
Ф КГМА 1-8-21/02
МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
Казақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы:«Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары».
Пән: «Экономикалық теория негіздері»
Мамандығы: «051102-Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс: 2
Уақыт (ұзақтығы): 50 минут
Қарағанды – 2013 ж
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Хаттама №____ «____»_______ 2013ж.
Кафедра меңгерушісі: К.А. Темиргалиев
Тақырыбы: «Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары».
Мақсаты: студенттерге нарықтық экономиканың мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, маңызы, құралдары арқылы қоғам дамуындағы мемлекеттік бюджет, қаржы- несие жүйесі құрылымының, мемлекеттің ақша- несие саясатының мәнін түсіндіру, қаржы мен несиенің функцияларымен таныстыру, нарықтық экономикада банк ісіндегі қазіргі заманғы тенденцияларды қолданудың қажеттілігін, орны мен рөлін анықтауға бағыттау, сонымен қатар несиенің негізгі формалары мен несиелеу принциптерін қоғамдық өмірде қолдана білуге үйрету.
Дәріс жоспары:
экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, атқаратын қызметтері,
құралдары.
экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері.
ақша- несие жүйесі және Қазақстан Республикасындағы ақша- несие саясаты.
4. қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет.
Дәріс тезистері:
Джон Кейнс 1936 жылы шыққан өзінің «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты. Ол экономикалық дағдарысты, жаппай жұмыссыздықтың тууын ескертіп отыруы және соның негізінде экономиканы дағдарыстан шығару үшін әртүрлі шараларды қолдануы керек екендігін айтты. Батыс елдерінде 70 – ші жылдардың ортасында болған экономикалық дағдарыстар арқасында Дж. Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.
Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» деп аталды. Оның авторлары неміс экономисі Фридрех Август фон Хайек (1899 – 1984жж.) пен американ экономисі Милтон Фридман (1912ж) және басқалары болды.
Нарықтық экономикаға мемлекеттің рөлі жайлы аралас экономиканы жақтайтындар басқа көзқараста болды. Нарықтық экономиканы өте терең зерттеген ағылшын экономистері Дж. Кейнс, Рой Харрот (1890 – 1978жж.) Джон Робинсон (1903ж) және американ экономисі Элвин Хансен (1887 – 1975жж).
Американ экономисі Дж. Гэльбрейд (1908ж) «Салмақтылық» күш теориясын ұсынды. Оның айтуынша, еркін нарықтық экономикада реттеу механизмі жоқ, ал оның орнын «Салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж. Гэлбрейд «Салмақтылық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады.
Басқа да белгілі американ экономистері, «аралас экономика» теориясының өкілі Пол Самуэль Сон былай деген: «Біздің экономикалық жүйе – еркін кәсіпкерлердің «аралас» жүйесі болып табылады, себебі экономикалық бақылау қоғам тарапынан жүзеге асырылады».
Нарықтық экономикада мемлекетік реттеудің негізгі мақсаттары келесідей: экономиканың дұрыс қызмет атқаруын қадағалау; дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен жобаларды дайындап жүзеге асыру; әлеуметтік инвестициялау, яғни, мектеп, аурухана, тұрғын үй, жол салу және жағдайы төмен аудандарға көмек жасау; тұрақтылықты сақтау және өзгерістерге қарай экономиканы бейімдеу; макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе- теңдікті қамтамасыз ете отырып мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарын нығайту; әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін-өзі айқындауға, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және саяси мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндік беретін демократиялық қоғам құру; мемлекеттің табиғи және экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету; әлемдік сауданы дамыту үшін барлық жағдайларды жасау, импорт пен экспорты жетілдіру.
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Бұл жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болады, сөйтіп нарықтық экономикаға мемлекетің араласуын қажет етеді.
Кез келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекетің рөлі оның қызметтері арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет: 1) нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады; 2) мемлекет кәсіпкерлік қызметі де атқарады, яғни, ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т. б. объектілер;3) нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету, яғни, сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. 4) мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқарады және бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты бөледі; 5) тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады; 6) мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға оқушыларды, студенттерді, зейнеткерлерді, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.
Нарықты реттеу тәсілдері – бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеуші объектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай жіктейміз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе – теңдікке әсер ету тәсіліне қарай – тікелей және жанама.
Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне әсер етуімен байланысты. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраныс төлем қабілеттігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады. Олар нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл бір жағынан бәсекені дамыту үшін монополияға қарсы шараларды жасау болса, екінші жағынан – төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін тұрғындарға әлеметтік қорғау саясатын жүргізеді.
Жанама тәсілдер экономикалық қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етуімен байланысты. Экономикалық процестерді жанама реттеу тәсілдеріне жатады: салық салу, салық жеңілдіктері; бағаға бақылау орнату, несие жеңілдіктері; экспорт пен импортты кедендік реттеу; валюта курсы мен валюта айырбастау шаралары.
Мемлекеттік реттеудің – ең маңызды құралдарыны мыналар жатады:
Тікелей мемлекеттік басқару - жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық (әсіресе атом энергетикасы), қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары және т.б. мемлекеттік маңызы бар объектілер жатады. Бұл объектілер, әдетте, мем-лекеттік немесе муниципалдық меншікте болады.
Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады.
Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.
Заңдық-құқықтық реттеу. Экономикалық жүйенің қызмет етуінің жалпы қағидаларын, ұлттық экономикадағы және дүние жүзіндегі өндірістік, әлеуметтік қатынастардың қызмет етуін анықтайтын заңдардың, олардың механизмдерінің жиынтығы.
Несие, ақша саясаты. Бұл тәсіл халық шарушылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін.
Қаржы-несиелік реттеу бюджеттік-салықтық және ақшалай-несиелік реттеу нысандарынан құралады. Бұл реттеуді үкімет макроэкономикалық белсенділікті, жиынтық ұсыныс пен сұраныстың сәйкес тепе-тендігінің құрылуын реттеу, ынталандыру, ұстап тұру үшін мына құралдар арқылы жүзеге асырады: 1) салық саясаты- үкімет салық қойылымдарын, объектілерін, салық салатын аймақтарды, салық преференциясы мен жеңілдіктерін белгілейді; 2) ақша саясаты- ақша массасының эмиссиялануы, Ұлттық банктегі минималды резерв көлемінің өзгеруі үкімет тарапынан белгіленеді; 3) несие саясаты - банк несиелері үшін пайыздың есептік қойылымын белгілеу, мемлекеттік бағалы қағаздармен рыноктық операциялар, мақсаттық несиелеу, тікелей қаржыландыру; 4) валюталық саясат - ұлттық валютаның айырбас бағамының жүйесін таңдау, сәйкес нақты және номиналды айырбас бағамын белгілеу, валюталық резервтерді анықтау; 5) кедендік саясат- экспорттық-импорттық кедендік алымдар мен квоталарды белгілеу.
Баға мен табыстарды реттеу саясаты. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді.
Әлеуметтік саясат өзіне табысты индикациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынадай салаларды қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты- елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта-несие қатынасын, ғылыми-техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясатының негізгі түрлері белгілі. Олар протекционизм және фритредерство. Протекционизм саясаты — өз өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, ішкі нарығын шетелдік бәсекеден қорғау. Протекционизмге жоғары кеден бажы, импортты шектеу тән. Фритредерство - еркін сауда саясаты, яғни шетелдік тауарларға әр түрлі шектеулерді алып тастау, төменгі кеден тарифін белгілеу. Мемлекет бұл саясатты уақыты мен орнына карай реттеп отырады.
Әкімшілік реттеу әр түрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады. Мысалы, қоғамдық қолдану салаларын реттеу (электроэнергетика, көлік, байланыс, коммуналдық қызмет және т.б.), қор биржасының, несие банкінің мекемелеріне әкімшілік бақылау, жәке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұндай жұмыс күші нарығын реттеу қызметі, жұмыссыздарды есепке алу, жәрдемақыны төлеу, оларды жұмысқа орналасуын ұйымдастыру жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алу керек. Алдына қойылған мақсатты экономикалық циклдық ағымдағы фазасының іс әрекетін өзгертуге әрекет жасау. Мысалы, экономикалық дағдарыстың ауқымын бәсеңдетіп шектеу, қозғалыс фазасының жүзеге асуын тездету, өнеркәсіп өрлеу фазасын тоқтата тұру немесе соза тұру және т.б. Осы себептерге байланысты қысқа мерзімді реттеуді көбінесе коньюктуралық немесе антициклдық саясат деп атайды. Нарыққа өту кезінде қысқа мерзімді реттеудің басты мақсаты бағаның тым қарқында өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады. Қысқа мерзімді реттеудің бұл бағыты дифляциялық саясат деп аталады.
Ұзақ мерзімді реттеудің түріне мақсаттық бағдарламаны жатқызамыз. Себебі онда нақты шаруашылық міндеттемелерін шешуде белгілі бір әлеуметтік экономикалық шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламаны кәдімгі және төтенше деп бөлеміз. Соңғысы ерекше жағдай болғанда жасалса, ал кәдімгі бағдарлама белгілі кезеңге бөлініп, әдетте бес жылға жасалады. Оған жыл сайын өзгерістер енгізіліп және бір жылға созылады. Бағдарламаны жасауға кең көлемде кәсіпкерлер одағының сауда өнеркәсіп палатасы өкілдері, кәсіподақ, ұлттық банк өкілдері де қатысады. Қазақстан Республикасында арнайы жалпы мемлекеттік бағдарламалар маңызды аймақтық мәселелер шешу үшін жасалады. Мысалы, Аралды қалпына келтіру,Семей мен Батыс Қазақстан полигондық («Нарын-Азғыр, Тойсоғар») аймағын дамыту, аудандағы жекелеген («Ауыл») ауылдарды көтеру және т.б. Салалық, салааралық, аймақаралық және аймақтық деңгейге жасалған бағдарламалар белсенділікпен қолданылады. Олар ірі мақсаттық экономикалық, әлеуметтік, инвестициялық, ғылыми техникалық мәселелерді шешуге бағытталған.
Жалпы тарихта мемлекет пен экономиканың өзара қарым-қатынасының мына үлгілерін көрсетуге болады:
Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де тұтынушылар да нарықтың ережелеріне сай қызмет атқарады. Нарықтық жүйе өзін-өзі реттейді, пайыз қойылымының кұбылуы,баға мен жалақы қатынасының икемділігі арқылы қоғамның шектеулі ресурстарды толық және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.Классикалық үлгі мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі нарықтық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетеді. Мұндай үлгіні түңғыш рет А. Смит «Халыктар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. А. Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер нарығы мемлекеттің бақылауынан түбегейлі босауы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар нарықтан өзіне не кажет тауарларды сатып алады. Сонымен, классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің нарықтық механизмге араласуына карсы күресті және жеке мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді.
Кейнстік үлгі. XX ғасырдыц 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында Дж. Кейнстің «Жұмыспен камту, пайыз, ақшаның жалпы теориясы» еңбегі жарық көргеннен кейін, экономикада төлем қабілеті бар сұраныстың жеткіліксіздігі тұракты құбылыска айналатындығы және номиналды жалақының да, пайыз койылымының да төмендеуі жұмыссыздықты жоюға ешбір дәрменсіз екені мойындалды. Жалақыны қысқарту төлем қабілеті бар сұранысты төмендетеді де, жағдайды одан әрі қиындатады. «¥лы дағдарыс» тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі пайыз қойылымының өзі де кажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныста ұлғаймайды. Бұған қарсы бірден бір қолданатын шара -мемлекеттің экономикаға араласуы. Сонымен, Дж. Кейнс мемлекеттің экономикалық процестерге белсенді қатынасу қажеттілігін негіздеді. Экономикалық жағдайда мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы жағдайын сақтаушы және қорғаушы «түнгі күзетші» рөлінен алшақтауы кажет. Ол белсенді түрде бюджет, қаржы - несие, әлеуметтік саясатты жүргізуі керек. Сонымен, өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде нарық басым рөл атқарады деген көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді.«Нарықтың қуатты колына» жаңа серпін беретін косымша бір күрделі құрылымның кажеттігін уақыт дәлелдеді. Мұндай кұрылымның рөлін мемлекет атқара алады. Мәселе, мемлекеттік араласудың оптималды шекарасын анықтау нарық заңдарын толығымен және тиімді пайдалануға жол ашады. Осы жағдайда қоғам ұлттың дамуы мен гүлденуіне қажетті экономикалық базаға ие болады. Мемлекет пен экономиканың үйлесімді әрекеті шаруашылығы тиімді қоғам құруға мүмкіндік береді, сол кезде «мемлекет баскару еркіндігін сақтайды, әрі ұлгайтады, сонымен катар үкіметтің халық күзетшісі болуын, оның қожайынына айналмауын қадағалайды». Дж. М. Кейнстің тұжырымдамасы экономиканы мемлекеттік реттеудің ұзақ мерзімдік тәжірибесінің негізі болды. Бұл тұжырымдама әр түрлі елдерден өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты және сол елдердің өзіндік ерекшеліктеріне сай қолданылады. Кейнстік реттеу үлгісінің негізгі сипаттарына токталайық: Біріншіден, мемлекеттік бюджет арқылы кайта бөлінетін ұлттық табыс үлесінің жоғары болуы, мысалы, ол Жапонияда-34,2%, АҚШ-та- 37,6%, Батыс Еуропа елдерінде- 50% және одан жоғары, бұл жерде үлестің өсу беталысы байкалып отыр. Екіншіден, мемлекеттік және аралас кәсіпорындар негізінде ұйымдастырылған кең ауқымды мемлекеттік кәсіпкерліктің пайда болуы. Үшіншіден, экономикалық конъюнктураны тұрактандыру, кезеңдік ауытқуларды болдырмау және өсу мен іске тартылудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін кең түрде несие-ақшалай және бюджеттік-қаржылық реттегіштерді пайдалану. Кейнсиандық үлгіні экономиканы реттеу мәселелері жөнінде біркелкі теория деп санауға болмайды. Осы теорияның негізінде үш бағыты бар: солшыл (либералдық), консервативтік және неоклассикалық.. Солшыл кейнстік бағыт бүгінгі экономиканың қайшылықтарынан құтылуды қоғамдық мақсат үшін мемлекеттің шығындарын тұрғын үй құрылысына, денсаулық сақтауға, әлеуметтік сақтандыруға, жол салуға, сонымен қатар, фермерлердің, ұсақ кәсіпкерлердің табыстарын, жұмыскерлердің жалақысын өсіруге жұмсалатын шығындарды өсірумен байланыстырады. Консервативтік бағыт бар үмітті экономикаға мемлекеттік реттеудің, пайданы барынша жоғарлату арқылы және экономиканың консервативтік құрылымын сақтау аркылы, жүрілуінің қажеттігіне артады. Неоклассикалық бағыт бойынша, тиімді несиелік-ақша және фискалдық саясат арқылы халықтың әр түрлі топтар табыстарының дәрежесін белгілеу, инвестициялық саясатты үйлесімге келтіру, прогрессивтік салалық құрылымды қалыптастыру үшін мемлекеттің экономикалық процестерге микро және макро дәрежеде кірісуін қажет етеді.
Неоконсервативтік мемлекеттік реттеу үлгісі. XX ғасырдың 70-жылдары Батыс елдерінде экономикалық өсудің тежелуі мен кезеңдік дағдарыстар ғана емес, басқа да құрылымдық дағдарыстар басталды, оларға энергетикалык, шикізаттық, экологиялық, валюта-қаржылық дағдарыстар жатады. Бұдан кезеңдік өндіріс дағдарысынан өту міндеті ғана емес, экономиканың құрылымын түбегейлі қайта кұру міндеті туындады. Осы міндеттерді шешу мемлекеттік реттеудің қалыптасып келе жатқан неоконсервативтік үлгісінің үлесіне тиді. Бұл үлгінің теориялық негізін неоклассикалық бағыттағы тұжырымдамалар қалады. Олар: монетаризм (М. Фридмен), ұсыныс экономикасы тұжырымдамасы (А. Лаффер, Дж. Гилдер), рационалды күту теориясы Дж. Мат, Р.Лукас, Л. Репинг. Сонымен ұдайы өндірісті реттеудің- «тиімді сұранысты» қалыптастыру үлгісі оң нәтиже берудің орнына, дағдарыс бүліншіліктерінің қосымша қайнар көзіне айналды.
Мемлекеттік реттеу үлгілерінің жаңа бағыты ұдайы өндіріске сұраныс арқылы әсер етуден бас тартып, өндіріс процесі мен ұсынысқа жанама әсер етуші шараларды қолдануды талап етеді. Бұл мақсаттарды жақтаушылардың пікірінше капитал қорлануының және жеке меншік кәсіпкерліктің механизмдерін қайта жасап, жандандыру кажет. Неоконсервативтік үлгінің ескірген кейнстік шаралардан басты ерекшелігі- мемлекеттің экономикаға тікелей араласу шараларын шектеп, жанама әдістер мен экономикалық құралдар арқылы ғана реттеуді басты мақсат етеді. Экономикасы дамыған елдерде өндіріс тиімділігін арттыру мен саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде «Нарықтық күштер» басты рөл атқаратындығы белгілі..
Мемлекеттік реттеудің екі басты үлгісі бар: реактивтік (адаптациялық) үлгі- бұл үлгі АҚШ-қа тән. Осы үлгі арқылы нарықтың болмашы «қателіктерінің» өзімен есептесу мүмкін болады. Мемлекет пен жеке бизнестің бірлескен қызметтерінің қажетті формаларын пайдалана отырып, реттеуші органдардың құрылымы мен қызметтерінің икемділілік дәрежесі жоғары болғандықтан, макро және микро дәрежеде тікелей және жанама реттеу құралдарын ұтымды қолдану. Мемлекеттік реттеудің белсенді үлгісі арқылы (Жапония) нарық механизмінде мүмкін болатын ұнамсыз жағдайларды алдын ала ескеруге болады - мемлекеттік кірісудің шамасын, көлемін тура белгілей отырып болжауды қолданып, мемлекет және кәсіпкерлердің келіссөздерінің нәтижесіндегі ұсыныстармен есептесіп отыру.