Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризи колик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру.

Автосаяхаттардың ерекшелігі болып, олардың өзінің тұратын жақтың көрікті жерлерін көру мақсатымен ұзақ емес ара қашықтыққа жасалуы табылады. Қазіргі уақытта автосаяхаттар жеке, арендаға алынған немесе қоғамдық көлікте пайдаланылып жасалады. Қоғамдық көлік бір елді мекеннен келесі елді мекенге тасымалдау үшін қолданылады. Арендаға алынған немесе жеке көлікті бірнеше күнге маршрут бойынша елді мекендер ішінде тасымалдау және қызмет көрсету үшін ыңғайлы.

Автокөліктің басқа көлік түрлерінен басымдылығы: жоғары маневрілігі, мобильдігі, қолайлығы, тарифтердің төменділігі, қажеттілік бойынша шығуға мүмкіншіліктер, кең шолу, «есіктен-есікке» қызмет көрсету, яғни ол вокзалдар, станциялар, порттар салу үшін капиталдық шығындарды қысқартады.

Ұзақ маршруттарда авто саяхаттар комфорттылық деңгейінің төменділігімен сипатталады.

Автосаяхаттардың басқа да кемшіліктері бар: жылдамдылығының төмен болуы және айналадағы ортаның ластануы. Соңғы уақытта мамандар жетілген автомобильдер түрлерін жасады.

Туристер группаларын тасымалдау үшін автобустар қолданады. Автобус бұл- көп орынды, вагон типті құрлықта жүретін көлік түрі. Микроавтобустардың ұзындығы бес метр, ал қосылған және автопоездар 24 метрге жетеді.

Халықаралық автобус турлары өзінің ұзақтылығымен, экскурсиялық бағдарламалардың мазмүнымен және саяхат кезінде қызмет көрмету жағдайларымен ерекшеленеді. Осы факторларға байланысты олар: экономикалық, стандартты, фирмалық және эксклюзивті болып бөлінеді. Экономикалық турларда саяхатқа жақсы  экскурсиялық бағдарлама, 2-3* жұлдызды отельде орналасу, түнде жүру кіреді.

Туристік мекеме, өзінің тарапынан келесі міндеттерді атқарады: туристерді тасымалдау графиктері мен жазбаша заявкаларды уақытында беру, автоқызметтер үшін төлеу. Туристік группаларды санына және автобус орындарына қарай жинау, автокөлікті тек қана келісілген белгілеуге ғана қолдану, туристер ішінде тәртіпті қамтамассыз ету, транспорттық құралдың  бүлдіруден болған шығындарды өтеу, т.б.

Автобустық маршруттың басшысы жол бойы экскурсиялық ақпаратты, тәртіп туралы ережелерге инструктажды, маршруттың қысқаша сипаттамасын, санитарлы-тұрмыстық тоқтаулардың орнын, уақытын, және созылуын беру керек. Осындай тоқтаулардан кейін, туристердің санын тағы да тексеру керек.

Саяхаттың табысы жүргізуші мен топтың басшысының өзара түсінушілігіне байланысты. Туристік топтың басшысы (инструктор, экскурсовод, методист) оның туристердің тәртіп ережелерін дұрыс орындауына жауапты екенін есте сақтау керек. Осы ережелер туристердің автобустық маршруттағы міндеттер ретінде беріледі. Автобус жүргізушісі мен топ басшысы құжаттардың ақшаның, туристің затарының  сақталуына жауапты емес.

Автосаяхаттың тағы бір түрі- ол автомобильдермен саяхат. Осындай саяхаттар маршрут картасын құрумен басталады, содан кейін жүрудің уақытын есептеу, демалу және елдімекендерде жүру уақыты т.б. есептеледі. Содан кейін мотельдер, қонақ үйлермен, олардың қасындағы стоянкаларды жалға алу шартына сәйкес келісімдер жасалады. Осындай маршруттардың ерекшелігі болып ТЖО мен келісімдер жасау. Осындай келісімдер бірнеше болу керек. Осы қызмет түрлерін серіктестер арқылы алуға болады. Ірі елді мекендерде тоқтаулардың уақыты көп болу керек. Көрікті жерлермен танысу, жолдама бағасына кіреді. 20-25 адамнан құрылған топқа қызмет көрсетудің бірінші күнінде қала бойынша шолу экскурсиясы ұсынылады. Осы экскурсияның мақсаты автосаяхаттаушыларға демалу мен ориентир жасауға көмектесу және келесі күндері олардың қалада өздері жүруге көмектеседі. Осындай саяхат түрі бізде аз таралған, бәрақ олардың болашағы бар, оның себебі жеке көлік саны күннен күнге өсуде. Саяхат барысында туристер жақындайды және оларды авто тематикаға арналған жалпы қызығушылығына үйрену жүргізіледі. Осындай саяхат түрін ұйымдастыру кезінде үнемі маманданған автомобилистпен кеңес жүргізу керек.