Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_1_semestr_-_2007.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.99 Кб
Скачать

1-тақырып.

1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Жылы ұямыз

Отбасының намысын қорғау

Отбасы мүшелері

Отанды қорғау

Азаматтың парызы

Біріміз бәріміз үшін

Еңбек етсек

Жақын болсақ

Сақтай алсақ

2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Отан отбасынан басталады

«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-бабаларымыздың сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.

Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыздан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні.

Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ.

Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді.

3 Назар аударыңыз!

Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

Сөз тіркесінің айрықша белгілері:

  1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады және екеуі екі түрлі сұраққа жауап береді.

  2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.

  3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы сөз деп аталады. Бағыныңқы сөз – тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз (әдемі киіну). Басыңқы сөз – сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз (үш бала).

Сөз тіркесінен сөйлем жасалады. Мысалы, сөз тіркестері: бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады; сөйлем: Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады.

4 Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Ықпал ету, сақтауға үйрету, құрметтей білу, көзбен ұғу, ынтамен тыңдау

5 Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

* * *

Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

* * *

Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

6 Сөздерді жұптастырыңыз.

Отбасы әзірлеу

Киім істеу

Тамақ құрастыру

Жұмыс тігу

1 Оқыңыз, есте сақтаңыз және аударыңыз.

Көргенділік

Қанына сіңген әдеп

Құдайы қонақ

Меймандостық

Айып

Берік орнықтыру

Пейілі тар

Ойын-сауық дәстүрі

Ақжарқын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]