
- •Кардиология
- •Жиа: Миокард инфаркты(ми). Этиологиялық факторлар. Патогенезі. Ми экг көріністері. Емдік принциптері.
- •Экстрасистолия мен жүрекше фибрилляцияның клиникалық және экГбелгілері.
- •Симптоматикалық артериалдық гипертензиялар.
- •Артериалық гипертензия. Қауіп факторлары. Жіктемесі. Диагностикасы. Қазіргі кездегі қолданылатын гипотензивті препараттар.
- •Атеросклероз туралы түсінік. Гиполипидемиялық терапия принциптері.
- •Емдеу принциптері
- •7.Артериальды гипертензияның жіктемесі және қауіп факторларының критерилері
- •8. Созылмалы жүрек жетіспеушіліктің (сжж) клиникалық көріністер және ем принциптері.
- •Кейбір β-блокаторлармен сжж емдеу
Экстрасистолия мен жүрекше фибрилляцияның клиникалық және экГбелгілері.
Эталон: ЭКГ-да барлық экстрасистоларға тән көрсеткіштер:
Журектік комплекс уақытысынан бұрын пайда болуы;
Экстрасистоладан кейінгі узақ паузасы болу керек;
Шыққан орнына байланысты келесі топтарға бөлінеді:
- қарыншаүстілік (жүрекшелік және атриовентрикулярлық);
- қарыншалық (сол және оң карыншалық).
ЭКГ –да жүрекшелік экстрасистолалрға тән белгілер:
жүректік комплекстің уақытысынан бұрын пайда болуы;
Р серме сақтаулы;
QRS комплекстін пішіні мен ұзақтығы өзгеріссіз.
Экстрасистоладан кейінгі диастолалық паузасы (интервал Т — Р) сәл ұзарған (1,5 R-R сийғызады)-толық емес компенсатолық пауза деп аталған.
ЭКГ –да қарыншалық экстрасистолалрға тән белгілер:
жүректік комплекстің уақытысынан бұрын пайда болуы;
Р серменің жоғалуы;
QRS комплекстін пішіні деформацияланған және ұзақтығы ұлғайған.
Экстрасистоладан кейінгі диастолалық паузасы (интервал Т — Р) айқын ұзарған (2 R-R сийғызады)-толық компесаторлық пауза деп аталған.
Жүрекшелердің жыбырлау (фибрилляциясы) – қарыншаның жийырлу ырғағы дұрыс емес; Р серме айқын көрінбейді; оның орында жүрекшелердің фибрилляциялық f толқындарды (жийлігі 350-700/мин) табуға болады; QRS ≤ 0,10 с. R-R интервалдар дұрыс емес.
Жыпылықтаушы аритмияның келесі түрлерін ажыратады:
Тұрақты тұрінде, бірақ жиі (тахисистоликалық), сирек (брадисистоликалық) немесе қалыпты (нормосистоликалық) ЖЖЖ-мен өтетін;
пароксизмальдық;
Тұрақты тұрінде анда-санда пароксизмдер болып турады;
4) жыпылықтаушы аритмия WPW синдроммен қосарлануы.
Симптоматикалық артериалдық гипертензиялар.
Эталон: Симптоматикалық артериалдық гипертензия (САГ) немесе екіншілік АГ барлық жағдайының 5 – 23 % кездеседі.
Екіншілік АГ (ДДҰ эксперттерінің мәлімдемесі, 1996)
1. Дәрі-дәрмектер немесе экзогенді заттар |
Гормоналды контрацептивтер Кортикостероидтар Симпатомиметиктер Кокаин Құрамында тиамині бар заттар Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар Циклоспорин Эритропоэтин |
2. Бүйрек аурулары |
Паренхиматозды бүйрек аурулары (гломерулонефриттер, нефриттер) Созылмалы пиелонефриттер Обструктивті нефропатиялар Бүйрек поликистозы Диабеттік нефропатия Гидронефроз Бүйректің туа пайда болған гипоплазиясы Бүйрек жарақаты Реноваскулярлы гипертония Ренин түзуші ісіктер Ренопривті гипертония Тұздың бірінішілік жиналуы (Лиддл синдромы, Гордон синдромы) |
3. Эндокриндік аурулар |
Акромегалия Гипотиреоз Гипертиреоз Гиперкальциемия Бүйрек үсті безінің аурулары (Кушинг синдромы, бірінішілік альдостеронизм,бүйрек үсті безінің туа пайда болған гиперплазиясы, феохромоцитома, қатерлі ісік) |
4. Қолқа коарктациясы мен аортиттер |
|
5. Жүктілік асқынуы |
|
6. Неврологиялық аурулар |
Бас ми сүйегінің ішіндегі қысымның жоғарлауы Ми ісігі Энцефалит Респираторлық ацидоз Ұйқы кезіндегі апноэ Аяқ-қолдың толық параличі Жедел порфирия Қорғасынмен улану Гийен-Барре синдромы |
7. Хирургиялық асқынулар |
Операциядан кейінгі гипертония |
Клиникалық ағымының ерекшеліктері
САГ бірнеше ерекшеліктермен анықталады. Олар:
Аурудың алғаш рет (АҚ алғаш көтерілуі) 20 жастан жас немесе 60 жастан үлкен жас шамасында басталуы.
Кенеттен пайда болған және өте жоғары көрсеткіштегі АҚ, тез үдемелі немесе қатерлі ағым, әдетте диастолалық АҚ (ДАҚ)>110 мм с б.
Симпато-адреналды қозу клиникасымен көрінетін криздердің болуы.
Жанұялық анамнезде АГ (тұқым қуалаушылықтың) болмауы немесе анамнезінде кез-келген бүйрек ауруының болуы.
Үш компоненттен тұратын гипотензивті терапияға тұрақтылық немесе жүргізілген емге қарамастан АГ үдеуі.
Ең көп кездесетін бүйректік гипертониялар (гломерулонефриттте, пиелонефритте, диабеттік нефросклероздаа, жүктілік нефропатиясында, бүйрек анамолиясында, жүйелі васкулитте және т.б.)