Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек-12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.26 Кб
Скачать

Қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет.

Қаржы - белгілі бір қоғамның ақша ресурстары және қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ерекше экономикалық қатынас. Осының нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларында әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қорлар мен жинақтар, ақшалай кірістер қалыптасады және пайдаланылады. Қаржы түсінігіне келесідей анықтамалар берілген:

Қаржы- өндірістік қорлардың айналымына қызмет ететіндіктен өндірістік категория болып табылады. Қаржы- қоғамдық тұтыну қорын қалыптастыратын тұтыну категориясы. Қаржы- мемлекеттің функциясын орындау үшін қажетті қорларды құрумен, пайдаланумен байланысты ақшалай қатынас жүйесі. Кез келген мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді. 1) Мемлекеттің қаржысы- ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамсыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы енеді. 2) Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес)- компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды. 3) Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес)- меншіктегі қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, аммортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді. 4) Тұрғындардың қаржысы - шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция девиденті, банк салымының проценті т.б.) негізінде коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі - ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндіріске бөлу және пайдалануды жүзеге асыру, басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Нарықтық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау. 1) Қаржының бөлу қызметі- мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік - мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға және қорғанысты дамытуға бағыттайды. 2) Қаржының реттеу қызметіне экономикалық дамуды салық, несие саясаты және мемлекеттің сырттай тәсілмен реттеуі жатады. 3) Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады. 4) Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады. Қаржы жүйесінің буындары: әр дәрежедегі бюджеттер, әлеуметтік, мүліктік, жеке адамдарды сақтандыру қорлары, мемлекеттің ва­люта резерві, кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың, басқа комерциялық жәнс коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары, басқа арнаулы ақша қорлары.

Мемлекеттік қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттен тұрады. Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығысы мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымын француз тілінен аударғанда табыс пен шығындарды бөлу дегенді білдіреді. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі денгейден- мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) республикалардың (Ресей) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді. Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет эко­номиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары. Мемлекеттік бюджеттің кірістері орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі - салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90%. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпора­ция пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік ор-гандарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы.

  • Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. Астана, 1997

  2. Назарбаев Н.Ә.Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004 ж.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 ж.

  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 26 наурыз 2005 ж.

  5. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.

Оқу құралы.- Астана, 2002.- 464 бет.

  1. Крымова В.Ж. Экономикалық теория. Алматы,2002. – 118 бет.

  2. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы,1998

  3. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2004.- с. 662.

  4. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией А.И. Добрынина, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2001.- с. 542

10. Курс экономической теории / Под общей ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е. А.-

М-2004.-С.832.

11. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований:

Учебное пособие.- Алматы.- 2003.- 200 с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]