Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК проф каз аударма иси .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.29 Кб
Скачать

Сөйлесеміз

14-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөйлемдердің мазмұны дұрыс па?

Үлгі:

Жоқ, қателесесіз, Қытай Қазақстанның солтүстігінде емес, шығысында орналасқан.

Жоқ, олай емес...

Иә, дұрыс ….

  • Қытай Қазақстанның солтүстігінде орналасқан.

  • ........................................

  • Каспий теңізі Қазақстанның батысында.

  • ........................................

  • Өзбекстан мен Қырғыз республикасы Қазақстанмен шекаралас.

  • ........................................

  • Қытай батысында Каспий теңізімен шекаралас.

  • ........................................

  • Ресей Федерациясы Қазақстанмен шектеспейді.

  • ........................................

Студенттердің өздік жұмысы (сөж) Картаны пайдаланып, төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесіңіздер. Жауаптарыңызды жазыңыздар.

  • Жер бетінде қандай-қандай құрлықтар бар?

  • ........................................

  • Ресей Федерациясы қандай мемлекеттермен шекаралас?

  • ........................................

  • Қытай қай жерде орналасқан?

  • ........................................

  • Еуропа мемлекеттері қандай құрлықта орналасқан?

  • ........................................

  • Еуропаның бірнеше елдерін атаңыз. Олар бір-бірімен қалай шектеседі?

  • ........................................

  • Америка Құрама Штаттары қай құрлықта орналасқан?

  • ........................................

  • АҚШ- пен қандай мемлекеттер шекаралас?

Әңгімелесейік

Өзіңіздің туған, оқыған тұратын жерлеріңізді картадан көрсетіңіз.

Ол жерлер қалай аталады?

Ол елді-мекендер Қазақстанда ма?

Шетелде ме? Қай елде?

Ол елді-мекендер Астанадан алыс па?

Астанадан неше шақырым жерде?

Аталған жерлерге немен баруға болады?

Жолға қанша уақыт кетеді?

Атадан қалған асыл сөз

Мақал-мәтелдерді оқыңыз. Өз пікіріңізді қосыңыз.

Туған жердей жер болмас (болмайды),

Туған елдей ел болмас.

Әркімнің өз жері – жұмақ.

Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы.

Мақал-мәтелдерді түсіндіңіз бе? Бір тақырыпқа (мақал-мәтелдің мазмұнын ашып) шағын шығарма жазыңыз.

3-САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚР Конституциясы.

Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақ категориясы

Оқимыз. Мәтінді оқыңыз.

Конституциялық құқық негіздері

Конституция – мемлекеттің Ата заңы. Конституция (лат. Constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың қызметін, азаматтардың құқығы мен міндеттерін айқындайды. Ол – мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияны жасауға түрлі мамандық иелері және қарапайым халық қатысады. Ол – бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын заң, Конституцияға өзгеріс енгізу өте қатаң және жиі қайталана бермейді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, екі рет Конституция қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы қабылданды. Ол өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын толық атқарды...

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы – халық. Халық Конституцияны қабылдады және әрі қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы болып табылады. Конституция – бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады, яғни барлық Заң салаларының заңдық базасы болып табылады.

Конституцияның құрылымы мен мазмұны.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

І бөлім. “Жалпы ережелер” деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси қатынастар, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.

ІІ бөлім. “Адам және азамат” деп аталады. Адамның құқығы мен бостандығы, міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер жинақталған.

ІІІ бөлімде Президенттің, IV бөлімде парламенттің, V бөлімде үкімет құрамының сайлану, тағайындалу мерзімі, атқаратын қызметтері, өкілеттіктері, ел экономикасы, ішкі-сыртқы саясат т.б. мәселелер баяндалған. VI бөлімде Конституциялық кеңестің қызмет бағыты, VII бөлімде Соттар мен Сот төрелігі қызметінің мазмұны, VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері тұжырымдалған. ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.