Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек-10.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.73 Кб
Скачать

Ұдайы өндіріс көлемінін өзгерісінен туындайтын дағдарыс сипаты бойынша:

артық ендіру дағдарысы; жетіспеушіліктен болатын дағдарыс- яғни халықтың қажеттілігін қанағат-тандыру үшін тауар мөлшерінің жеткіліксіз болуы.

Ұзақтылығы бойынша: қысқа мерзімді; орташа мерзімді; ұзақ мерзімді.

Казіргі нарықтың маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды.

Біріншіден, бұл тауар және ақша кайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде акша айналым құралы ретінде колданылғанда, онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама-қарсы актіге үзіледі: 1) сату Т-А болса, 2) сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін - ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен байланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші макта өндірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б. Бұндай жағдай жай тауар өндірісіне ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс кұлдырауы пайда болады.

Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы нарықтағы сұраным пен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ, сипатқа ие болса, онда өндіріс мен тұтыныс аясында да ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.

Үшіншіден — бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің үлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп те айтады.

Экономикалык дағдарыстар динамикасы артық өндірудің XIX-шы ғасырдағы қүбылысы 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-11 жылдан соң пайда болып отырған: 1825, 1836. 1847, 1857. 1866, 1873, 1882, 1891. Ал, ХХ-шы ғасырда дағдарыстар арасындағы мерзім 8 жылдан 3-4 жылға дейін қысқара бастады: 1900. 1907, 1917, 1921, 1929-33, 1937-38. Әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945, 1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979

Экономикалық дағдарыстар аса тереңдемейтін болды, бірақ жиілеп кетті. Егер екінші дүниежүзілік соғыска дейін экономикалық дағдарыстар негізінен Еуропа елдеріңде болса, осы соғыстан соң экономикалық дағдарыстардың орталығы америка континентіне ауысты-онын ішінде АҚШ-на .

Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатқа ие болса, кейін экономикалық дағдарыс бір мемлекетте пайда бола бастады. Екінші дүниежүзлік соғыстан соң экономикалық дағдарыстар негізінен ресми сипатқа ие болды. Мәселен, XX-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы үш-ақ рет байқалды: 1958, 1974, 1980 жылдары, ал ХІХ-шы ғасырда бұдан 3 рет артық болды.

Артық өндіру экономикалық дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзады. Өндіріс мына жағдайда тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындырады және ол кәдімгі пайданы таппайды. Шығар жол біреу ғана — өндірістік қорларды жаңалау: машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалылық әрі пайда әкелетін өнім өндірісіне кірісу қажет.

«Бәсекелестік күрес, әсіресе техникадағы шешуші төңкерістер кезінде, ескі еңбек кұралдарын оның табиғи өрлеуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап етеді. Катастрофа, дағдарыстардың басты нәрсесі - кәсіпорындағы ірі жабдыктарды кең коғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді». Өндірістік және оның негізігі капиталының жаңару мерзімі - бұл кезекті дағдарыстың материалдық негізін жасау мерзімі болып табылады.

ТМД елдерінде 1990-ыншы жылдары экономикалық дағдарыстың жаңа типі пайда болды - бұл өндіруі жетпеген дағдырыс. Себебі КСРО-ның құлауына байланысты бұрынғы одақтас республикалардың өзара экономикалық байланыстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекеттердің құрылуы. Сондай-ақ статистикалық мәліметтердің көрсетуінше, өндіруі жетілмеген экономикалық дағдарыстың алғы шарттары КСРО-нын кұлдырауынан ұзақ уақыт бұрын қалыптаса бастаған, дәлірек айтсақ 70-ші жылдардың өзінде басталған. Сол кездің өзінде К. Маркс жанар-жағар және шикізат салалаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір рудасын өндіру қысқарған, шойын мен болат балқыту кеміген. Бұл экономикалық ұдайы өндіріс мүмкіндіктерінің тығырыққа тірелгендігін көрсетті және ол жағдай ауыл шаруашылығында байқалды. Нәтижесінде соңғы 20 жылда астық, картоп, көкөніс басқа да өнімді өндіру көлемі өзгеріссіз қалып, ал елдегі тұрғындар саны шамамен 20%-ға артты.

Мәселенің бұлай күрделенуі әскери шығындарға қаражаттың мол жұмсалуымен және тұрғындардың ақшалай табысының өсуімен байланыстырылады. Тіпті 1990-шы жылы тұрғындардың ақшалай табысы 17%-ға өсіп, ал тауар мен қызмет көрсетуді қанағаттандыра алмаған сұраным 238 млрд. рубльге жетті. Қазақстан жалпы одақтық халық шаруашылығы кешенімен тығыз интеграцияда болғандықтан, бұл жерде де өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы белең алды. Ақшалай табыстың өсуі, өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы тауар мөлшерімен қамтамасыз етілмеді. Қанағаттандырылмаған сұраным республикада 1990-шы жылы 16,5 млрд. рубльден асып кетті немесе 76%-дан астам жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсетуді құрады. Өндірістің құлдырауы соңғы 4-жылда жалғасты. Мәселен, 1995және 1997-ші жылдары Республикада өндіріс құлдырауы жалғасып, 1990-шы жылғы деңгейдің 40%-на жетті.

  • Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. Астана, 1997

  2. Назарбаев Н.Ә.Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004 ж.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 ж.

  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 26 наурыз 2005 ж.

  5. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.

Оқу құралы.- Астана, 2002.- 464 бет.

  1. Крымова В.Ж. Экономикалық теория . Алматы,2002. – 118 бет.

  2. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы,1998

  3. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2004.- с. 662.

  4. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией А.И. Добрынина, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2001.- с. 542

  5. Курс экономической теории / Под общей ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е. А.- М-2004.-С.832.

  6. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований: Учебное пособие.- Алматы.- 2003.- 200 с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]