
- •Лекция №9. Тақырыбы: Ұйым теориясы. Ұйымда басқарудың негізі. Туризмде басқару аппаратының кәсіпорынмен қарым қатынасы. Жоспар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері
- •Лекция №10. Тақырыбы: Басқаруда шешім қабылдау. Басқару функциясы. Жоспар:
- •Менеджмент функциясының өзара байланысы және мәні.
- •Ұйымдастырушылық функциясы.
- •Мотивтендіру басқару функциясы ретінде
- •Бақылау функциясы.
Ұйымдастырушылық функциясы.
Туристтік фирма құрастырған кез келген жоспарда әр қашан ұйымдық кезеңі болады, яғни жоспарланған мақсаттарға жету үшін реалды жайды құратын этап. Фирма құрылымын құру және бірінші этап – жоспарлауда анықталған мәселелерді шешу үшін оны керектілермен қамтамассыз ету деген сөз.
Басқарудың ұйымдастырушылық функциясы кез келген туристтік кәсіпорынның техникалық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық әрекеттері жағын ретке келтіруге қамтамассыз етеді. Ол менеджер мен орындаушының әрекетін ретке келтіруге бағытталған барлық жұмысты адамдар орындайтындықтан әрбір нақтылы мәселені кім орындау қажет екенін және ол үшін қандай құралдар керек екенін анықтайды.
Ұйымдастырушылық әреет арқылы, яғни мәселелер мен компетенцияларды бөлу және біріктіру кәсіпорында қатынастар басқаруында болуы тиіс. Ұйымдастыру – бұл кәсіпорынның мақсаттарға жету құралы. Экономикалық көзқарасы бойынша ұйымдастырушылық әрекет кәсіпорын жұмысының тиімділігінің артуына алып барса, персоналды басқару көзқарасы бойынша ол жұмысқа мән береді және орындаушылар арасында бөліп беріледі.
Масылға, туроператорлардың жұмысын ұйымдастыру туризммен ұйымдық функциямен басқаруды елестету қажет. Осылайша, туроператор өндірістік, саудалық, ақпараттық мәселелерді, жаңа аймаққа бейімделу және т.б. сияқты мәселелерді шешеді. Олардың әрқайсысынан менеджер міндеттемелерді бөліп, жауапкершілікті орнатады.
Жоспарлаудың басты мақсаты – бұл белгісіздік проблемасын бір жолдармен шешу. Өзгерістерге бейімделу қажеттілігі – жоспарлауға үлкен мән беретін факторлардың бірі. Жоспарлаудың қаншалықты маңызды болуына қарамастан ол тек басы ғана. Көптеген жоспары бар және өмірге айналдыратын бүтін құрылымның болмайтын туристтік фирма сәтсіздікке ұшырайды. Өйткені жоспарлау функциясы мен ұйымдастыру функциясы бір – бірімен тығыз байланысты. Жоспарлау ұйым мақсатын жүзеге асыру үшін бағаны дайындайды, ал ұйымдастырулық функциясы басты компоненті адам болған жұмысшылық құрылымын құрайды.
Ұйымдастыру функциясы фирма мамандарды біріктіру болса, оның мәселесі олардың әрқайсысының өз миссиясын, рөлін, жауапкершілігін, бағыныштылығын анықтау.
Кәсіпорынның көлеміне, мақсаттарына, технология және персоналына қарап ұйымдастыру процессін жұмысын құрылымдайды және бөлімшелерін құрайды. Фирма өзінің жоспарын орындауға және өзінің мақсатына жетуі үшін құрылымдауды керек ететін элементтер тізбегі бар. Әрекеттің типі және масштабына қарамастан әрбір фирма ұйымдасқан болуы керек.
Ұйымдастырушылық функциясы процессін орындауда басқарылатын принциптер тізбегі бар:
Жоспарлаудың барысында табылған фирма мақсаттарын анықтау және бөлшектеу.
Осы мақсаттарға жету үшін қажетті әрекет түрлерін анықтау.
Адамдарға түрлі мәселелерді тапсыру және оларды басқарылатын жұмыс тобына немесе бөлімшесіне біріктіру.
Басқаруды кім жүзеге асыратынын нақты анықтамасын қосатын, жұмысшылар қарым-қатынасын орнату арқылы әрбір топқа тапсырылған түрлі әрекетті координациялау, яғни топтың әрбір мүшесі не істеу керектігін және қандай мерзімде екенін білуі тиіс. Сонымен бірге онымен кім басқаратында білуі шарт.
Мақсаттың тұтастығы – ұйымның әрбір мүшесі жалпы пайда үшін қызмет етеді, яғни ешкім ұйымның мақсатына қарсы жұмыс істемеу керек.
Басқару қарқыны немесе менеджмент қарқыны - әрбір менеджер басқарылуындағы жұмысшылар санына жауапты.
Ең соңғы принципті түрлеше талқылауға болады. Бір ғана менеджердің басқаруы міндетті қызметкерлер санын анықтау оңайға түспейді. Нағыз өмірде бұл сан ұйымнан ұйымға, бір басқару деңгейінен басқаға қатты түрленеді. Осылайша жоғарғы басқарушылар оннан аспайтын ауданға басқарған уақытта, төмен деңгейдегі басшылар одан көп қызметкерлерді басқарады.
Осымен байланысты басқарулы нормаларды анықтайтын маңызды 2 факторды бөліп көрсетуге болады – уақыт және жиілік, яғни менеджерге әрбір қызметкермен қанша уақыт өткізу керектігін және ол оны қаншалықты жиі істейді. Әрине, бұл критерий менеджердің өз қызметкерлерімен қарым-қатынас жасай алуымен (сөз таба алуы), мәселені шешу қиындығымен, еңбек процессіне қызығушылық пен қатысуымен байланысты болады.
Осылайша, процессті ұйымдастыру – бұл басқару функциясының екіншісі. «Ұйымдастыру» терминіне басқарушылық функция мағынасында көп жағдайда 2 анықтама беріледі:
Ұйым – бұл адамдардың бірігіп еңбек ететін жер бар болғандығы қарым-қатынас, құқық, мақсат, рөл, әрекеттер түрлері және басқада факторлар түріндегі жүйе құрылымы.
Ұйымдастыру – бұл кәсіпорынның құрылымының құрылып, сақталуының болатын процессі.