
- •Кардиология
- •Жиа: Миокард инфаркты(ми). Этиологиялық факторлар. Патогенезі. Ми экг көріністері. Емдік принциптері.
- •Экстрасистолия мен жүрекше фибрилляцияның клиникалық және экГбелгілері.
- •Симптоматикалық артериалдық гипертензиялар.
- •Артериалық гипертензия. Қауіп факторлары. Жіктемесі. Диагностикасы. Қазіргі кездегі қолданылатын гипотензивті препараттар.
- •Атеросклероз туралы түсінік. Гиполипидемиялық терапия принциптері.
- •Емдеу принциптері
- •7.Артериальды гипертензияның жіктемесі және қауіп факторларының критерилері
- •8. Созылмалы жүрек жетіспеушіліктің (сжж) клиникалық көріністер және ем принциптері.
- •Кейбір β-блокаторлармен сжж емдеу
Артериалық гипертензия. Қауіп факторлары. Жіктемесі. Диагностикасы. Қазіргі кездегі қолданылатын гипотензивті препараттар.
Эталон: Артериальдық гипертензия ҰАГҚ – артериальдық қысымының жоғарлауымен көрінеді.
Этиология бойынша екі топқа бөлінеді - біріншілік және екіншілік АГ.
Бірінішілік – эссенциалды АГ (ЭАГ) барлық жағдайының 85-90 % (түб себебі әлі толық анықталған жоқ, екіншілік АГ табылмаған кездедерде қойылады)
Екіншілік АГ (САГ) 5-23% кездеседі.
Эссенциальды АГ этиологиясы Ланг бойынша- орталық нерв жүйеде экзогенды стресс әсерімен байланысты журек-қан айналым жүйе орталығының невроз дамуын айтады.Бұл жағдайда симпатоадренальдык нерв жүйесінің белсенділігі жоғарылайды.
АГ жоғарлаудың критериі САҚ 140 мм с.б. және ДАҚ 90 мм с.б.
Егде жастағы адамдарға ерекше түрі – оқшауланған систолалық АГ ажыратады.
Патогенез :
ЭАГ негізгі қозғыш фактор – симпатоадренальдык нерв жүйесінің белсенділігінің жоғарлауы
Вазоспазм (бүйрек тамырларының)
Ю
ГА-ның
стимуляциясы
РЕНИН-протеаза
АНГИОТЕНЗИН 1 ------ АНГИОТЕНЗИН 11
NaCl гиперволемияға байланысты АГ
АГ қауіп қатер факторлары:
1.Тұқым қуалаушылық
2. Неонатальдық кезеңнің ерекшеліктері
3. Дене салмағы
4. Метаболикалық синдром. АГ дамуына дене салмағының артығынан басқа, андроидты (алма тәріздес) семіру яғни, майдың денеде бір тегіс емес орналасуы (таралуы) өте маңызды боп табылады.
5.Алкогольдың әсері
6.Ас тұзын қолдану
7.Психосоциальдық стресс және физикалық белсенділіктін төмендігі
Артериалдық гипертонияның жіктелуі мен стратификациясы
АҚҚ деңгейі |
Қауып қатердің категориясы |
Диагностикалық критерийлері |
1 деңгей САҚ 140-159 мм с.б. ДАҚ 90-99 мм с.б. |
Қауып қатер факторы 1 (қауып төмен) |
Қауып қатер факторы, нысана ағзаларыдың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар жоқ. |
2 деңгей САҚ 160-179 мм с.б. ДАҚ 100-109 мм с.б. |
Қауып қатер факторы 2 (қауып орташа) |
1 және т.б. қауып қатер факторлары бар. Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар жоқ. |
3 деңгей САҚ >180 мм с.б. ДАҚ> 110 мм с.б. |
Қауып қатер факторы 3 (қауып жоғары) |
Қауып қатер факторлары Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар бар. |
1-3 деңгей |
Қауып қатер факторы 4 (қауып өте жоғары) |
Қауып қатер факторлары Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар бар. + қант диабеті * |
*- қант диабет бар жағдайда диагностикалық критерийлерге және АҚҚ деңгейіне қарамастан бірден 4 (қауып өте жоғары) қаупы беріледі.
Физикалық зерттеу ( ДДСҰ, 1996 ж):
Негізгі мақсаты – ағзалық бұзылыстарын анықтау, САГ себебін анықтау.
Бас ми : Ұйқы артериясының үстіндегі аускультативті шулар, қозғалыс және сезімталдық бұзылыстары.
Көз торшасы: қөз түбінің өзгерістері
Жүрек : Жүрек ұшының түрткісінің жоғарлауы, жүрек ырғағының бұзылуы, галоп ырғағы, өкпеде сырылдар , ісінулер
Перифериялық артерияларда : пульстің ассиметриясы; әлсіреуі немесе жоқ болуы
САГ-ның физикалық зерттеуде табылған симптомдары :
Кушинг ауруының симптомдары
Терінің нейрофиброматозы
Пальпаторлы түрде анықталған бүйректің ұлғаюы
Бүйрек артериясының үстінен анықталған іш аймағындағы аускультативті шулар (реноваскулярлы гипертония)
Кеуде торы және жүрек аймағындағы аускультативті шулар (аорта каорктациясы немесе аортоартериит)
Сан артериясында АҚ-ның төмендеуі (аорта каорктациясы немесе аортоартериит)
ЭАГ емдеу принциптері
Негізгі гипотензивті препараттар:
Диуретиктер
Тиазидтер және оған жақын қосындылар (гипотиазид, индапамид /арифон/, хлорталидон, бринальдикс және т.б.)
Нефрон ілмегінің диуретигі (фуросемид, урегит, буринекс және т.б.)
Калий сақтаушы (верошпирон, триматерен, амилорид және т.б.)
Β-адреноблокаторлар
Селективті емес (пропранолол, пиндолол, надолол және т.б.)
Селективті (бетаксолол, бисапролол, талинолол, атенолол және т.б.)
Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар (вискен, ацебуталол, окспренолол және т.б.)
α-β-адреноблокаторлар (лабеталол, карведилол және т.б.)
Ангиотензин-айналдырушы ферменттер ингибиторлары
(каптоприл, эналаприл, лизиноприл, рамиприл, периндоприл, фозиноприл және т.б.)
Ангиотензин-ІІ рецепторының блокаторлары
(лозартан, вальсартан, эпросартан және т.б.)
Баяу кальций каналдарының блокаторлары
фенилалкиламиндер туындылары (верапамил, изоптин және т.б.)
бензодиазепин туындылары (дилтиазем, кардил және т.б.)
дигидропиридин туындылары (коринфар, исрадипин, амлодипин және т.б.)
α1-адренорецепторлардың блокаторлары
(празозин, доксазозин және т.б.)
Орталық әсер ететін препараттар
Орталық α2-адреномиметиктер (клофелин және т.б.)
Орталық имидазолиндік рецепторлардың антогонистері (моксонидин /цинт, физиотенз/ және т.б.)
Комбинирленген препараттар
(тенорек, вискальдикс, энап-н, коренитек, гизаар және т.б.)