Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек-3.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.5 Кб
Скачать

Ақша келесідей қызметтер атқарады:

Құн өлшемі- ақшалар бұл қызметті тауардың бағасын анықтағанда атқарады, өйткені ақшаның көмегімен тауарды өндіруге кеткен шығындар өлшенеді. Тауардың құны дегеніміз- тауарды өндіруге кеткен шығындар жиынтығы. Тауар құнының ақшалай көрінісі баға деп аталады.

Айналым құралы- ақшалар бұл қызметті қолма- қол түрінде атқарады, яғни, тауарды сатушы мен сатып алушы арасында делдалдық қызмет атқарады, себебі, тауар соңғы тұтынушысын тапқанша ақшамен қатар айналыста болады. Тауар тұтынушысын тапқаннан кейін айналыстан шығады, ал ақша әрі қарай айналыста жүреді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.

Төлем құралы- ақшалар бұл қызметті сатылған тауардың ақысы кейінге қалдырып төленген жағдайда атқарады. Сонымен қатар ақшаның төлем құралы қызметі қаржылық, несиелік қатынастарды да қамтиды, яғни, ақшаны қарызға бергенде, салықты, айыппұл, жер рентасын, жалақыны, диведендті, коммуналдық қызметтерді және т.б. төлегенде атқарады.

Қор жинау немесе жинақ құралы- ақшалар бұл қызметті белгілі бір себептермен айналыстан шығып жинақталған кезде атқарады. Ақшаның қор жинау түрінде қорлануы әрбір адамның белгілі ақша резерві болу қажеттілілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды. Қор жинауға мысалы, банкқа салынатын дипозиттер мен салымдар жатады.

Әлемдік ақшалар - ақшалар бұл қызметті халықаралық несие айырысу кезінде атқарады. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

«Деньги» ұғымы түркілердің – күміс металды «теңге» деген атауынан шыққан. Ол XV-ші ғасырдың басында Әмір Темірдің басқару кезеңінде дайындалған.

Ақшаның келесідей түрлері бар:

Металл ақшалар- монеталар. Монетаның отаны Лидия мемлекеті болып есептелінеді. Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д. 7- ші ғасырда ойып-өрнектелген түрінде шықты. Ал «монета» термині Юнон-Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы болған. Монета дегеніміз- заңмен бекітілген пішіні, түрі, салмағы, сынабы және ремедиумы бар металдан жасалған ақша белгісі. Ремедиум дегеніміз- заңмен рұқсат етілген нақты массаның шынайы массадан ауытқуы. Монетаның бет жағы – аверс, сырты- реверс, кесіндісі- гурт деп аталады.

Қағаз ақшалар. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар XII- ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал XIII- ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған. Ресейде қағаз ақшалар 1769 жылы енгізілді.

Несиелік ақшалар. Несиелік ақшалардың пайда болуы қолма- қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың, өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады. Оларға: вексельдер, чек, төлем тапсырысы, «электрондық ақшалар» жатады.

Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесідей типтері болған:

Биметаллизм- ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша, қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

Монометаллизм- жалпыға ортақ эквивалент рөлін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Францияда 1876-78 жылы, Ресей мен Жапонияда 1897 жылы белгіленді, ал күміс монометаллизмі Ресейде 1834-1852 жылы, Үндістанда 1852- 1893 жылы қолданды.

Ақша айналысы дегеніміз- ақша қаражаттарының белгілі бір мезгілде қозғалысқа түсуі. Ақша айналысы кезінде ақшалар айналыс құралы және төлем құралы қызметтерін атқарады. Осыған байланысты ақша айналысы тауарлы және тауарсыз ақша айналымы болып екіге бөлінеді. Тауарлы ақша айналымы - ақша қаражаттарының орнына белгілі бір тауарларды сатып алумен байланысты; тауарсыз ақша айналымы- ақша қаражаттарын белгілі бір төлем немесе қызмет түрлерін төлеумен байланысты ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысы нақты және ақшасыз ақша айналысы деп бөлінеді. Нақты ақша айналысы- нақты ақшалардың қозғалысын білдіреді, яғни, банкноталар мен монеталардың қозғалысы; ақшасыз ақша айналымы- сатып алынған тауарлар мен белгілі бір қызмет түрлерін өтеу үшін бір шоттан екінші шотқа ақша қаражаттарын аудару.

Халық шаруашылығында есеп айырысудың 80% артығы ақшасыз ақша айналысы құрайды. Мемлекет үшін ақшасыз ақша айналысы тиімді себебі: ақша мөлшерін жеңіл анықтау; ақша қаражаттарының үнемі қозғалысын анықтау; айналыстағы ақша массасын анықтау артады.

Ең алғаш ақша айналысы заңын Карл Маркс ашқан. Ақша айналысы заңы – айналысқа қажетті ақша мөлшерін анықтайды. Айналысқа қажетті ақша мөлшерін мына формуламен анықтауға болады: Ақша мөлшері = сатылған тауар бағасының соммасы / ақшаның айналыс жылдамдығы.

Ақша жүйесі дегеніміз- ақша айналысын заңды түрде ұйымдастырып реттеу. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылғы 30 наурызда заңды күші бар «Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен реттеліп ұйымдастырылды. Ақша жүйесі бірнеше элементтерге негізделеді:

  • ақша бірлігі- жүз тиыннан құралған бір теңге болып табылады;

  • ақша белгілері- 1993 жылға дейін айналыста қазыналық билеттер болатын болса, қазіргі кезде айналыста Ұлттық банк шығарған монеталар мен бонкноталар;

  • ақша эмиссиясы- айналысқа ақша массаларын шығару;

  • валюта курсы немесе валюта ықшамы- бір елдің валютасының екінші елдің валютасына арақатынасы.

1993 жылғы 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

  • 1993 жылдың 15 қарашасында сағат 8.00- де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта- теңге енгізілді;

  • 1993 жылдың 18 қарашасынан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірде- бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. 1 теңге 100 тиыннан құралды, ол қолма- қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүргізілді.

Валюта - әр елдің ұлттық ақша бірлігі. «Валюта» ұғымын үш мағынада қолданылады.

  1. әр елдің ақша бірлігі және оның әртүрлі типтері (алтын, күміс, қағаз);

  2. шетел мемлекетінің белгісі, шетел ақша бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралық есептеуде қолданылатын- шетел валютасы;

  3. халықаралық (аймақтық) ақша есептеу бірлігі және төлем құралы (евро).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]