Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_1_semestr_-_2007.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.99 Кб
Скачать

Омоним. Сөздердің көп мағыналығы

Кез келген ұлттың тілінде кейбір сөздің бірнеше мағынасы болуы болады. Мысалы: бас – голова, таудың басы – вершина, пик, бұлақ басы – источник родника, жұмыс басы – на работе. Берілген сөздердің жұмсалу мағыналары әртүрлі болғанмен, байланыстары да бар. Сондықтан бұндай сөздерді көп мағыналы дейміз.

Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы.

Мысалы: Бас. Адамның басы. Судың басы (бұлақ). Сөздің басы (сәлем). Таудың басы (шың).

Айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омоним дейді.

Мысалы: Ат. Ат (лошадь) жарысы басталды. Нәрестеге ат (имя) қойылды. Тирде көздеп ат (стреляй).

Мысалы: Жақ. Адамның жағы. От жақ. Маған жақ бол. Қара бояу жақ.

Омонимдердің жасалу жолдары

Жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс), жастық (жас+тық)

Кірме сөз арқылы: ақ (парсыша – бақт), сап (арабша - саф)

Сөздің дыбыстық өзгеріске ұшыруы: біз (бігіз)

Жаттығу жұмыстары.

1 - жаттығу. Омонимдерді табыңыз.

Салмақты бала асықпай заттарды сөмкеге салды. Ол кешегі шыны ыдысын шынымен жоғалтып алыпты. Мыстан кемпір Қобыланды батырды жердің түбіне батырып жіберді. Олар қалаға ертең келіп қалады. Жазда жаңбыр жаумады. Тал түсте далаға шықты. Бала бал арасын тамашалады. Ол тартпаның тұтқасын тартты.

2 - жаттығу. 1) Төмендегі мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2) Мәтіннен омоним сөздерді тауып, олардың қалай жасалғандығын түсіндіріңіз.

Дүниеде не өлмейді?

Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» –деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді

Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып:

Ағын судың өлгені –

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені –

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені –

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені –

Қар астында жатқаны

Ажал деген атқан оқ.

Бір алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді, - дейді.

Мәтінге арналған сөздік:

Дүниеде не өлмейді? - здесь: Что на свете вечно?

Бір ауыздан - единогласно

Ағын - течение

Қату - замерзать

Жабу - покрывать

Еңкею - наклоняться, пригибаться

Астыңда - здесь: под

Ажал - Смерть

Қақпан - Капкан

Ғалым – ученый

3-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің әр мағынасына сөйлем ойлап жазыңыздар да, олардың көп мағыналы не омоним екенін ажыратыңыздар.

1. Қол: а) адамның дене мүшесі, ә) әскер. 2. Жаз: а) жыл мезгілі, ә) жазу, б) бүктелген нәрсені жаю, в) аурудан айығу. 3. Ана: а) шеше, ә) туған тіл. 4. Жүз: а) бет, әлпет, ә) суда жүзу, б) жердің беті, в) пышақтың өткір жағы, г) сан.

Уақыт және адам

Адамның өмірі уақытпен тығыз байланысты. Адам кім? деген сұраққа жауап берсе, уақыт әрдайым қашан? деген сұраққа жауап береді. Мысалды алыстан іздемей-ақ әрқайсымыз кешегі, бүгінгі және ертеңгі өмірімізді ойша шолып қарайтын болсақ бәрібір кім? қашан? деген сұрақтарға соқпай кете алмаймыз. Өйткені, адамның тыныс-тіршілігі ешқашан уақыттан тыс болуы мүмкін емес. Сен қашан ұйқыңнан оянасың? Қашан сабаққа барасың? Сабақтан қашан келесің? Ұйықтауға қашан жатасың? Бұл сұрақтарға жауап бергенде адамның бір күнгі өмірі туралы білуге болады. Ал уақыт ұшқыр, ол қайталанбайды. Біз шартты түрде адамның өміріне қатысты уақытты өткен күн, бүгінгі күн, және ертеңгі күн деп бөлгенмен, бүгінгі күн бәрібір ертеңге айналады. Ал ертеңгі күн бүгін болады да, ол да өте шығады. Орыс халқында күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді, жылдар ұшып өтеді (дни идут, месяцы бегут, года пролетают) деген сөз бар. Ол өмірден алынған шындық. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол өзгереді. Сол сияқты уақыт көшіне ілескен адам да өзгереді. Ойлап қараңыздаршы, кешегі мектеп оқушылары болған сіздер бүгін студентсіздер. Ал ертең маман болып шығасыздар.

Бұл өзгерістердің бәрі уақытпен байланысты. Адам әлде бір жерден, географиялық нүктеден, мысалы қаладан немсе әлде бір оқиғалардан тыс болуы мүмкін. Бірақ та ол ешқашан уақыттан тыс бола алмайды. Уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі. Сондықтан ол секунд, минут, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр деп бөлінеді. Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең - ол ғасыр. Сол ғасырдың өзі секундтардан тұрады. Небір үлкен оқиғлардың өзі қас қағым сәтте (миг) болады.

Адам мен уақытты бөлек, жеке-жеке қарастыру ешкімнің қолынан келмейді. Адамның қолынан көп нәрселер келеді. Біраз нәрсені жасап өзгерте алады. Бірақ адам уақытқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды. Уақытын бағалап, оның қадірін түсінген адам, ең ақылды, ең бақытты адам. Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Уақытпен үйлесім таппаған қоғам да өркениет көшінен артта қалады. Қандай істе болсын уақытты ұтымды пайдалану - үлкен өнер.

Тапсырмалар:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]