Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК проф каз аударма иси .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.29 Кб
Скачать

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)

1-тапсырма. “Қазақстан Республикасының Ата заңы – маңызды құжат” деген тақырыпқа сұхбат құрыңыз.

2-тапсырма. Ситуативтік тапсырмаларды заң баптарын пайдалана отырып орындаңыз.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы бұзылған жағдайда қалай әрекет етесіз? (хат-хабар құпиялылығы сақталмаса).

2. Сіздің туысыңыздың үйін соттың шешімінсіз алып қойса, не істейсіз? (25-бап)

3-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Мен зейнеткермін, әрі ІІ топтағы мүгедекпін, медициналық жәрдемді қайдан, қалай аламын?

- ?

- Солай ма, біздерге кез-келген дәрігерлік мекеме тегін көмек көрсете ме?

- ?

- Кепілді медициналық көмек республика азаматтарының бәріне көрсетіле ме?

- Иә, ..........

- Өз құқығымызды бәріміз біле бермейміз-ау!

- ?

- ?

4-тапсырма.

1. Мына өлеңді жаттап алыңыз.

2. ҚР Конституциясы 9- бабымен байланыстыра әңгімелеңіз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді,

Ту болмады дегенге?!

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған!- деп Әнұран?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба?!..

(А.Бөкенов “Елтаңба”)

3. Сөздікті меңгеріңіз:

фр. уызынан жару – с самого рождения

фр. бас білгізу – укротить

фр. жер тарпыған – строптивый

тарпаң – неукрощенный Конь, строптивый

түлігіне дейін – даже животных

жауынгер – воин

байрақ – знамя

жаһан – вселенная

қазақ сынды – как казахи

Студенттердің өздік жұмысы (сөж)

Жазба жұмысын орындаймыз

1-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: әлеумет - ел-жұрт, көпшілік, қауым.

Қайырлы күн, қадірменді әлеумет!

Әлеумет

Әлеуметтік

Әулет

Біртұтас

Зайырлы

Құқық

Нысан

Нысана

бір бүтін, ажырамас

білгір, білімдар

ерік, бостандық

объект

мақсат, меже

ел-жұрт, көпшілік, қауым

қоғамға тән

үрім-бұтақ, өрен-жаран

2-тапсырма. Жауаптардың бірін таңдап, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда (қабылданды, қабылдады).

Қазақстан Республикасы (біртұтас, біркелкі) мемлекет.

Қазақстан президенттік (басқару, басқарма) нысанындағы мемлекет.

(әлеуеттік, әлеуметтік) мәселелер шешіліп жатыр.

Қазақстанның азаматы басқа мемлекеті азаматы болуы (танымайды, танылмайды). Әркім өзінің дінін (көру-көрмеуге, көрсету-көрсетпеуге) хақылы. Сөйлесеміз

3-тапсырма. Әңгімені қостаңыз. Анықтаманы пайдаланыңыз

  • Қазақстанда конституция неше рет қабылданды?

  • Бірінші Конституция қай жылы қабылданды?

  • Соңғы Конституция қашан қабылданды?

  • Конституция күні қашан аталып өтіледі?

Анықтама: (1937,1978, 1993, 1995); 30.08.

Сіз қалай ойлайсыз

4-тапсырма. Қай сұрақ дұрыс?

1. Жаңа Конституцияны республикалық референдумда халық қабылдады.

2. Конституция 1995 жылғы

5 қыркүйектен бастап күшіне енді.

3. Конституцияда Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп белгіленген.

4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары бірдей.

5. Республика азаматы басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.

6. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын көрсету-көрсетпеуге хақылы.

А.Жаңа Конституцияны қашан қабылдады?

Ә.Жаңа Конституция қалай қабылданды?

А. Конституция неден бастап күшіне енді?

Ә. Конституция қашаннан бастап күшіне енді?

А. Конституцияда Қазақстан қандай мемлекет деп белгіленген?

Ә. Конституцияда Қазақстан Президенттің жеке басқаруындағы мемлекет деп белгіленген бе?

А. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары барабар ма?

Ә. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атаулары тең емес пе?

А. Республика азаматы басқа мемлекет азаматтығында болуы таныла ма?

Ә. Республика азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола ала ма?

А. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын көрсету-көрсетпеуге хақылы ма?.

Ә. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын жазуы керек пе?

4-САБАҚ

6 - САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар

Мәтінді оқып, аударыңыз.