Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК проф каз аударма иси .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.29 Кб
Скачать

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)

Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Көрсеткіш-показатель

Тетік-механизм

Сипат-характеристика

Бағыну-подчиняться

Бәсекелестік-конкуренция

Қарқын-темп

Мәлім-известно

Мәтінді оқып,аударыңыз.

Елімізде көптеген жоғары оқу орындары бар.Орта білім туралы куәлігі бар қазақстандық жоо-на түсе алады. Жоо-ның оқыту жүйесіне келсек, оқу мерзімі төрт,бес жыл. Ал оқыту түрі күндізгі, сырттай болып бөлінеді. Көбінесе оқытудың классикалық үлгілері қолданылады: лекциялар, семинарлар мен арнайы курстар. Оқу жылының барысында көптеген оқу орындарында студенттердің білімін сынау оқытылған пәндерден сынақ және емтихан тапсыру арқылы ұйымдастырылады.

Бакалавр дипломын алып шыққан студенттер магистратурада оқуларын жалғастырады.

Көптеген жоо-да кредиттік технология жүйеесі бойынша оқиды және сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыс істейді. Білім және ғылым министрлігінің жанындағы ұлттық аккредитациялық орталығы жыл сайын еліміздегі жоо-ның рейтингісін жасайды. Аккредитациялаудың негізгі көрсеткіштері:

  • білім беру қызметін жүзеге асыру жағдайларының сипаты (кадр, ақпараттық-оқыту ресурстары, қаржылық жағдай);

  • процесс сипаты (бағдарламаларының мазмұны, білім сапасының кепілдік тетіктері,т.б.) ;

  • Нәтиже сипаты (бітірушілердің дайындық сапасы және олардың қажеттілігі т.б. ).

ЖОО-рының білім беру жүйесі ҚР-сының БжҒМ-гіне қарасты Жоғары білім департаментіне бағынады.

Елбасымыздың былтырғы жолдауында: « Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген жолдар бар. Сонымен қатар Елбасы жолдауында 28 жылдан бастап ЖОО-рын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестау жүйесін енгізуді ұсынды. Осыған байланысты елімізде әлемдік білім беру ісіне қатысты көптеген шаралар қолға алынып жатыр. ЖОО-ры арасындағы бәсекелестік күннен-күнге қарқын алып келе жатқан құбылыс. Елімізге ауадай қажет маман кадрлар даярлау- бұл күндері күн тәтібіне өте қатаң қойылып отырған міндет. Ал сіз оқып жүрген Л,Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ті елімізге ғана мес, шетелдерге де кеңінен мәлім іргелі оқу орындарының бірі.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2 Тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Бесплатное образование, получение платного образования, учиться в частном заведении, поступать в любой вуз, получить среднее образование, поступить в институт на конкурсной основе.

3 Тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Жоғары білікті мамандар.............................

Қазіргі кезде басты мәселе...............................

Жоғары оқу орындары.......................................

Біздің республикамызда..........................................

Жоғары білім берудің болашағы...................................

Білім беру процесін................................................

4 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Университетте оқу ұнай ма?

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ін неге қаладыңыз?

Әрбір адамның жоғары білімді болуы шарт па?

Қандай мамандық түрлері ұнайды?

Университетегі қандай мәселелер туралы айтқыңыз келеді?

5 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.