
- •«Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы» пәніне арналған силлабус
- •1. Жалпы мағлұмат:
- •1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2. Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Оқу міндеттері:
- •2.4 Оқудың соңғы нәтижесі.
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •7 Семестр
- •2.7 Тәжірибиелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7 Осөж-ға тапсырмалар
- •2.9 Студенттің өзіндік жұмысының тапсырмалары
- •Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:
- •2.9 Ұсынылатын әдебиет:
- •Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •2.11 Білімдерін және дағдыларын бағалау критерийлері және ережелері:
- •Ағымды (рубежды) бақылауды бағалау шкаласы
- •Тестілеу нәтижесін бағалау (ағымды, рубежді бақылау)
- •Блиц-сұрақтың нәтижесін бағалау
- •Ауызша (жазбаша) сұрауды бағалау критерийлері
- •Клиникалық жағдайлардың анализін бағалау критерилері
- •Науқастан анамнез жинау және объективті зерттеуді бағалау критерилері
- •Рентгенограмма нәтижелерін интерпретациялауды бағалау критерилері
- •Капилярлы қан анализінің нәтижесін талқылау
- •Науқасты емдеу жоспарын құрастыруды бағалау критерилері
- •Асқынбаған тісжегіні емдеу
- •Асқынған тісжегіні эндодонттық емдеу
- •Бейнелеуді (рисунок) бағалау критерийлері
- •Рецепт дәптеріндеғі тапсырмасына қойылған бағаның критериийлері
- •Студенттің өзарақатынастық және коммуникативті дағдыларын бағалау.
- •Рефератты бағалау критерийлері
- •Мультимедиялық форматтағы презентацияның бағалау критерийлері
- •Тақырыптық кроссвордты бағалау критерийлері
- •Тесттлеу түріндегі қорытынды бақылауды өлшеу аспап
- •Ауызша сұраған кезіндегі қорытынды бақылауды өлшеу аспап (емтихан билеттермен, әрбір билетте 3 сұрақ)
- •Ауызша емтиханда студенттің жауабын бағалау критерийлері
- •ҚазҰму-да студенттердің білім бақылауын тексеру технологиясы
- •Жүргізу технологиясы және емтиханның бағасы
Науқастан анамнез жинау және объективті зерттеуді бағалау критерилері
№ п/п |
Қадамдарды бағалау критерилері |
Деңгей |
|||
Өте жақсы |
Жақсы |
Түзетуді қажет етеді |
Қолай- сыз |
||
1.
|
Науқаспен амандасып және өзін таныстарып болған соң, науқасты креслоға отырғызып, басжағын және шамды жөндеп, қолын жуып, маска және қолғап киеді. Бүйрек тәрізді лотокқа стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет және бұрышты шұқығыш салды |
6 |
4,5 |
3,0 |
0 |
2. |
Науқастың қасына отырып аты-жөнін, жасын, жылын, мекен жайын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. |
6 |
4,5 |
3,0 |
0 |
3 |
Науқастан «Сіз неге шағымданасыз» сұрақ қойып,одан жауап алғаннан кейін шағымның немен байланысты екенін және аталған симптомның неден ұлғаятындығын сұрады. Белгілердің пайда болу уақытын, себебін, қандай ем көмектесетіндігін анықтады. Сұрап-тексеру нәтижесінде аурудың негізгі белгілерін анықтады. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
4. |
Ауру тарихынан қашаннан бері ауратынын, қалай басталғанын, осыған дейін қандай ауру сезімінің болғанын анықтады. Хронологиялық ретте аурудың ағымын, қайталауын, ұзақтығын, бұрын қандай ем жүргізілгенін және оның нәтижелілігін сұрады. Соңғы рет қандай себептен ауырғанын анықтады. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
5. |
Өмір тарихынан науқастың бала күндегі тұрмыс жағдайы мен дамуын, қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жағдайын білді. Хронологиялық ретте басынан өткен кеселдерді анықтады. Тұқым қуалайтын ауруларын анықтап, құрт ауруы, вирусты гепатитпен ауырған науқастармен байланысы болған–болмағанын анықтады. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
6. |
Өмірінің ерекшеліктерін анықтады. Зиянды әдеттерін – шылым шегу, бұрын және кәзіргі уақытта алкоголь пайдаланатындығын сұрады. |
6 |
4,5 |
3,0 |
0 |
7. |
Науқасқа бар көңілін салып, психологиялық жағдайда сұхбаттасты. Науқаспен оптимальды контакт болу үшін вербальны (сөздікті) және вербальды емес коммуникациялық шараларды (мимиканы, дене қимылдарды (жесты), даустың интонациясын) колдану. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
8. |
Науқастың бет-әлпетіне, түріне, терінің түсіне, бастың шаш жағына, ісігі, бетінің ассиметриясы бар-жоқтығына, бетінің үстіңгі, ортаңғы және астыңғы 1/3 бөлігінің ара қатынасына, еріннің қызыл жиегінің және езуінің жағдайына, ауыз ашылғанына көңіл бөлді. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
9. |
Регионарлы лимфа түйіндерін сипап тексерді, олардың өлшеміне, қозғалғыштығына, ауру сезімі бар-жоқтығына, консистенциясына, жақын орналасқан тіндерге байланысы бар-жоқтығына көңіл бөлді. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
10. |
Ауыз қуысын қарауды –ауыздың кіреберісінен бастады. Айнамен және пинцет көмегімен еріннің, ұрттың, ауыспалы қатпардың, қызыл иектің кілегей қабығын қарады. Тіс қатарының ара қатынас түрін анықтады. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
11. |
Өзіндік ауыз қуысын қарады, тілдің түсіне, рельефіне, көлемі мен қозғалғыштығына, тіл бүртіктерінің жағдайына, қақтың түсіне, тіл бүртіктеріндегі десквамация ошақтарынаң бар –жоқтығына көңіл аударды. Ауыз қуысының түбінің, қатты және жұмсақ таңдайдың, ретромолярлы кеістіктің кілегей қабығының жағдайын бағалады |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
12. |
Ауыз бен еріннің қызыл жиегінің кілегей қабығында зақымдаушы элемент болған кезде оларды дұрыс идентифицирлеп, бимауальды пальпация жасап, тығыздығы мен ауыратын- дығының шекарасын анықтады. |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
13. |
Айна және зонд көмегімен тіс қатарын қарады. Тістердің түсіне, пішініне,көлеміне, орналасуына көңіл аударды. Шуқып тексеру арқылы тісжегі қуыстарын анықтап, қойылған пломбалардың жағдайын бағалады |
6 |
4,5 |
3,0 |
0 |
14. |
Пинцет немесе зонд сабының көмегімен тістің кесу қырынан, шайнау бетінен немесе мойын бөлігінен, сау тістерден бастап салыстырмалы вертикальды және горизонтальды перкуссияны жүргізді |
6 |
4,5 |
3,0 |
0 |
15. |
Пинцеттің көмегімен тістердің қозғалғыштық деңгейін анықтады . |
7 |
5,25 |
3,5 |
0 |
Барлық максимальды балл – 100.
Қорытынды балл_______________
Оқытушының қолы_________________
ЧЕК-ПАРАҒЫ
Сабақ күні «____»______________20___
Сабақтың тақырыбы ___________________________________________________
Студенттің аты-жөні_________________________________________
Курс _____________ топ _____________ кіші топ________________