Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК проф каз аударма иси .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.29 Кб
Скачать

Глоссарий – сөздік

Дәріс (лат. Lectuo – оқу) – белгілі бір тақырып бойынша материалды баяндау. Жоғарғы оқу орындарында жаңа білімді хакбарлаудың алдыңғы қатарлы әдісі.

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Оқу пәнәнің саясаты (грек. Politike – мемлекетті басқару өнері) – оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.

Презентация (лат. Praesentatio – таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Силлабус (лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

СОӨЖ – оқытушының жетекшілігімен жасалған студенттердің өздік жұмысы.

СӨЖ – оқытушының қатысуынсыз орындалатын студенттің жоспарланған жұмысы.

Семинар – (лат. Seminarum орда)–жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты–оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Тренинг – студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.

Элективті курстар – (ағылш. Elect – таңдаулы) – студент өз еркімен таңдап алатын курстар.

1-САБАҚ

Семинар сабақтарына арналған тапсырмалар

Лексикалық тақырып: Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра.

Грамматикалық тақырып: Ауыспалы осы шақ. Сын есім.

Оқимыз. Мәтінді оқыңыз.

Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы

Қазақстан Республикасының “Тілдер туралы” Заңында:

“Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі, ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты”,- делінген.

Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі – сөз өнері. “Өнер алды – қызыл тіл” деген сөздің астарында қаншама сыр бар?!

Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тікелей тәуелді екені белгілі.

Халықтың сақталуы тіліне байланысты.

Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Ол - өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және сараланған стильдік нормаларымен танылған көркем тіл.

Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі – ар өлшемі.

Тілді шұбарлау – арды шұбарлау. Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлидің:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! - деген өлең жолдарын айта кеткен жөн.

Менің ана тілім – шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, меніңше, нағыз пақыр жан. Ана тілін жырлай алмаған ақын – ақын емес. Қандай ақын, жазушы болса да, әр жүрек өз ана тілін жырлауы тиісті. Ана тілін жырламаған адам жоқ болар.

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік”,- деген К.Г.Паустовский.