
- •«Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы» пәніне арналған силлабус
- •1. Жалпы мағлұмат:
- •1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2. Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Оқу міндеттері:
- •2.4 Оқудың соңғы нәтижесі.
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •7 Семестр
- •2.7 Тәжірибиелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7 Осөж-ға тапсырмалар
- •2.9 Студенттің өзіндік жұмысының тапсырмалары
- •Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:
- •2.9 Ұсынылатын әдебиет:
- •Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •2.11 Білімдерін және дағдыларын бағалау критерийлері және ережелері:
- •Ағымды (рубежды) бақылауды бағалау шкаласы
- •Тестілеу нәтижесін бағалау (ағымды, рубежді бақылау)
- •Блиц-сұрақтың нәтижесін бағалау
- •Ауызша (жазбаша) сұрауды бағалау критерийлері
- •Клиникалық жағдайлардың анализін бағалау критерилері
- •Науқастан анамнез жинау және объективті зерттеуді бағалау критерилері
- •Рентгенограмма нәтижелерін интерпретациялауды бағалау критерилері
- •Капилярлы қан анализінің нәтижесін талқылау
- •Науқасты емдеу жоспарын құрастыруды бағалау критерилері
- •Асқынбаған тісжегіні емдеу
- •Асқынған тісжегіні эндодонттық емдеу
- •Бейнелеуді (рисунок) бағалау критерийлері
- •Рецепт дәптеріндеғі тапсырмасына қойылған бағаның критериийлері
- •Студенттің өзарақатынастық және коммуникативті дағдыларын бағалау.
- •Рефератты бағалау критерийлері
- •Мультимедиялық форматтағы презентацияның бағалау критерийлері
- •Тақырыптық кроссвордты бағалау критерийлері
- •Тесттлеу түріндегі қорытынды бақылауды өлшеу аспап
- •Ауызша сұраған кезіндегі қорытынды бақылауды өлшеу аспап (емтихан билеттермен, әрбір билетте 3 сұрақ)
- •Ауызша емтиханда студенттің жауабын бағалау критерийлері
- •ҚазҰму-да студенттердің білім бақылауын тексеру технологиясы
- •Жүргізу технологиясы және емтиханның бағасы
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
Мамандыққа кіріспе.
Стоматологияның дамуының тарихты кезеңдері. Қазақстандағы стоматологияның дамуы тарихы. Терапиялық стоматология негізгі пән ретінде. Терапиялық стоматологияның мақсаттары, медициналық білім беру үрдісте атқаратын ролі. Терапиялық стоматологияның басқа медициналық пәндермен байланысы. Кәзіргі заманғы терапиялық стоматологияның жетістіктері. Қазақстан республикасындағы терапиялық стоматологияның дамуына отандас ғылымдардың үлесі.
Стоматологиялық кабинетінің үйымдастыруы.
Кабинеттің көлемі, жабдықтауы, құралдары, бормашиналардың түрдері (электртоқтан істейтін, турбинді, әмбебап стоматологиялық қондырғылары). Ауыз қуысын және тістер қатарын қарап тексеруге, егеп-тазалауға және тісжегі қуыстары мен түбір өзектерді пломбылауға, тіс шөгінділерді алуға арналған аспаптар. Аспаптарды күту. Ұсақ жөндеумен танысу. Асептика және антисептика қағидалары. Залалсыздандырудың түрлері. Дәрігердің, стоматолог-ассистентінің, мед.қызметшілердің міндеттері. Емдеу стоматологиялық кабинетің қауыпсыздық техникасы.
Стоматологиялық науқастың тексеру әдістері.
Науқастың шағымдары. Анамнезі. Бұрын ауырған және кәзіргі кездегі аурулары. Зиянды әдеттер (арақ ішу, шылым шегу). Дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясының бар-жоғы. Науқастың жалпы жағдайы (денесінің температурасы, артериальды қысымы, психико-эмоциялық жағдайы). Сыртқы тексеруі. Бет-әлпеті, терінің түсі, көрініп туратын кілегей қабығы, еріннің қызыл жиегі. Ауыз қуысын қарап тексеру. Кілегей қабығының түсі, ылғалдылығы, жылтырлағы, ауру және тактильды сезімталдығын тексеру. Жоғарғы және төменгі ерін жүгеншіктерінің орналасу жерлері, кілегей қабығының тяждары, ауыз қуысының кіреберісінің тереңдігі. Тіл, қатты және жұмсақ таңдай, сілекей бездерінің түтігі, шығатын сілекейдің сипаттамасы. Төменгі жақ-қанатша қатпары, таңдай доғасы, жақ-тіл сайы. Тістерді, тіс қатарын, пародонтты тексеру. Пішіні, көлемі, тістердің тіс қатарында орналасуы, түсі. Пішінінің, орналасуының, түсінің аномалиялары. Тіс шөгінділері, түрлері: жұмсақ тіс қақтары, тіс тоғасы, минералданған тіс тасы (қызылиек үсті- және қызылиек асты-). Тістесунің түрін анықтау. Зондпен тексеру (тістердің фиссураларын, қызыл иек сайын). Бет сүйектерін, шықшыт буынды, регионарлы лимфатүйіндерді, үлкен сілекей бездерді, альвеола өсінділерін, ауыз қуысының кілегей қабығын сипап тексеру, бет терінің сезімталдығын тексеру. N. trigeminus – Валле нүктесінің (п. infraorbitalis, n. supraorbitalis, n. мentalis) шығу жерлерін сипап тексеру. Тістерді вертикальды және горизонтальды перкуссия жасап тексеру. Тістердің қозғалғыштығын тексеру. Тістердің термометриясы. Ауыз қуысының гигиена деңгейін индексті бағалау. Қосымша тексеру әдістер. Электроодонтодиагностикасы (ЭОД). Рентгендиагностика (ауызішкі, ортопантомограмма, радиовизиограмма, томография, панорамды ретгенография, магнит-ядерлы-резонансты және компьютерлі томография). Трансиллюминация. Морфологиялық әдістер: пункциялық материалды, жақпаны цитологиялық зерттеу. Пункциялық және эксцизиялық биопсия, экспресс-биопсия, матриалды гистологиялық зерттеу. Лабораторды тексеру әдістері: клиникалық қан анализы, қанда қантты, зәрді, асқазанның сөлін, сілекеді, іріңді зерттеу. Иммунологиялық, цитологиялық және т.б. зерттеу әдістері. Сырқатнаманы толтыру ережелері. Диагноздың жалпы әдістемесі. Диагноз қою үрдісінің кезеңдері. Болжамды және соңғы диагнозы. Емдеу жоспар құрұдың негізгі қағидалары. Науқастың дәрігермен жеке қарым-қатынасының маңызы. Аурумен және жүргізілген емімен байланысатын эмоциональды факторлары. Науқастың психо-эмоциональды статусын бағалау. Терапиялық стоматологиядағы деонтологиясы және дәрігерлік этикасы.
Стоматологияда жансыздандыру
Стоматологияда жансыздандырудың мақсаты және міндеттері. Науқастың ауру сезімінің реакциясының негізгі компоненттерін бағалау: сенсорлы, психоэиоциональды, вегетативті, психомоторды. Стоматологияда қолданылатын жергілікті жансыздандыру дәрі-дәрмектердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы. Жергілікті жансыздандыру кезінде қолданылатын тамыр тарылтатын дәрілер (көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері). Жансыздандырудың түрлері және әдістері. Жалпы жансыздандыру (наркоз): көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Жергілікті жансыздандыру: анестетикті таңдау, вазоконстрикторларды қолдану, жансыздандырудың механизмы. Жоғарғы және төменгі жақ иннервациясының жансыздандырумен байланысты анатомиялық ерекшеліктері. Жансыздандырудың түрлері. Премедикация. Жергілікті және жалпы жансыздандыруда қолданылатын анестетиктер мен дәрі-дәрмектер. Ауыз қуысының кілегей қабығының инъекциялық емес анестезиясы: аппликациялық, электранелгезиясы. Үштік нервінің тармақтарының инъекциялық анестезиясы: кілегейасты, поднадкостничная, интрасептальды, интралигаментарлы. Инжекторлармен және карпульды анестетиктармен инфильтрациялық жансыздандыру жүргізгенде ерекшеліктері, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Жоғарғы жақтағы инфильтрациялық жансыздандыру. Тік , жанама, интралигаментарлы, сүйек ішілік, ұлпа ішілік жансыздандыру. Жоғарғы жақтағы өткізгіштік жансыздандыру (туберальды, инфраорбитальды, күрек тістік, палатинальды жансыздандыру). Төменгі жақтағы өткізгіштік жансыздандыру. Мандибулярлы жансыздандыру – ауыз ішкі әдісі (пальпаторлы, аподактильды); ауыз сыртқы әдісі (бетсүйек асты, төменгі жақасты). Торусальды жансыздандыру. Ұрт нервті жансыздандыру. Тіл нервті жансыздандыру. Ментальды жансыздандыру (ауызішкі, ауызсыртқы). Төменгі жақ нервісінің қозғалтқыш тармағына блокада жүргізу. Жергілікті жансыздандыруды жүргізгенде жіберілетін қателіктері мен асқынулары. Жергілікті асқынулары: нерв және тамырларды, бұлшықеттерді зақымдану, инфекциялау, жақтың инъекциядан кейінгі құрысуы. Жалпы асқынулары: жүрек-қантамыр жүйесі және орталық нерв жүйесі жағынан реакциялар: анафилаксиялық шок, аллергиялық реакциялар. Жедел жәрдем көрсету, асқынулардың алдын алу.
Кариесология
Тісжегі тұралы ұғым. Тісжегі қуыстарының жүйесі (Блэк бойынша), атипиялық тісжегі қуыстар. Тісжегі қуыстар орналасуна және пломбылық материалды таңдауына қарай тістердің әртүрлі топтарын егеп-тазалау қағидалары. Аспаптар, тісжегі қуыстарды егеп-тазалау кезінде жіберілетін қателіктері және асқынулары. Тісжегі қуыстарды егеп-тазалау кезіндегі жансыздандыру.Тістердің анатомиялық пішінін, қызметін, эстетикасын пломбылық материалдармен қалпына келтіру әдістері. Пломбылау, реставрациялау, реконструкциялау. Түйісу орынның физиологиялық мағынасы, II, III, IV класстар бойынша тісжегі қуыстарды егеп-тазалау кезінде оны қалпына келтіру әдістері. Тістердің жанасу беттерін қалпына келтірген кезінде әртүрлі матрицаларды, матрицаұстағыштарды, бөлетін пластинкаларды (металлды, целлулоидті), клиндарды қолдану. Пломбаның ұзақ уақыт турғанына әсер ететін факторлары. Пломбылау процессіндегі жіберілетін қателіктер.
Стоматологиялық пломбылық материалдар
Стоматологиялық пломбылық материалдар, жүйесі. Стоматологиялық материалдарға қойлатын талаптар. Пломбылық материалдар: уақытша, тұрақты (цементтер, плсатмассалар, амальгамалар, композиттер – сәулемен және өзіндік қатаятын, силанттар). Компомерлер. Керамерлер. Емдік, аралық төсемдерге, түбір өзектерді толтыруға (қатаятын, қатаймайтын, қатты – штифттер) арналған матриалдар. Жүйесі. Құрамы. Оң және теріс қасиеттері. Қолдану көрсеткіштері және қарсы көсеткіштері. Пломбылық материалдарды дайындау әдістері.
Тістердің қатты тіндерінің тісжегі емес ақаулары
Тістердің шыққанға дейін пайда болатын тісжегі емес ақаулар (гипоплазия, гиперплазия, флюороз). Этиологиясы, клиникасы, емі. Тістердің шыққаннан кейін пайда болатын тісжегі емес ақаулар. Сына тәрізді ақау, этиологиясы, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы, емі. Кіреукенің эрозиясы, этиологиясы, клиникасы, емі. Тістердің патологиялық және физиологиялық қажалуы (эндогенді және экзогенді факторлардың әсер етуі). Кіреукенің және дентиннің жоғарғы сезімталдығы, себептері және емдеу әдістері. Химиялық, мамандықты және басқа факторларынан пайда болатын зақымдар. Тістің жарақаттары (жедел және созылмалы). Дәрігер-стоматологтың тактикасы. Тістердің көркемді реставрациясы
Тіс шөгінділері.
Жұйесі. Құрамы. Тістердің тісжегі және пародонт патологиясы пайда болу және дамуы кезіндегі мағынасы.Тіс шөгінділерді алу бірізділігі және әдістері. Аспаптар. Құралдар. Тіс шөгінділерді алғаннан кейін тістердің беттерін өңдеу
Эндодонтия
Эндодонт туралы түсінік. Эндодонттің морфо-функциональды комплекстер (үлпа-дентинді, үлпа-периодонтті). Әртүрлі топ тістердің қуысының топографо-анатомиялық ерекшеліктері.
Жоғарғы және төменгі жақ тістердің әртүрлі топтарында эндондонтиялық манипуляцияларды жүргізетін әдістер. Эндодонтиялық аспаптар. Жүйесі. ISO бойынша стандарттлау. Тағайындауы, қолдану бірізділігі. Түбір өзек жүйені егеп-тазалау. Ирригация. Түбір өзек жүйені обтурациялау. Мәселелі өзектерді импрегнациялық, физикалық әдістермен емдеу. Эндодонтиялық емнің нәтижесін бағалау.
Эндодонтиялық ем жүргізгендегі қателіктер мен асқынулар, оларды жою. Алдын алу. Эндодонтиялық ем жүргізгеннен кейін үлпаішкі және параүлпалық штифттерді қолданып тістерді қалпына келтіру.