Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек-10.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.73 Кб
Скачать

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Казақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы:«Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық».

Пән: «Экономикалық теория негіздері»

Мамандығы: «051102-Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: 2

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды – 2013 ж

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Хаттама №____ «____»_______ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі: К.А. Темиргалиев

  • Тақырыбы: «Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық».

  • Мақсаты: қоғам дамуындағы экономикалық циклдар және оның типтері мен факторлары негізінде дамудың теориялық және тәжірибелік мәнін түсіндіру, практикада инфляция және жұмыссыздықпен күресу жолдарымен таныстыру, бірқатар факторларға байланысты инфляцияның өсу қарқынын түсіндіру, олардың нарықтық экономикадағы қолдануы мен рөлін анықтауға бағыттау, сонымен қатар студенттердің іскерлік қабілеттілігін қалыптастыру.

  • Дәріс жоспары:

  1. экономиканың циклдық дамуы экономикалық динамиканың жалпылама нысаны ретінде.

  2. циклдің фазалары.

  3. инфляция және жұмыссыздық.

  4. дағдарысқа қарсы саясат және Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсудің бағдарламалары.

Дәріс тезистері:

Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған экономикалық циклды қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Экономикалық дамудың циклдық заңдылықтарын зерттеу-макроэкономикалық талдаудың құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Экономикалық цикл дегеніміз - бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономиканың циклдық дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп-тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегралды теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектеп экономистерінің циклдың болу себептерше байланысты әртүрлі көзқарастары бар.

Қазіргі жағдайда экономикалық циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол, біріншіден, экономикалық белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін токырау фазасына токталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуынын диапазонының қысқаруы; үшіншіден экономикалық циклға рыноктың монополиялық құрылымының, ҒТП-тің, өндірістің ғаламдануының, экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.

К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт сатысын бөліп қарастырды. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-ның экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминология бойынша цикл келесідеи сатыларды қамтиды: шың немесе жарылыс, рецессия немесе құлдырау, дағдарыс және жандану. Экономикалық конъюнктураны сипаттау үшін бірқатар экономикалық көрсеткіштер қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жеке табыс, өнеркәсіптік өнімдер көлемі, бағалар деңгейі және т.б.). Цикл барысында экономикалық айнымалылардың өзгеруіне байланысты олар проциклдық, контрциклдық және ациклдық болып бөлінеді. Қазіргі кезде статистиктер мен экономистер экономикалық конъюнктураға толық, нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы беталысын ғана анықтай алады. Себебі экономикалық тұрақсыздық пен саяси қақтығыстар кезінде барлық әсер етуші факторларды есепке алу, ұлттық экономикаға халықаралық ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму беталысын анықтағанның өзінде сатылардың жүру мерзімін нақгы атап, экономикалық саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес.

Қазіргі қоғамдық ғылымда экономикалық циклдардың бірнеше типі белгілі. Олар, әдетте, осы толқындарды зерттеп, ғылымға енуіне негіз болған экономистердің атымен аталады.

Циклдар типі

Циклдар мерзімі

Негізгі ерекшсліктері

1. Китчин циклы

2-4 ж.

Қор мөлшері→

инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы, тауарлық цикл

2. Жугляр циклы

7-12 ж.

Инвестициялық цикл→ инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы

3. Кузнец циклы

16-25 ж.

Табыс → иммиграция →үй кұрылысы →жиынтық →сұраныс→табыс

4. Кондратьев циклы

40-60 ж.

Техникалық прогресс, құрылымдық өзгерістер

5. Форрестор циклы

200 ж.

Энергия және материалдар

6. Тоффлер циклы

1000-2000ж.

Өркениеттің дамуы

Китчин циклы немесе қор циклі. Д. Китчин 2-4 жыл аралығындағы қысқа ауытқуларды қаржы шоттары мен тауар қорларының қозғалысы кезіндегі сату бағаларына негіздей отырып зерттегсн. Ол қысқа мерзімді циклды тауарлы-материалдық қор мөлшеріндегі ауытқулардың болуымен байланыстырады.

Жугляр циклы немесе «өнеркәсіптік цикл», «бизнес циклы». Ең алғаш рет өнеркәсіптік цикл Англияда 1825 жылы бастау алды, оған машина өндірісінің, өнеркәсіптін басқа салаларында басымдылық жағдайға ие болуы себеп болды. Бұл дағдарыс Англияда басталып, АҚШ-та және басқа да батыс Еуропа елдеріне де тарады. 1847-1845 жылдардағы дағдарыс әлемдегі бірш-ші дүниежүзілік дағдарыс болды. Оның артынан іркес-тіркес 1857-1866 ж.ж. жэне 1873 ж. дағдарыстар жалғасты. Егср де XIX онеркәсіптік цикл 10-12 жылды қамтыса, XX ғ. ол 7-9 жыл болып кысқарды. 7-12 жылдык цикл К. Жуглярдың Франция, Ұлыбритания жэнс АҚШ-ғы өнеркәсіптік ауытқулар табиғатын зерттеудегі енбегі үшін оның атымен аталды.

Кузнец циклы. 1930 жылдары АҚШ-та «құрылыс циклы» жөнінде көптеген зерттеулер пайда болды. 1946 жылы С. Кузнец өзінің «Ұлттық табыс» атты еңбегінде өндіріс кұрал-жабдықтарына, ғимараттарға жұмсалған жиынтық инвестиция, тұтыну шығыстары, ұлттық табыс көрсеткіштері арасында жиырма жылдық өзара ауытқулар бар екендігін, сонымен қатар, бұл ауытқулар құрылыста ең жоғары деңгейде болатындығын дәлелдейді.

Кондратьев циклы. Экономикадагы циклдар мерзімі әр экономистердің қарастыруы бойынша әртүрлі ұзақтықты қамтиды. Экономикада Н.Д. Кондратьевтің аты «ұзын толқындармен» байланысты. Ол тауар бағасының индексінс, пайыз қойылымына, рентаға, жалақы динамикасына, өндіріске қатысты статистикалык мәліметтерді пайдалана отырып, кысқа мерзімді циклдармсн қатар 45-58 жыл аралығын қамтитын толқулардың бар екендігін дәлелдейді. Сонымен бірге, Кондратьевтің «ұзын толкындары» элеуметтік-экономикалық жүйені толық қамтитын, өндірістегі технологиялык әдістердің кең ауқымды өзгерістерімен байланысты экономикалық белсенділіктің ауытқуларын да қарастырады.'

Экономикалық цикл — бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қаблеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі. Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер: тауар артықшылығы; бағалардың төмендеуі; жұмыссыздықтың артуы; өндіріс көлемінің қысқаруы; пайыз қосылымының өсуі. Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие-ақша байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғайды және кәсіпорындар кұлдырап, жойыла бастайды.

Экономикалық циклдың келесі фазасы дағдарыс (депрессия) («depressio» — латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқтайды. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін акша капиталы пайда болады. Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер: өндіріс құлдырауының қысқаруы; тауар қорының көбеюі; жаппай жұмыссыздық; төмен жалақы; ссудалык пайыз қойылымының төмен деңгейі.

Келесі фаза — жандану, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Жандану сатысына тән ерекшеліктер: құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі; өндіріске инвестицияның келуі; тауарлар бағасының өсуі; жұмыссыздық мөлшерінің аздап болсын қысқаруы; халыктың табысының біртіндеп өсуі.

Циклдың кезекті фазасы — өрлеумен алмасады.Өрлеу өнім ендірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы темендейді Өрлеу сатысына тән ерекшеліктер: өндірістің кұлдырауға дейінгі мөлшерінен артуы; тауарлар бағасының жоғарлауы; жұмыссыздықтың қысқаруы; жалақының көбеюі; несиеге деген сұраныстың артуы.

Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптаскан бірнеше теориялық қөзкарастар бар. Мәселен, К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен кайталану себептерін тұрақты капиталдың жаппай жаңаруымен қарастырған.

Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері («шекті тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

Қазіргі Дж. Кейнстің ізбасарлары — «неокейнстіктер» — мәселен американ экономисі — Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сипаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.

Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика тұраксыздығының себебі болып табылады.

Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы кажет.' Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ньщ монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған.

Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемелекет антициклдык бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі кажет. Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж. Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің қүлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.

Инфляция мен жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі болып табылады. Кез келген экономикада бұл мәселелер туындайды және ғасырлар бойы өз шешімін таппайды. Инфляция-кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оны жабу үшін қағаз ақшалардың массасынан артық шығарылуы; мемлекеттің өндірістік емес шығындары (әсіресе әскери шығындар) деңгейінің жоғарлылығы; тауар тапшылығынан бағаның өсуі; бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, олардың өзінінің өніміне тұтыну сапасын артырмай-ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен жүзеге асырылуы; жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының (эмиссия-айналымға ақшамен бағалу қағазды шығару) құны пайда болуына көмектеседі.

Инфляция термині латын тілінен аударғанда қампиған дегенді білдіреді. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ә) қарқынды; б) ұшқыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10%-дан аздау) өседі. Инфляция 2-3% болған жағдайда, нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200%-ға дейін) өседі. Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі (тұрғындардың өмір деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды және т.б.) Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның санымен баға астрономиялық жылдамдылықпен (50-1000%) өседі.

Шетел ғалымдарының ойынша «баяу инфляция» экономиканы «көңілдендіруге» әсерін тигізеді және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықты жоя бастайды. Американ экономисі А. Манның айтуынша, бағаның қалыпты әлі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және тұтыну қабілеттілігін арттырады. Шынындада инфляцияның бірінші кезеңде, қағаз ақша қарқының қамтамасыз ету, олардың эмиссия қарқынынан қалған кезінде, арнайы инфляциялық конъюктура пайда болып, тауар бағасының өсуі уақытша өндірісті ұлғайтып, тауар айналымын ынталандырады, алайда ақшаның құнсыздану деңгейіне қарай инфляция өндіріспен айналым процесін ұйымдастыруды тезірек бұзатын әсерлерге («қарқынды» инфляция) тап болды. Сөйтіп, несие – қаржы және валюта жүйесінің («гиперинфляция») толық бұзылуына алып барады. Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем кабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі.

Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі. Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеуді талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.

Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бір-бірімен тығыз байланысты және біріне-бірі себепші, оларды ажырату мүмкін емес.

Дүниежүзілік тәжірибеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі: 1) экономиканы қамтитын аумағына байланысты - жергілікті, ұлттық және әлемдік инфляция; 2) қозғалыс қарқынына байланысты - біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бір қалыпты емес) инфляция. Егер инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен және өндірістің құлдырауымен ұштасса, ондай кұбылысты «стагфляция»деп атайды.

Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-тендік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында бағаның кезенімен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардын өсуін баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей өзгертіп, оны аса бұзбайды. Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол бағаны реттейтін (жалақыда болуда мүмкін) экономикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуіне де, ақшаның қорлану мәжбүлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады. Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызымет көрсетуді үлестіру өлшемі болуды тоқтады.

Инфляцияның қазіргі кездерде өзіне тән біршама ерекшеліктері бар:

- егер, инфляция қарқыны бұрын бір жердің аумағынан шықпаса, қазір бүкіл ел аумағын қамтиды;

- егер, инфляция бұрын бір мезгілде ғана жүрсе, қазір инфляция көп уақытқа созылатын кұбылыс;

- егер, инфляция бұрын тек ақшаның әсерінен туындаса, қазір көптеген ақшасыз және баска да экономикалық емес факторларға байланысты.

Инфляцияға төменде көрсетілген пайда болу себептерінен басқа, осы елдегі саяси жағдай да әсер етеді. Бұл әсіресе қазіргі заманға тән құбылыс. Ақшаның саяси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта рыногында да анықталады. Инфляцияга әсер ететін бірінші топтағы ақшалай факторлары: ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңының талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылыгын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшалардың көптігі; ұлттык валютаның бағамын бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы да басқа факторлар жатады. Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін акшалай емес факторлар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушіліқ; шаруашылық мсханизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемлексттің экономикалық саясаты; сыртқы экономикалық іс-шаралары және сол сияқты факторла жатады. Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір-бірімен тығыз байланысып, тауар мен көрсетілген қызметің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.

Шетел экономистері сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке жіктейді: а) сұраным инфляциясы; ә) өндіріс шығынының өсуімен немесе жиынтық ұсынымының азаюымен болатын ұсыным инфляциясы. Сұраным инфляциясының мәнін «Тауардың өте өз мөлшеріне өте көп ақша жұмсалмақ». Сондай-ақ, сұраным инфляциясы нарықтық байланыстық монополизмнің бұзылуынан және әкімшілік-әміршілік басқарудың ұзақ билеуі кезінде болады. Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді қабылдайды. Ұсыным инфляциясы шығын мен ұсыным рыногының өзгеруі нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша былай жіктейміз: а) баланыстанған инфляция және ә) баланыстанбаған инфляция. Баланыстанған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызымет көрсетудің бір-бірімен қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде - әртүрлі тауар мен қызымет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрліпропорцияда өзгереді. Өндіріс қарқыны төмендеп, экономикалық өсу пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизмі бұзыла бастап, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика және т.б. белсенділігін артырады.

Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін инфляция деңгейі (қарқыны) төмендегіндей болып анықталады. Ағым кезеніндегі баға индекісінен өткен кезеңдегі баға индексі алынып, өткен кезеңдегі баға индекісіне бөлінеді.

Мемлекет инфляциямен күресу үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Оған мыналар жатады: экономикалық баға мен жалақыны реттеу әдістері; қаржыны сауықтыру; халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру; несиенің қозғалысын баяулату; ақша эмиссиясын бақылау; асқынған жағдайда ақша реформасын жүргізу. Сонымен қатар нарықты қоғамға қажетсіз шаруашылықтардан тазарту, бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Сонымен қатар валютаны тұрақтандыру тәсілдері де жатады:

  • нөлдендіру- мемлекет құнсызданған ақшаны жарамсыз деп жариялап, оның орнына жаңа ақша белгісін енгізуі;

  • деволвация-қағаз ақша құнының өзінің тұрақты қалпына түсуі;

  • револвация- бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасы қатынасына қарай көтерілуі, егер инфляция басқа елдерге қарағанда қарқынмен дамитын болса.

  • деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.

Жұмыссыздық - еңбек нарығының кұрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді. Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық және нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты. Нарықтық емес секторға - мемлекеттің әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Басқалары нарықтық құрылымдарда істейді. Жұмысшы күшіне - жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Макроэкономикада көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы бірнеше факторларға: демографиялық, жыныстық, жастық, этникалық, халықтың элеуметтік құрамына, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді болады.

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, мальтузиандық теория - жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұранстың жетіспегендігімен түсіндіреді, ал еркін кәсіпкерлерік мектебінің теориясы - жұмыссысдық жалақы деңгейінің жоғарлауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.

Енді осы теориялардың мән жайына қысқаша тоқталайын.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834ж.ж) жасалған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: Халық саны-1,2,3,4,8,16,32 ж. т. б. , ал өмір сүру жабдығы-1,2,3,4,5ж.т.б. Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу харқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып қортындыға келген: тұрғындардың жоғарғы қарқынмен өсуі қайыршылықпен жұмыссысдықтың себеп салдары болып табылады.

Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздық дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық – жалдамалы жұмыскердлердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шеттен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембриж унивеситетінің профессоры А. Пигу өте дәректілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан. «Жұмыссысдық теориясы» кітабында баяндалады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарында жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.

Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштер бойынша-оның таралуы және мерзімінің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың таралу көрсеткіші жұмыс күшінің жұмыссыздық деңгейін сипаттайды. Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан басқаға ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылар белгілі біліктілігі бар жұмыс күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздыктың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы толық акпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым кымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1 айдан 3 айға дейін). Құрылымдық жұмыссыздық- экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік кұрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдык өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби біліктілік кұрылымында өзгерістер пайда болады, бұл - жұмыс күшінің тұрақты түрде аумақтық және салалық кайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондық жұмыссыздықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте 6 айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе мамандығы ескірген жұмысшылар ұшырайды және мұның өзі экономикалық жағынан артта қалған аудандар халықтарын қамтиды. Маусымдық жұмыссыздық- өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс жәнс т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі түрде өзгеріп отырады. Циклдық жұмыссыздық- мұның негізін экономикалык құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.

Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыс күшінің «көлеңкелі» немесе жасырын нарығы бар. Мысалы, ұсақ сауда жасау, егін және үй шаруашылығымен айналысу, жеке көлікпен тасымалдау, жөндеу жұмыстарын істеу, балаларды тәрбиелеу немесе оқыту қызметін көрсету сияқты жұмыстармен айналысатындар ресми статистикаға ілікпейді.

Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән кұбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе нарықтық экономикаға залалын келтіреді. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс - бұл экономикалық конъюнктурада күйзеліс процесін туындататын, тауарлар мен қызметтер арасында сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы немесе өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Қазіргі кезде дағдарыс әлемде терең экономикалық, саяси өзгерістерге байланысты бір-бірімен өзара тәуелді құбылыстар тізбегін көрсетеді. Оларға: демографиялық өзгерістер, капитал -еңбек байланысының теңдігін бұзатын технологиялық дамудың жалғасуы.

Экономикалық дағдарыстарды олардың негіздеріне байланысты жіктеуге болады:

Шаруашылық жүйесіндегі бұзылған тепе-теңдіктін көлемі бойынша. Жалпы дағдарыс бүкіл ұлттық экономикаманы қамтиды, ал жекелеген дағдарыс экономиканың кейбір саласын ғана қамтиды. Мысалы:

  • Қаржы дағдарысы - мемлекеттік қаржы жүйесінің түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырауынан және бюджет тапшылығының үнемі өсуінің нәтижесінде туындайды.

  • Ақша-несие дағдарысы - ақша жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банктік несиенің күрт қысқаруы, банктік салымдардың айналыстан бірден алынуы, ол банктердің қызметіне кері әсер беріп, банкрот болуына әкеледі.

  • Валюталық дағдарыс - әлемдік рыноктық айналыстан алтын стандарт жүйесін жою мен басқа мемлекеттердің ақша бірліктерінің құнсыздануымен сипатталады.

  • Биржалық дағдарыс - бағалы қағаздардың бағамының бірден төмендеуі және олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасының қызметіндегі күйзеліс.

  • Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылу мөлшерінің бірден қысқаруы, оның бағасының төмендеуі.

Тепе-теңдіктің бұзылуын реттеу дәрежесі бойынша: кезеңдік (циклдық дағдарыстар); аралық; реттелмейтін (салалық, аграрлық, құрылымдық дағдарыстар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]