
- •Кардиология
- •Жиа: Миокард инфаркты(ми). Этиологиялық факторлар. Патогенезі. Ми экг көріністері. Емдік принциптері.
- •Экстрасистолия мен жүрекше фибрилляцияның клиникалық және экГбелгілері.
- •Симптоматикалық артериалдық гипертензиялар.
- •Артериалық гипертензия. Қауіп факторлары. Жіктемесі. Диагностикасы. Қазіргі кездегі қолданылатын гипотензивті препараттар.
- •Атеросклероз туралы түсінік. Гиполипидемиялық терапия принциптері.
- •Емдеу принциптері
- •7.Артериальды гипертензияның жіктемесі және қауіп факторларының критерилері
- •8. Созылмалы жүрек жетіспеушіліктің (сжж) клиникалық көріністер және ем принциптері.
- •Кейбір β-блокаторлармен сжж емдеу
Атеросклероз туралы түсінік. Гиполипидемиялық терапия принциптері.
Эталон: Атеросклероз – бұл тығыздығы төмен және өте төмен қан сарысулық липопротедтердің артерийлердің ішкі қабатында жиналуы мен және шөгуімен, құрылымдық-клеткалық, сондай ақ қан тамырлар қабырғаларында фиброздық табақшалардың түзілуімен дәнекер тіннің реактивті өсудің көрінуімен сипатталатын, ірі және орта артерийлердің созылмалы ошақты зақымдалуы.
Этиология :
-Липидтер алмасуының бузылуы;
-Белоктар алмасуының бузылуы;
-Қан тамырлық – эндотелиінің бузылыстары
Емдеу принциптері
І. Емдәм №10
ІІ. Салмақты төмендету семіздік кезінде.
ІІІ.Физикалық күштемелер
ІV. Екіншілік гиперлипидемия кезінде негізгі ауруды емдеу
V. Медикаментоздық ем:
Статиндер - 3-гидроокси-3-метилглютарил коэнзимның А редуктазаның ингибиторы, бауырда ТТЛП –тің холестриннің синтезін төмендетеді.
Фибраттар - (клофибрат, гемфиброзил) статиндерге қараганда холестеринге әсері шамалы, көбінесе триглицериддер мен ТӨТЛП денгейін төмендетед.Жанама әсері – асқазан-ішектік бұзылыстар.
Никотин қышқылы – ТЖЛП -тің холестеринін көтереді және жалғыз солғана липопротеид А-ның денгейін төмендетед.
Күніне 1,5-3 г таблетка ретінде (0,1 г/сут ден бастайды) берілед. Жанама әсері - дене кызуы, қышуы, асқазан-ішектік бұзылыстар аспиринмен басылуы мүмкін.
Анионалмасу смолдар-өт қышқылдардың секвестранттар (холестерамин, колестипол) - өт қышқылдрдың организмнен шығуын жылдамдатып, жалпы холестериннің синтезін шектейді.
VІ. Жануялық гиперхолестеринемияның гомозиготалық формасында - плазмоиммунофорез және бауырдың трансплантациясы қолданады. Гиперхолестерияның себебі-ТТЛП-терге баурдағы орналасатын рецептордардың дефециті генетикалық бұзылыстарына байланысты.
66 жастағы науқастың АҚҚ 220/120 мм с б көтеріліп кенеттен ентігу үдемелі түрінде пайда болды. Қарап тексергенде: ортопноэ жағдайында, демалыс қозғалысы 28 минутіне, аускультацияда өкпе алаңында ылғалды сырылдар естіледі. Диагнозды және емнің тактикасын құрастырыңыз.
Эталон: Диагноз: Артериалдық гипертензия 3 сатысы, қауіп 4, гипертензивті криз, өкпе ісінуімен асқынған.
Емнің тактикасы:
- ортопноэ жағдайды жасау (циркуляциядағы қан көлемі азаяды сол себептен жүрекке жеңілдік түседі),
- оксигенотерапия спирт қосқан (немесе антифомсилан) сүйықтан ұйымдастыру(альвеладағы көбектену процесстерды басады),
- к/т тамшылап сүйық нитратты еңгізу (изокет, немесе перлинганит немесе нитро 1% АҚҚ түсіріп жүрекке медикаментоздық түрде гемодинамикалық жеңілдік жасау),
- к/т лазикс 40-60 мг еңгізү (өкпелік гипертензияны төмендетү және өкпелік гидратацияны төмендету мақсатпен жасалынады),
- к/т морфий 1% немесе промедол физиологиялық ертісінде еңгізү (демалыс орталықты тежеу, науқасты тыныштандыру)
7.Артериальды гипертензияның жіктемесі және қауіп факторларының критерилері
Эталон: Артериалдық гипертонияның жіктелуі
АҚҚ деңгейі |
Қауып қатердің категориясы |
Диагностикалық критерийлері |
1 деңгей САҚ 140-159 мм с.б. ДАҚ 90-99 мм с.б. |
Қауіп қатер факторы 1 (қауіп төмен) |
Қауіп қатер факторы, нысана ағзаларыдың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар жоқ. |
2 деңгей САҚ 160-179 мм с.б. ДАҚ 100-109 мм с.б. |
Қауіп қатер факторы 2 (қауып орташа) |
1 және т.б. қауып қатер факторлары бар. Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар жоқ. |
3 деңгей САҚ >180 мм с.б. ДАҚ> 110 мм с.б. |
Қауіп қатер факторы 3 (қауып жоғары) |
Қауіп қатер факторлары Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар бар. |
1-3 деңгей |
Қауіп қатер факторы 4 (қауып өте жоғары) |
Қауіп қатер факторлары Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар бар. + қант диабеті * |
*- қант диабет бар жағдайда диагностикалық критерийлерге және АҚҚ деңгейіне қарамастан бірден 4 (қауып өте жоғары) қаупы беріледі.