
- •Гастроэнтерология мен гематология
- •Гемофилияда болатын лабораторлық көрсеткіштері.
- •2. Жедел және созылмалы лейкоздардың лабораторлы көрсеткіштері.
- •Бауыр циррозы кезіндегі диагностикалық критерийлер.
- •5. Цитолиз, холестаз және бауыр-жасушалық жеткіліксіздік синдромының негізін лабораториялық зерттеулердің көріністері:
- •6. Ішек тітіркену синдромы ішектің моторикасының бұзылысы(клиникасы, емнің принциптері)
- •7. В12 тапшылықты анемияның диагностикалық критерийлері
- •8. Асқазанның эндоскопиялық пен рентгенологиялық әдіспен тексерістерде ойық жара аурудың көріністері
- •9. Асқазан ойық жара ауруы. Этиологиясы. Агрессия мен қорғаныс факторлары. Клиникалық көріністері. Диагностикасы. Емнің антацидтық және эрадикациялық принциптері.
- •Жедел және созылмалы лейкоз кезіндегі қан анализ көрсеткіштері.
- •Цирроз печени. Этиология. Клинические и лабораторные признаки. Портальная гипертензия, гиперспленизм. Принципы лечения.
- •13. Созылмалы тассыз холециститтің лабораторлық және инструменталдық көрсеткіштері.
7. В12 тапшылықты анемияның диагностикалық критерийлері
Эталон:
Қан анализы: гиперхромды анемия; макроцитоз; пойкилоцитоз; эритроциттерде Жолли денешіктері, Кебот сақиналары кездеседі; ретикулоцитопения; лейкопения; нейтропения; тромбоцитопения; ЭТЖ жоғарлауы.
Миелограммада: көп мөлшерде миелобластар.
Биохимиялық анализ: билирубин байланыспаған фракциясы мөлшерінің жоғарлауы байқалады.
8. Асқазанның эндоскопиялық пен рентгенологиялық әдіспен тексерістерде ойық жара аурудың көріністері
Эталон:
98 пайыздық жағдайда жараның орналасуының, тереңдігін, пішінін, мөлшерін нақтылайды, жазылуын бақылауға, шырышты қабатының өзгеруіне гистологиялық бағалау жүргізуіне, малигнизацияны болдырмауына көмектеседі
Рентгенологиялық әдіспен асқазандағы ойық жараны анықтау үшін науқасқа контрасттық затты ішкізеді. Рентгенологиялық әдіспен тексерістерде «Ниша» симптомы тән, асқорыту ішек жолының моторикасының бұзылысы және қатпарлардың конвергенциясы.
9. Асқазан ойық жара ауруы. Этиологиясы. Агрессия мен қорғаныс факторлары. Клиникалық көріністері. Диагностикасы. Емнің антацидтық және эрадикациялық принциптері.
Эталон: Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы - асқазанның немесе ұлтабардың шырышты қабатында ойық жараның пайда болуымен сипатталатын созылмалы үдемелі ауру.
Этиологиясы. Қазіргі кезде хеликобактер пилори грам (-) бактериясы ойық жара ауруларының дамуымен маңызды роль атқарады. Бұл микроорганизмдер ұлтабар және асқазанның ойық жара ауруымен ауыратын науқастардың 50-95% аңықталады. Хеликобактер пилори уреаза ферментін өндіре отырып, асқазанның рН-ын өзгертеді және G жасушасын ынталандырып, тұз қышқылының секрециясын кушейтеді.
Қауып-қатер факторлар:
- тұқым қуалаушылық бейімділік (асқазанның шарышты қабатындағы паритальды жасушалар санының артуы және сонымен байланысты асқазан сөлімен бірге тұз қышқылының гиперсекрециясы).
Алиментарлық (дұрыс тамақтанбау, тамақтану сипаты және тәртібінің бұзылуы, тамақтану арасындағы үзілістердің ұзақтығы, құрғақ тамақ, қатты, ащы тамақтарды қолдану- асқазан немесе тұз қышкылының секрециясының жоғарылады.
Зиянды әдеттер (темекі шегу, алкогольды ішімдіктер ішу). – ульцерогенді қасикттері бар дәрі-дәрімектер (салицилаттар, глюкокортикоидтар).
Клиникалық көріністері
1) Ойық жара ауруының өршу кезіндегі басты симптом құрсақ үсті (төс асты) аймағындағы ауру сезімі болып табылады: Тағам қабылдауымен байланысты (ерте ауру сезімі асқазанның ойық жарасына тән, олар тағам қабылдағаннаң кейін 0,5-1 сағаттан кейін пайда болады, асқазан құрымы ұлтабарға өткенде ауру сезімі азаяды және жойылады. Ұлтабардың ойық жарасына кеш удеу ауру сезімі тән, тамақ қабылдағаннаң кейін 1,5-2 сағаттан соң пайда болатын, және оған аштық аурулар –тамақ қабылдағаннаң кейін 6-7 сағаттан соң пайда болады және түнгі уақытта мазалайтың тунгі ауру сезімдері. Сол жақ эпигастрий аймағында немесе ортанғы сызықтың оң жағында орналасады, бірақ ауру сезімі атипті орналасуы да мүмкін. Тағам қабылдаған соң, антацидтерді және антисекреторлы препараттарды қабылдағаннаң кейін басылады.
2) Ойық жара ауруының өршуіңде диспепсиялық бұзылыстарда байқалады: қышқыл мен кекіру, қыжылдау, журек айну. Ауру сезімі күшейгенде пайда болатың және жеңілдік әкелетің асқазан құрамы бар қышқыл құсық.
3) Объективті тексергенде анықтауға болады: эпигастрий аймағындағы жергілікті ауру сезімі ішке пальпация жасағанда анықталады, перкуторлы төс асты аймағында, алдынғы іш қабырғасың әлсіз ұрғылаған кезде (Мендель симптомы), ауру сезімінің пайда болуы байқалады
Лабораториялық және аспаптық зерттеулердің көріністері:
1) Ойық жараның анықтауы
- эндоскопиялық әдіспен қарау (98 пайыздық жағдайда) жараның орналасуының, тереңдігін, пішінін, мөлшерін нақтылайды, жазылуын бақылауға, шырышты қабатының өзгеруіне гистологиялық бағалау жүргізуіне, малигнизацияны болдырмауына көмектеседі
- рентгенологиялық әдіспен «Ниша» симптомы тән, асқорыту ішек жолының моторикасының бұзылысы және қатпарлардың конвергенциясы.
- Хеликобактер пилориді ФГДС жасағанда асқазан денесінен және антральды бөлігінен екі биоптаттан алғанда анықталады.
- рН метрия бөліктік (фракциялық) асқазанды зонтаудың көмегімен асқазанның қышқыл тнзы қызметін зерттеу жара ауруының диагностикасында маңызды рөл атқарады. Ұлтабардың және пилорикалық каналдың ойық жарасында әдетте қышқыл өндірілуі көрсеткішінің жоғарлауы байқалады, асқазанның денесіндегі және субкардиальды бөліміндегі ойық жарада қалыпты немесе төмендеген.
- Жалпы қан анализі ауру асқынбаған жағдайда жиі өзгермейді, гипохромды анемия жасырынды немесе айқын қан кету белгілерін көрсетеді, лейкоцитоз және ЭТЖ жылдамдауы ойық жараның пенетрациясы кезінде анықталады,
- Нәжістің жасырын қанға оң реакциясы ойық жара ауруының асқынуы кезінде кездеседі.
Емі 1, 1а Емдәм, күніне 5-6 рет бөллікпен тамақтану, тамақты буға пісіру көрсетіледі.
Хеликобактер пилориді зерттейтін Еуропалық топтың Маастрихтік келісім конференциясының шешімімен эрадикациялық терапия ушін әрқайсысының құрамында міндетті түрде протонды насосты блокаторларына жататын стандартты дозада күніне екі рет тағайындалатын үштік сызбасының 1 сызбасын қолдануы ұсынылады.
Эрадикацияның үштік сызбасы қолдану тиімсіз болғанда протонды насосты блокаторларды бірі және классикалық үштік сызбасы уйлескен квадротерапия курсы деп аталады эрадикациялық терапияның 2ші бағыттағы сызбасы ұсынылады.
2)Антисекреторлық препараттар. *Селективті емес препараттар (атропин, платифилин, метацин) асқазанның секреторлы қызметін және басқа мүшелердің моторлы қызметін басады. *Селективті (гастроцепин) пепсин және тұз қышқылын өндіретін асқазанның шырышты қабатындағы жасушаларда ацетилхолиннің мускариндік рецепторларын таңдамалы істен шығарады
Протонды насос блокаторлары асқазан құрамының рНын жоғарлата отырып, хеликобактер пилоридің тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туғызады және көптеген антибактериялдық препараттардың әсерінің тиімділігін жоғарлатады. Олар ойық жара ауруының өршүінің базисті емінің әдістері болып абылады.
Антацидтер (ренин, алмагель, фосфалюгель, маалокс) тұз қышқылын бейтараптауға қатысады.
3) Гастропротекторлар: шырыш түзілуін ынталандыратын (биогестрон), қорғаныш қабықша түзетін (сукральфат), қаптаушы (смекта)
4) Асқазанның моторикалық қызметін қалпына келтіретін препараттар: - мотилиум, церукал
5) Ұлтабардың және асқазанның шырыштық қабатында репаративті үрдісті күшейтетін репаранттар: солкосерил, рауғаш майы, анаболиктер. Хеликобактер пилори-мен ассоцирленбеген ойық жара ауруының емі: -антисекторлық препараттардың барлық топтарын қолданады: протондық насос блокаторы Н2 гистамин рецепторларынын блокаторлары, М-холинорецепторлар (гастроцепин), антацидтер (маалокс, фосфалюгель).