Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус по пропедевтике 13-14 КАЗ окончательн...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207.84 Кб
Скачать

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде дәрігерлік деонтологияда, ауыз қуысының тіндері мен ағзалары ауыруларының диагностикасы және семиотикасының жалпы қағидаларында; стоматологиялық жадығаттану мен эндодонтия негіздерде білімдері мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

2.3 Оқу міндеттері:

1. Дәрігер-стоматолог дайындау ретінде терапиялық стоматология пропедевтикасының рөлі туралы ойын қалыптастыру.

2. Терапиялық стоматологиялық кабинетке қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар, қондырғыларды пайдалану ережесі және олармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы туралы түсінік беру.

3. Стоматологиялық және эндодонттық аспаптармен жұмыс істеуді үйрету.

4.Пломбылық материалдардың құрамын және қасиетін, қолдау көрсеткішітерін, жұмыс істеу технологиясын үйрету.

5. Дәрігерлік деонтология, семиология, негізгі стоматологиялық ауруларды диагностикалау тұралы түсінік беру.

6. Негізгі және қосымша стоматологиялық науқасты тексеру әдістерге үйрету.

7. Дәрігер-стоматологты негізгі профессиональды дағдыларға үйрету (фантомда).

2.4 Оқудың соңғы нәтижесі.

Когнитивті компонентті (білімді) қалыптастыру:

- терапиялық стоматология пропедевтикасының міндеттерін;

- этика және деонтология ережелерін, «дәрігер-науқас» қарым-қатынасының құқық ережелерін;

- стоматологиялық көмекті ұйымдастыру негіздерін, дәрігердің, мейірбикенің, стоматолог ассистентінің, емдеу стоматологиялық кабинеттің санитаркасының парыздарын;

- терапиялық стоматологиялық кабинеттің жабдықтандыру, қарап тексеруге, тістерді емдеуге және пломбылауға арналған стоматологиялық аспаптар, оларды күту, қарау және залалсыздандыру ережелерін;

- стоматологиялық жабдықтарымен жұмыс істегенде қауыпсыздық техникасын;

- ауыз қуысының кілегей қабығының, тістің қатты тіндерінің, үлпаның және периодонттың гистологиялық құрылымын;

- тістердің анатомиясын, жақтық ажырату белгілерін;

- аппликациялық және инъекциялық жансыздандыру техникасын;

- Блэк бойынша тісжегі қуыстардың жүйесін, қағидаларын, тісжегі қуыстарды егеп-тазалау қағидалары мен кезеңдерін;

- тістің қатты тіндерінің жоғарғы сезімталдық зоналарын, егеп-тазалау кезінде ауру сезімін төмендететін оптимальды жағдайларды;

- терапиялық стоматология клиникасындағы жансыздандыру әдістерді;

- ұлпа және периодонт қабынуы туралы ұғымды;

- тіс қуысының және түбір өзектерінің топографиясын;

- тіс қуысын ашу әдісін, біріншілік эндодонтиялық жол ашу тұралы түсінігін;

- ұлпаны девитализациялайтын дәрі-дәрмектерді, девитализациялайтын қойыртпақты қою әдістерді;

- эндодонтиялық аспаптарды;

- ұлпаның және периодонттың қабынуын емдеу эндодонтиялық кезеңдерді;

- түбір өзектерді өңдеу әдістерін (аспаппен, дәрі-дәрмектермен, химиялық, физикалық, физико-химиялық);

- пломбылық материалдардың жүйесін;

- уақытша пломбылық материалдардың құрамын, қасиеттерін, қолдану көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін;

- емдік төсемдердің құрамын, қасиеттерін, қолдану көрсеткіштерін, қою әдістерін (құрында кальций бар, эвгенол бар, аралас);

- цинк-фосфатты, шыныиономерлік цементтердің құрамын, қасиеттерін, қолдану көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін;

- композиттік пломбылық материалдардың адгезивті жүйесінің құрамын, қасиеттерін, қолдану көрсеткіштерін;

- өздігінен және сәулемен қатаятын композиттеремен пломбылау әдістерін;

- түйісу орнының маңызы, қалпына келтіру әдісін;

- пломбыларды өңдеу әдісін;

- колпачоктарды, вкладкаларды, парапульпарды штифттерді қолданып тіс сауытын қалпына келтіру әдістерді;

- түбір өзектерді уақытша және тұрақты обтурациялайтын пломбылық материалдардың түрлерін, құрамын, қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарын;

- түбір өзектерді уақытша және тұрақты обтурациялайтын әдістерді;

- әр түрлі материалдардан жасалған штифттерді, түрлерін және қаситеттерін;

- түбір өзектерді гуттаперча штифттермен пломбылау әдістерін, кемшіліктерін және артықшылықтарын (бір конусті, латеральды және вертикальды конденсация әдістерді, «Термафил» мен «Квик-фил» әдістермен түбір өзектерді пломбылау әдістерді);

- шыныталшықты және металлды штифттермен обтурация әдісін, кемшіліктері мен артықшылықтарын;

- медициналық құжаттарды толтыру ережесін;

- тіс формуласын толтыру түрлерін;

- тіс шөгінділерінің түрлерін;

- жұмсақ және минералданған тіс шөгінділерінің атқаратын ролін, құрамын, пайда болу себептерін, алу әдістерін;

- тісжегінің жүйесін;

- тісжегінің патогистологиясын;

- тісжегінің этиология мен патогенезінің кәзіргі концепциясын, пайда болу теориясын;

- тісжегінің қарқындылық және таралу көрсеткіштерін;

- бастапқы тісжегінің клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагностикасын;

- реминералдану терапияның маңызын, қолданатын дәрі-дәрмектерді, жургізу әдістерін;

- беткей, орта және терең тісжегінің клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагностикасын және емін;

- тісжегінің диагностика және ем жүргізгендегі қателіктерін және асқынуларын, олардың алдын алу және жою;

- тісжегінің жалпы емін, көрсеткіштерін, қолданылатын дәрі-дәрмектерді;

- тісжегінің алдын алу әдістерін;

- ауыз қуыстың гигиена құралдарын және сипаттамасын;

- гигиеналық индекстерді жүргізу әістерді;

- тісжегі емес аурулардың жүйесін;

- тістер шыққанға дейін және шыққаннан кейін пайда болатын тісжегі емес аурулардың клиникалық белгілерін, салыстырмалы диагностикасын және емін.

Операциональды дағдыларын қалыптастыру:

- жұмыс орнын үйымдастыру;

- стоматологиялық қондырғымен, ұштықпен, қарап тексеретін, емдейтін және пломбылайтын аспаптармен қолданғанды білу;

- науқасты креслоға дурыс отырғызу;

- науқасты қабылдау үшін қолын өңдеу;

- негізгі және қосымша әдістерді қолданып стоматологиялық ауруды тексеру;

- витальды бояу әдістің, температуралық тітіркендіргіштерден реакциясын, трансиллюминация, электроодонтодиагностика, рентгенография әдістердің нәтижесін талдау;

- тіс формуласын толтыру;

- сырқатнаманы толтыру;

- бастапқы, беткей, орта және терең тісжегінің диагнозын дурыс қою;

- тістердің қатты тіндерінің тісжегі емес ауруларына дурыс диагноз қою;

- жергілікті жансыздандыру әдісін дурыс таңдау;

- Блэк бойынша тісжегі қуыстардың барлық класстарын және атипиялық қуыстарды фантомды блокта егеп-тазалау;

- емдік және аралық төсемдерді, уақытша пломбаларды дайындау және қою;

- шыныиономерлік цементтен тұрақты пломбаны дайындау және қою, өңдеуді;

- өздігінен қатаятын композиттен тұрақты пломбаны дайындау және қою, өңдеу;

- сәулемен қатаятын композиттен тұрақты пломбаны дайындау және қою, өңдеу;

- құрамында металл бар материалдан тұрақты пломбаны дайындау, қою және өңдеу;

- әр түрлі пломбылық материалдармен түйісу орнын қалпына келтіру;

- парапульпарды және анкерді штифттер көмегімен тіс сауытының ақауын қалпына келтіру;

- уақытша және тұрақты пломбаны алу;

- ұлпаның мүйізшесін ашу және девитализациялайтын қойыртпағын қою;

- тіс қуысты ашу, біріншілік эндодонтиялық жол ашу;

- түбір өзегінің сағасын кеңейту;

- ұлпаның ампутациясын, экстирпациясын жүргізу, түбір өзектен үлпаның ыдырандыларын алу; түбір өзектің аспаппен және дәрі-дәрмектермен өңдеу;

- пломбылық материалды дұрыс таңдау және түбір өзекті пломбылау.

Коммуникативті дағдыларын қалыптастыру:

- науқаспен сөйлескен кезінде вербальды және вербальды емес коммуникацияларды қолдану керек;

- сұрау, қарау, сипап тексеру, шұқып тексеру, қағып тексеруді;

- витальды бояуы әдісті, температуралық тітіркендіргіштерге реакциясын, трансиллюминацияны, электроодонтодигностиканы;

- рентген зерттеу нәтижесін талдауды;

- аппликациялық және инъекциялық жансыздандыруды өткізуді;

- тісжегі қуысты егеп-тазалауды;

- тісжегі қуысты дәрі-дәрмектермен өңдеуді;

- «ұнтақ-сұйықтық» және « паста-паста» пломбылық материалдарды дайындауды;

- емдік төсем қоюды;

- уақытша пломба қоюды;

- цинк-фосфатты және шыныиономерлік цементтен аралық төсем қоюды;

- өзіндік қатаятын композиттік материалдан тұрақты пломба қою, өңдеуді;

-сәулемен қатаятын композиттік материалдан тұрақты пломба қою, өңдеуді;

- құрамында металл бар материалдан тұрақты пломба қою, өңдеуді;

- әр-түрлі пломбылық материалдармен түйісу орнын қалпына келтіруді;

- тұрақты және уақытша пломбаны алуды;

- ұлпаның мүйізшесін ашуды және девитализациялайтын пастаны қоюын;

- тіс қуысын ашуды, біріншілік эндодонтиялық жол ашуды;

- түбір өзектің сағасын кеңейтуді;

- ұлпаны ампутациялауды, экстирпациялауды, ұлпаның ыдырандысын түбір өзектен алуды;

- түбір өзекті аспаптармен, химиялық заттармен және дәрі-дәрмектермен өңдеу;

- түбір өзекті пломбылауды.

- әдебиеттермен, Internet көзі, мәліметтердің электронды базалармен компьютерлі білім беретің бағдарламалармен жұмыс істеуді білу

Құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру:

  • біріншілік контактіні қалыптастыру және емдеу үдісінің емі тиімді болуы үшін ұзаққа созылатын қарым –қатынасты қалыптастыру

  • науқаспен вербальді және вербальды емес коммуникация арқылы тиімді психоэмоциональді контактіні қалыптастыру;

  • сұрап тексеру,клиникалық тексеру және емдеу кезінде психоэмоциональді толқуды және қорқуды жою

  • емдеу уақытында науқасқа қолдау көрсету және бірге өзара әрекет етуге дайындық;

  • жедел медициналық көмек көрсету жағдайында науқасты сендірерліктей сөйлеу;

  • болжам;

  • проблемалы науқастарға бағасыз қарым-қатынас

Өз білімдерін жетілдіру және даму дағдыларын қалыптастыру, оның ішінде:

- әдебиеттермен, Internet көзі, мәліметтердің электронды базалармен компьютерлі білім беретің бағдарламалармен жұмыс істеуді білу

2.5 Пәннің реквизитке дейінгі: физика, химия, бас және мойынның анатомиясы, эмбриологиямен және цитологиямен гистология, қалыпты физиология, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, микробиология.

2.5 Пәннің реквизиттен кейінгі: терапиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология.