің келуін қысқартатын ластанудан оттегі мөлшерінің төмендеуі;
- судың тұнықтығының төмендеуі, соның салдарынан ластанған сутоғандарында вирус пен бактериялардың көбеюі үшін жағдай жасалады;
- ыстық ағыстармен сутоғандарының жылулық ластануы, нәтижесінде қыстың күні 8-12°С, жаздың күні 50°С-тан жоғары температурадағы аймақ құрылады;
- химиялық элементтердің радиактивті изотоптарымен ластануы.
4. Топыраққа антропогенді әсер ету.
Топырақ - бұл литосфераның жоғарғы қабаты, ал өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің және климаттың әсерінен түзілген минералы қосындылар. Топырақтың беттік қабатында өсімдік пен жануарлардың көптеген қалдықтары болады, олардың ыдырауы гумустың түзілуіне әкеледі. Адамның іс-әрекеті нәтиесінде топыраққа тікелей немесе бүлдіру жанама әсер ету факторлары пайда болады. Минералды шикізатты жыл сайынғы тұтыну 100 млрд. тонды құрайды. Нәтижесінде кендер, шахталар ашық игеру ойпаттары жерді кескіледі. Топырақты көлік магистралі ғимарат пен тұрғын үй құрылысы жойып жатыр. Жерлерді қоқыстармен газ және мұнай қышқылды жауындар пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар топырақтың деградациясына әкеліп соғады, құнарлылық төмендейді. Топырақты ластайтын химиялық элементтер мен олардың қоспалары топырықта қышқылды - сілтілі және тотықтандыру-қалпына келтіру жағдайын жасайды, топырақтың сапасы мен құнарлылығы нашарлайды. Осындай жағдайда қышқылды жаңбырлар тазартқыш құралдар қалдықтармен келіп түсіп нашарлатады. Тайғақ кезде жолдарға себілетін тұздар топыраққа сіңіп өсімдіктер мен ағаштардың жойылуына себепкер болады.
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қоқыстар топыраққа қайтымсыз зиян әкеледі. Қоқыстардың жану, өзара әрекеттесу атмосфералық жауын-шашын әрекетінен топыраққа әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Олардың өзара әрекеттесуінен топырақты, атмосфераны және жерасты суларын улайтын өте күшті улар түзіледі.
Осыған байланысты маңызды міндет қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдаға асыру немесе арнайы жерлерге көму болып табылады. Қалдықтардың түрлі түрлері бір-бірімен араласпай көмілуі тиіс.
Қандай жағдайда да есте сақтау керек, топыраққа антропогенді әсер ету биосфераның басқа қабықтарынан оқшау қаралмауы керек, өйткені олар (гидросфера мен атмосфера) тірі организмдер жататын жүйені түзіп, биосфераға айналады.
5. Биотуға антропогенді әсер ету
Қазіргі кезде нақтылы өсімдік пен жануарлар нысандарына, адамға антропогенді әсер ету сезілуде. Мысалы, үлкен мөлшерде қуат өндіретін өнеркәсіптік аудандарда. Оның мұнда күштілігі үлкен, сондай ауданға күннің интенсивті сәулеленуімен шамалас. Сондықтан "жылу аралы" түзіледі және ерекше микроклимат қалыптасады. Бұл мегаполистерге ғана тән. Адам үшін жалпы биологиялық тітіркендіргіш - шуыл. Ол белгілі жағдайда ағзаның барлық жүйесіне әсер етуі мүмкін (жүйке, көз, вестибулярлы аппарат, ас қорыту, зат алмасу және т.б. қосқанда).
Өте жоғарғы шуылда (110дБ асқанда) дыбыстық масаңдық. Дыбыстың қарқынынан басқа және оның жиілілігі де экологиялық маңызды. Кенеттен күшті дыбыстар ерекше ауыр тиеді, егер олардың жиілілігі жоғары болса (адам үшін 1-4 кГц диапазон). Үлкен шуыл көлік жұмысында жасалады, авиациялық және ғарыштың зымыран ұшқанда,оқ атылғанда және жарылыста. антропогенді инфрадыбыстар психиологиялық дисконфорт сезімін тудырады, адам мен жануарда қорқыныштың есепсіз сезімін дамытады. Шуылға жақындауы дірілді ластану болып табылады. Сондықтан тірі организмге дірілдеу жағымсыз әсерін тигізеді. Адамда еркше дірілдеу ауруы дами бастайды.
Басқарудың электронды жүйесінің қарқынды дамуына байланысты электромагнитті ластану пайда болады, кейде фонды сәулеленуден жүз есе асып түседі. Иондаушы емес сәулелену биологиялық нысандармен сіңіріледі. Бұл әуелі лайықты органдардың қызметін, кей-кезде ерекше биологиялық тканьдерін оқшаулы ыдырау ошағын тудырады.
Электромагнитті сәулеленудің қуатты антропогенді көздеріне қазіргі электро беру желілері (ЭБЖ), телерадио орталағы және ретренсляторлер, радиолокторлар, радиотехникалық және радиотрансляциялық жабдықтары, авиациадағы әуе қозғалысын, навигацияны және қондыруды басқару жүйесі, басқа да азаматтың және әскери құрылғылар және нысандар жатады.
Иондаушы сәулелену көздеріне радиоактивті препараттар мен изотоптарды, дәрігерлік рентген диогностика аспаптарын, пайдаланатын атом өнеркәсібі мен энергетика және басқа да кәсіпорындар және де ядролық жарылыстар жатады. Сондықтан адам мен тірі организмдерге иондаушы сәулелену әсерінің мәселесі күшейіп отыр. Осындай көздердің салдарына биологиялық әртүрліліктің төмендеуі (тіпті тірі жан түрлерінің жойылуы) жатады, бұл барлық деңгейдегі табиғи экожүйенің тұрақтылығы мен бұзылуына асып келеді. Сол себепті оларды өзгерту мен дағдарысты экологиялық жағдайда алдын алуда кешенді мониторингісі ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.
Бақылау жүйесінің жіктелуі
Бақылау нысаны бойынша бақылау жүйесі мынадай түрде жіктеледі (Петров,1999; Николайкин және басқалары, 2003)
(кесте-1)
Кесте 1.
Бақылау нысаны бойынша бақылау жүйесінің жіктелуі
Бақылау түрі Әсер ету көздері |
Бақылау нысаны жергілікті табиғи (вулкандар,газ атқылауы,мұнай атқылауы), антропогенді (сыртқа шығару) ластану келуінің көзі |
Әсер ету сипаты |
Ластану түрлері (энергетикалық,химиялық) |
Қоршаған табиғи орта күйі |
Географиялық, физикалық, биологиялық, орта жөніндегі мәліметтер |
Экожүйе күйі |
Биоты реакциясы: организмдер, популяция, қауымдастық, экожүйе құрылымы мен қызмет өзгерісі |
Тұтас биосфера күйі Адам күйі |
Биосферадағы ауа-райының, климаттың, продукциясы-деструкциясы процестер өзгерісі. Тұрғындардың физикалық және психикалық денсаулығы жөніндегі мәлімет |
Экосфера мен адамдардың мекендеу ортасына антропогенді әсер ету мынадай категория бойында бөлінеді:
- адамның іс-әрекетімен анықталатын антропогенді әсер ету процесінің ортақ сипаты:
- табиғи кешендердің ладшафтісі мен тұтастығының өзгерісі;
- табиғи ресурстарды шығару;
- қоршаған ортаның ластануы;
- әсер етудің материялды-энергетикалық табиғаты;
- механикалық;
- физикалық (жылулық, электромагниттік, радиациялық, радиоактивтік, акустикалық);
- физика-химиялық, химиялық, биологиялық,оларың әртүрлі үйлесімі;
- әсер ету нысандарының ктаегориялары;
- табиғи ландшафтілі кешендер;
- жер беті;
- топырақ;
- жер қойнауы;
- өсімділігі;
- жануарлар әлемі;
- атмосфераның су нысандары;
- мекеннің микроортасы және микроклиматы;
- адамдар және басқа да реципиенттер;
- әсер етудің сандық сипаттамасы;
- кеңістіктік масштабтары (ғаламдық, өңірлік, жергілікті);
- жекелік және көптік;
- әсер ету күші және оның қауіптілік дәредесі (фактор мен әсер қарқыны, "мөлшер-әсер" тип сипаттамасы, табалдырығы, нормативтік экологиялық және санитарлы-гигиеналық өлшемдер бойынша ұйғарымдылық, тәуекел дәрежсі жне т.б.);
- болатын өзгеріс сипаты бойынша уақытша параметрлер және әсер ету айырмашылығы;
- қысқа мерзімді және ұзақ;
- төзімді және төзімсіз;
- тікелей және жанама;
- әсердің көрінген және көрінбейтін іздеріне ие болған;
- тізбекті реакцияны тудыратын және қайтымсыз, т.б.
Антропогенді өзгерістер әдейі және әдейі емес, жолай және қосымша болып бөлінеді.
Әдейі өзгертулерге қатысты: егістік жерлері немесе көпжылдық көшет егістік, су сақтау, арналар және сулау жүйесі ғимараттары, қалалар, өнеркәсіптік мекемелер және байланыс жолдар құрылысы, шұңқырларды, тіліктерді, шахталарды қазу және пайдалы қазбалар өндіру үшін скважина бұрғылау, бетпақтарды құрғыту және т.б.
Әдейі емес өзгерістерге қатысты: қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның газ құрамының өзгеруі, климаттың өзгеруі, қышқылды жаңбыр, металлдар тоттануының жеделдеуі, фотохимиялық тұмандар түзілуі, азон қабатының бұзылуы, эрозиялы процестердің дамуы, шөлденудің, экологиялық апаттың басталуы, биоценоздің түрлі құрамының төмендеуі, халықта экологиялық патологияның дамуы және т.б.
Табиғи ландшафтілер ашық жүйе болып табылады, олар жеке ортамен көпсанды тікелей және кері байланыспен өзара әрекеттеседі, ауамен, су бетімен, топырақ және тау жыныстарымен, организмдер қауымдастығымен. Осыған байланысты ғаламдық мониторингі жүйесін дамыту қажеттілігі туындайды.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар
1. Қоршаған ортаға келіп түсетін ластағыш заттар көзін атап шығыңдар?
2. Эмиссияның антропогенді көздері күйі жөніндегі мәлімет деп нені түсінесің?
3. Антропогенді әсердің жіктелуін келтіріңдер?
4. Таяу ғарышқа антропогенді жіктелуін келтіріңдер?
5. Биосфера компоненттеріне антропогенді әсеріне байланысты бақылау жүйесінің жіктелуі жөнінде айтыңыздар?
6. Радиоактивті ластанудың негізгі көздерін атаңыздар?
7. Топырақ пен өсімдікке антропогенді әсер туралы айтыңыздар?
8. "Су бетінің ластануы" ұғымына анықтама беріңдер?
9. Тұманның нәтижесінен атмосфераның ластануы туралы айтып бер?
10. "Экологиялық жағдайдың аппараттық портреті" ұғымына анықтама беріңіз?
11. Мекендеу ортасына бақылауды талап ететін негізгі факторлар, элементтер мен процестер?
Лекция №6
Тақырып атауы №6: Мониторингтің ғаламдық жүйесі
Лекция мақсаты: ғаламдық мониторингі жүргізудің негізгі критериясымен (өлшеуішімен) таныстыру.
Кілтті сөздер: мониторинг, ғаламдық, басымдықты, бағалау, қауіптілік дәрежесі.
Лекция мазмұны:
1. Ғаламдық мониторинг жүйесінің критериі мен міндеттері
2. Қоршаған орта мониторингісінің басымдықты бағыттары
3. Ластанған заттар анықтамасының басымдығы
4. Потенциялды - уытты заттардың халықаралық регистрі
