
- •1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Отан отбасынан басталады
- •3 Назар аударыңыз!
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Отбасы және ұлттық дәстүр
- •3 Оқыңыз, біліңіз, аударыңыз. Тілашар (дәстүр)
- •4 Сөйлемдерді сәйкестендіріп, аударып, мағынасын айтыңыз.
- •5 Мәтінді оқып, ойды жалғастырыңыз.
- •6 Жағдаят бойынша жауап беріңіз.
- •Жас отбасы және дәстүр
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер және демографиялық мәселелер.
- •Қазіргі тұрғын үй құрылысы
- •Ауылдағы тұрғын үй құрылыс бағдарламасы
- •Мінез және келбет
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Омоним. Сөздердің көп мағыналығы
- •Дүниеде не өлмейді?
- •Уақыт және адам
- •1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •2. Мәтіннен омоним сөздерді теріп жазыңыз.
- •3. «Уақыт» сөзімен тіркесетін сөз тіркестерімен танысыңыз. Осы сөз тіркестерімен бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз.
- •4. Өзіңіз туралы мәтін құрастырыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
- •5. Әлем ойшылдарының уақыт туралы айтқан қанатты сөздерін оқып, аударыңыз.
- •Уақыт туралы
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •1. Мәтінмен жұмыс:
- •3. Төмендегі сөйлемдердің мағынасын қалай түсінесіз, түсіндіріңіз.
- •4. Берілген сөздердің омоним екенін дәлелдеңіз.
- •5. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жалғаңыз. Уақыттың пайдасы
- •Уақыттың жаулары
- •Абайдың он бесінші қара сөзі
- •1 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Салауатты өмір салты
- •Назар аударыңыз!
- •Дені саудың – жаны сау
- •Мәтінді оқыңыз және аударыңыз.
- •Жұптастырыңыз.
- •Мақал мәтелдерді оқып, жаттап алыңыз.
- •Тазалық – денсаулық кепілі
Жұптастырыңыз.
Жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, |
тұлға ретінде анықтау. |
Тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді |
сол қалпында айшықтай айта алу. |
Өзін тұлға ретінде түсіну, |
көрсету. |
Өзін іс жүзінде |
өмір сүру. |
Мақал мәтелдерді оқып, жаттап алыңыз.
Тәнi саудың жаны сау.
* * *
Ауруын жасырған өледi.
* * *
Әуелгi байлық – денсаулық,
Екiншi байлық – он саулық,
Үшiншi байлық – ақ жаулық.
* * *
Тазалық – саулық негiзi,
Саулық – байлық негiзi.
* * *
Жалқаулық – жаман ауру.
Есте сақтаңыз!
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. –Алматы, 2008.
2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.). – Алматы: Ғылым, 2009.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (6-тақырып) [қосымша 3, 4, 5]
«Салауаттық өмір салты» тақырыбына эссе жазу.
«Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме жазу.
«Уланбасын өмірің» атты тақырыпта зиянды әрекеттердің алдын алу шараларын көрсету бойынша слайд әзірлеу.
7-тақырып. Жазба жұмысы. Тазалық – денсаулық кепілі
Тазалық – денсаулық кепілі
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Мақал
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері.
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
-Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;
Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерге көңіл бөліңіз.
2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.
3. Жеке бас тазалығының ережелерін жаттап алыңыз.
4. Берілген мәтіннің мазмұнының не жайында екенін айтыңыздар.
5. Мәтіннен сын есімдерді тауып, сөйлем құрастырыңыз.
6. Тұрақты сөз тіркестерін сөйлем ішінде қолданыңыз.
Тіл мен жаққа сүйену, сөзге тоқтау, қолы ашық, көз салу.
7.. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз?
1. Тазалық – саулық негiзi, ......................................
2. Көзің ауырса, қолыңды тый, .................................
3.Жасыңда салақ болсаң, ........................................
4.Олақтан ................ .
5. Лас адам – кіршіл, ...............................................