Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Бол, ет, қыл көмекші етістіктері

Бол, ет, қыл көмекші етістіктері тілде әр алуан қызмет атқарады. Бұл үш көмекші етістіктің сөзжасамдық қызметі өте күшті. Бұлар арқылы жасалған құранды етістіктер тілде өте көп. Бұл көмекші етістіктер есім сөздерден етістік жасайды. Мысалы, Еламанда қыбыр етпеді (Ә.Нұрпейісов). Кейбір көргенін әңгіме етіп қояды (М.Әуезов). Берілген мысалдардағы қыбыр етпеді дегенді қыбырламады, әңгіме етіп дегенді әңгімелеп деген туынды түбір етістіктер ауыстыруға болады. Өйткені қыбыр етпеді мен қыбырламады, әңгіме етіп пен әңгімелеп дегендер мағынасы жағынан бірдей. Олардың алғашқылары есім сөздерге көмекші етістіктің тіркесі арқылы жасалса, екіншілері есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Бұлар синтетикалық және аналитикалық тәсіл арқылы жасалған, яғни бұл көмекші етістіктер құранды етістік жасап тұр.

Бұл үш етістіктің мағынасы, түрленуі мен атқаратын қызметі жағынан ортақтықтары болумен бірге, өзгешеліктері де жоқ емес. Ет және қыл көмекші етістіктерінің ұқсастықтары көбірек. Ол ұқсастық олардың мағынасымен байланысты. Қыл етістігі туралы ғалым Жұмағали Шәкенов былай дейді: «Бұл «ет» сөз-формасымен мағыналас, заты оның синонимі іспетті. Мысалы, еңбек етеді дегенді еңбек қылады деуге әбден болады. Сол сияқты дәме еткен – дәме қылған, бұйрық етті – бұйрық қылды дегендердің де білдіретін ұғымы бір» [57, 71].

2002 жылы шыққан академиялық грамматикада бұл аталған етістіктердің құранды етістік жасаудағы қызметі туралы былай делінген: «Бұл қызметті кез келген көмекші етістік атқара алмайды, тек белгілі көмекші етістіктер ғана осы қызметті атқара алады. Олар: бол, ет, қыл көмекші етістіктері. Осы көмекші етістіктердің есім сөзді етістікке айналдыруын олармен мағыналас туынды түбір етістіктермен салыстыру арқылы олардың мағына бірлігін тануға болады» [32, 537].

Бол, ет, қыл көмекші етістіктері арқылы жасалған құранды етістіктер бір күрделі сөз болғандықтан, етістікке тән түрлену жүйесі бойынша барлық формаларды қабылдай береді. Мәселен;

1)

әбігер бол

әбігер ет

әбігер қыл

әбігер болады

әбігер етеді

әбігер қылады

әбігер болған

әбігер еткен

әбігер қылған

әбігер болар

әбігер етер

әбігер қылар

әбігер болма

әбігер ететін

әбігер қылатын

әбігер болғалы

әбігер еткелі

әбігер қылғалы

әбігер болмашы

әбігер етсе

әбігер қылса

әбігер етпеші

әбігер қылмашы

2)

әбігер бола көрме

әбігер ете көрме

әбігер қыла көрме

әбігер бола қалды

әбігер ете қалды

әбігер қыла қалды

әбігер бола қоймады

әбігер етпей қоймайды

әбігер қылмай қоймайды

әбігер бола алмаймын

әбігер ете алмаймын

әбігер қыла алмады

3)

әбігер болатын еді

әбігер еткісі келмейді

әбігер қылғысы келмейді

әбігер болаған екен

әбігер етпесе екен

әбігер қылмаса екен

әбігер болғысы келмейді

әбігер боламаса екен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]