Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_1_semestr_-_2007.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.99 Кб
Скачать

6 Жағдаят бойынша жауап беріңіз.

Сіздің отбасыңызда жыл сайын саяхатқа шығу дәстүр болып кеткен делік. Саяхаттауды қалай, қай уақытқа жоспарлайсыз? Қай елдерге саяхат жасаушы едіңіз? Саяхатқа кімдермен барар едіңіз?

2-тақырып. Жас отбасы және дәстүр. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер және демографиялық мәселелер. Сөз тіркестерінің түрлері.

Жас отбасы және дәстүр

Екі жастың бас қосып, от­ба­сын құруы — ежел­ден қалыптасқан дәстүр.

Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты.

Ойшыл А.Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз».

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі.

Ал, қазақта үйлену тойының өзі екі кезеңнен тұрады. Ол қалыңдықтың ұзатылу, яғни қызды шығарып салу тойы, келесісі – күйеу жігіттің ауылында болатын үйлену тойы.

Құда түсу – қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғысы жасалады. Құдалықты басқарып барған адам бас құда деп аталады.

Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Арнайы пісіріп, әзірлеген қойдың құйрық майы мен бауыры туралған табақтан қыз жағының адамдары

Құда, құда деселік,

Құйрық-бауыр жеселік,

Құйрық-бауыр жемесек,

Несіне құда деселік, - деп өлеңдете келіп, құдаларға, отырған адамдарға айнала құйрық-бауыр асатып шығады.

«Тойдың болғаны­нан бо­ла­ты­ны қызық» демекші, үйлену сал­ты негізінен, үйленуге дайындықтар, құдалық, той және той­дан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты бағыттар­дан құралады. Той біздің ұлтымыздың ежел­ден ке­ле жатқан дарқандығын, бар жиған-тергенін тек қуанышқа шашатындығын көрсетеді. Бұрын негізінен шілдехана, ұлды сүндет­ке отырғызу, мүшел жасқа то­лу тойы, келін түсіру, қыз ұзату секілді тойларға ерек­ше көңіл бөлген.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

3. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

4. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) ер баланың тәрбиесіне көңіл бөлу туралы не білесің?

ә) қыз баланың тәрбиесіндегі ерекшеліктер туралы не білесің?

6). Құда түсу салт-дәстүрін әңгімеле.

7). «Тойдың болғаны­нан бо­ла­ты­ны қызық» деген мақал-мәтелді қалай түсінесіздер?

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер және демографиялық мәселелер.

Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі. Еркек пен әйелдің өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін әлеуметтік форма. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандагы № 321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып неке

суын ішіп, некелерін қидыру.

Неке сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Демографиялық проблемаларды шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне байланысты болады.

Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:

  • нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының

тендігі;

  • осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауды еркін таңдау;

  • аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның

«Баланың құқықтары туралы» Халықаралық Конвенцияларына сәйкес балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;

  • тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы мен демографиялық және көші-

қондық процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, көші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;

  • демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын

нормалардың негізінде орталық және аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;

  • халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әр-алуандықты

сақтау және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2.Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.

3. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

4. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) елімізде халық санағы қай жылы өткізілді?

ә) демографиялық өсу неге байланысты?

6). көші-қон мәселелері туралы не білесіздер?

7). Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыздар:

Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

қызық

бару

ілгері

тұру

жоғары

жүру

ақылды

оқушы

кейін

әңгіме

ұзақ

көтерілу

алға

досым

осында

кітап

мұнда

қайту

артта

ғимарат

сатып

студент

озат

қарау

биік

болу

естіген

алу

демалысқа

күту

менің

қалу

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет, 2003. – 151 бет

2. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы, «Санат». 1995.

3. Орысша-қазақша тілашар = Русско-казахский разговорник / құраст.: А. Ж. Төрениязова, Ж. А. Тұрлыбекова, Ұ. К. Каюпова. - Астана : - 2011

4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі : Он бес томдық / Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

СӨЖ тапсырмалары

1.Жас отбасының бюджеті.

2.Жас отбасының негізгі шығындары.

3-тақырып. І семестр.

Қазіргі тұрғын үй құрылысы. Ауылдағы тұрғын үй құрылыс бағдарламасы. Тұрақты сөз тіркестері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]