
- •Көлік пен туризмнің өзара байланысы.
- •Транспорттық саяхаттар мен транспорттық құралдарды классификациялау.
- •I класс (f)
- •Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру.
- •Әуе көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшелігі.
- •Темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру және жоспарлау.
- •Темір жол көлігі туралы заңдар
Темір жол көлігі туралы заңдар
1. Темір жол көлігі туралы заңдар ҚР-ның Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер де ҚР-сы бекіткен халықарлық шарттарда осы Заңдағыдан ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшеліктері ҚР-ның заңдарымен реттеледі.
Темір жолдар, шетелде жеткілікті пайдаланылатын көлік болып табылады. Негізінен европалық мемлекеттерде. Ол темір жол сызықтарының қалық жүйесінің бар болуымен, жоғарғы сапалық қызмет көрсету, қызмет көрсетудің біркелкі келісілген жүйесін құрумен және льготалық тарифтердің үлкен санын қолданумен байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы темір жол туризімінің перспективалық болашағы бар. Себебі Қазақстан территориясындағы темір жолдың жартысы Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі елді мекендер мен қалалар бойынша өтеді. Жібек жолы – Қазақстанның ең негізгі туристік ресурстарының бірі және халықаралық туристік нарықта ең әйгілі туристік ресурсы болып саналады. Сондықтан Қазақстандағы темір жол туризімінің өзінің болашағы бар.
Темір жолмен саяхаттың басқа саяхат түрлерімен келесі аспектілермен ерекшеленеді:
1) комфорттылық деңгейінің жоғарылығымен (әуе мен авто саяхаттармен салыстырғанда осы саяхаттар кезінде турист бір орнында отырады, ал темір жол саяхаттарында турист жатқысы келсе жатады, жүруге мүмкіндігі бар);
2) салыстырмалы қауіпсіздігімен ;
3) Вагонды орналасу құралы ретінде пайдалануға болатындығымен (саяхат кезңнде қонақ үйлерде тоқтамау, купенің ішінде түнеу);
4) Вагонды тамақтану құралы ретінде пайдалануға болатындығы (тұрып жатқан купеде немесе арнайы вагон – ресторанда тамақтануға болатын мүмкіншілігі);
5) салыстырмалы бағаның төмендігі.
Сонымен қатар бұл туризм түрінің кемшіліктері де бар:
1) Ең басты кемшілігі болып темір жолмен саяхат кезінде маршрутты клиенттің талабы бойынша өзгерте алмайтындығында табылады;
2) Осы көлік түрінің салыстырмалы мобильсіздігі, яғни бұл көлік түрі тек арнайы рельс төселген жолдармен ғана жүретіндігі;
3) Темір жол туризімін дамыту үшін шетелдік жоғары комфортты вагондар мен поездарды мемлекет территориясында іске қосу үшін рельс жолдарын ауыстыру керктігі.
Темір жолмен саяхатқа туристердің саяхат кезіндегі тіршілікті қамтамасыз етудің қажетті элементтері кіреді (орналасу, тамақтану, көлік).
Темір жол туризімінің табысты қызмет етуі үшін Қазақстанның туристік ресурстары туралы жарнаманы қолданып халыққа ақпарат беру керек.
Туристік топтарды тасымалдаудың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты, туристік фирмалардың көлік компанияларымен сенімді қарым-қатынас жасауы керек.
Қазақстан туристік ресурстарын халықаралық туристік нарықта жарнамалау да өте қажет. Туристік фирмалармен қатар туристік ресурстарды жарнамалау ға мемлекет те қатысуы керек. Мемлекет ішкі туризмді және шетел туристердің қызығушылығын туғыздыру үшін жарнамалау керек.
Тасымалдау кезіндегі маңызды сұрақтарға: қауіпсіздік, әртүрлі қызметтердің мамандырылған және жөнге салынған жұмысы, жолаушылардың ережелерді сақтауын, экологиялық таза көлік түрлерінің пайдалану жатады.
Еуропадағы темір жол туризімі онша әйгілі емес, бірақ та туристік бизнесте өзінің орнын алады. Осы туризм түрінің даму мүмкіншілігі, туристердің қызығушылығымен және көбейіп жатқан инвестициялардың нәтижесінде көрінеді. Ресейде темір жол туризімі дамудың ең алғашқы деңгейінде тұр, бірақ әйгілік қарқыны Еуропаға қарағанда жоғары. КСРО тәжірибесі көрсетті, әйгілі өте жоғары темір жол туризімінің табысы бар және ол туризмнен түскен табыстың жоғарғы қабаттарын алу мүмкін.
Қазақстандағы темір жол туризімінің зор мүмкіншілігінің болуына қарамастан, біздің республикада темір жол туризімі дамымай жатыр. Бірақ соңғы кезге дейін ол табысты жұмыс істеп, Республика бюджетіне зор табыс әкелді. Темір жол көлігінде заңдар турфирма, темір жол мен клиенттер арасындағы өзара қызмет етуге бағытталған. Темір жол туризімі даму үшін инвестициялар керек. Олар жарнама мен арнайы тоқтау алаңдарын ұйымдастыру үшін жұмсалу керек. Соған қарамастан Қазақстанда темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру мен дамудың барлық алғышарттары бар. Яғни, осы көлік саяхаттарының дамуы Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуына әкеліп соғады.