Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать
  1. Өздік есімдіктері

Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері. Мысалы, Өзімнің өмір жолыма өкінбесем де, халық сенген, партия аманат еткен қызмет мінсіз болды дей алмаймын (Д.Қонаев). Өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма (мақал). Шариғатта: жақсылық жасағанда да өзіне жасайды, жамандық жасағанда да өзіне жасайды дейтін қағида бар (Д.Қонаев). Берілген мысалдардағы өзімнің есімдігі сөйлеушіні, өзіңе есімдігі тыңдаушыны, өзіне есімдігі бөгде кісіні сөйлемдегі басқа құбылыстардан бөліп тұр.

2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» өздік есімдіктерге былайша анықтама берілген: «Өздік есімдіктері сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» [32, 489].

Өздік есімдіктері тәуелдеулі түрде қолданылатындықтан, тәуелдіктің -нікі, -дікі формасында дажұмсала береді. Өздік есімдіктеріне жалғанған тәуелдік жалғаулары кейде түсіп қалып та, толық сақталып та қолданылады. Мысалы, Оқытып, өз қолымнан тәрбиелеп жүрген қаншама балаларым бар, оларды қалай тастап кетпекпін? (Б.Майлин). Жылдар бойы сен өз ағайын туғандарың үшін қорқыныш болып өмір сүрдің (Б.Мұқаев). Өз теңіне қосылған адамның арманы бар ма екен?-деп жылайды (Б.Майлин). Бұл сөйлемдердегі өз сөздері «өзімнің», «өзіңнің», «өзінің» деген толық түрінде тұрған жоқ.

Көбінесе өз сөзі өзінен кейін тіркесетін ілік септік қосымшаларын толық сақтап қолданылады. Мысалы, Өзінің бүлдіріп жатқанымен жұмысы да жоқ (Б.Майлин). 1965-1966 жылдары мен өзімнің соңғы шет елдік гастрольдік сапарымды аяқтадым (Ш.Жиенқұлова). Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғанудан сақтауы керек (М.Әуезов).

Өздік есімдіктері септеледі. Өздік есімдіктері тәуелденген зат есімдерше септеледі.

Атау

өзім – балам

Ілік

өзімнің – баламның

Барыс

өзіме – балама

Табыс

өзімді – баламды

Жатыс

өзімде – баламда

Шығыс

өзімнен – баламнан

Көмектес

өзіммен – баламмен

Өздік есімдіктеріне жіктік жалғаулары жалғанады. Мысалы,

І өзіммін өзімізбіз

ІІ өзімсің өзімізсіңдер

өзімсіз өзімізсіздер

ІІІ өзім өзіміз

  1. Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен құбылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді (мақал). Бүгінде ғой кейбіреудің кінәмшіл, кекшіл, «шыбық тимес шыңқ етер» болып, үлкен сөйлесе де, кіші сөйлесе де бастарына қаны тепшіп шыға келетіні (Ш.Жиенқұлова).

Белгісіздік есімдіктері көбінесе бір, әр, әлде сөздерінің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдеқайдан, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдене т.б.

Белгісіздік есімдіктерінің өздеріне тән морфологиялық түрлену жүйесі жоқ. Сол сияқты олардың өздеріне ғана тән синтаксистік қызметтері де жоқ. Олардың шығу тегі жағынан қандай сөздер екеніне, қандай сөз табымен тіркесуіне, қолданылуына орай әр түрлі сөз таптарына бейім келеді. Сондықтан олардың морфологиялық түрлену жүйесі мен сөйлемдегі қызметтері де соларға сәйкес болып отырады. Мысалы, Біреулер жайраңдап кіріп, жабыңқы, біреулер жабыңқы кіріп, жайраңдап шығып жатыр (Ғ.Мұстафин). Алынған сөйлемде біреулер есімдігі зат есімнің орнына қолданылған, сондықтан ол зат есім сияқты көптеліп, сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалып тұр. Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Белгісіздік есімдіктерінің бәрі бірдей көптелмейді. Көптік жалғаулары тек біреу, бірнәрсе, бірдеңе, әлдене, әлдекім, әркім, кейбіреу сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Көзіме әлденелер елестеді (Б.Майлин). Атырау мен Алтай, Қаратау мен Қостанай даласына дейін созылып жатқан ұлан - байтақ жерді жылына бір рет аралап шығу, әлдекімдер айтып жүргендей, бой жазып, сейіл құру емес (Д.Қонаев). Мен ешнәрсе істей алмаймын дегенді әлдекімдер жиі айта береді. Бұл мүлдем қате (С.М.Киров). Шамам келгенінше ешкіммен ренжіспеуге тырысатынмын, бірақ мені кейбіреулер, аяқтан шалды, өсек-аяң таратты (Ш.Жиенқұлова).

Тәуелдік жалғауы белгісіздік есімдіктерінің бәріне бірдей жалғана бермейді. Мәселен, әлде, әр, әлдекім, әлдеқай, әлдеқашан, әлдеқалай, әркім деген есімдіктерге тәуелдік жалғау жалғанбайды.

Белгісіздік есімдіктерінің басқа түрлері оңаша және ортақ тәуелдік жалғауларын қабылдай береді. Мысалы, біреуім, біреуің, кейбіреуің т.б.

Белгісіздік есімдіктері – тілде бертін пайда болған сөздер.

Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болса, біреу сөзі бір сөзі мен -еу қосымшасынан жасалған.

Әлде сөзі араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Есімдіктер тарихы туралы еңбек жазған А.Ибатов әлде есімдігінің шығу тегі жөнінде былай дейді: «Әлде есімдігі араб тіліндегі іллә сөзінің алғы і дыбысының ә дыбысына және екінші л дыбысының д дыбысына алмасып қолданылуы негізінде пайда болған. Әлде араб тілінде «если не, исключая, кроме» деген мағыналарда қолданылады» [23, 56].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]