Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Синонимдік қатар

Синоним болып жұмсалатын сөздер тобын синонимдік қатар дейміз.

Мысалы: Сол жолмен Қарқаралының қаракесектері қыс бойы ағылып жатады. (Ғ.Мұстафин). Қаздың балапанындай шұбырып, балалар мектепке беттеді (С.Сарғасқаев). Қасқырдан қорыққан қойдай, жекеленіп те, топтанып та жөңкілген жұрт Қызбелдің қыры мен ойына сыймай кетті (С.Мұқанов). Елде үрей жоқ, бір үйден бір үйге кіріп жосып жүр (Б.Тоғысбаев). Қаладан біреу келеді десе, тайлы-таяғы қалмай шұбайтын қазақ ауылының әдеті (М.Иманжанов). Қалмақтан оңай таяқ жеген қыр елі босып отырып Сырға құлай бастаған (Ә.Сәрсенбаев). Осы алты сөйлемдегі ағылу, шұбыру, жөңкілу, жосу, шұбау, босу синонимдері ерсілі-қарсылы тынымсыз, тоқтаусыз, толассыз жүріп жату, үнемі қимыл-қозғалыста болу деген мағынаны білдіріп, синонимдік қатар түзеп тұр.

Ал енді осы қатардың ішінде бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйымдастыруға ұйытқы, тірек болады, оны әдетте доминант (тірек сөз) деп атаймыз. Доминант сөз болу үшін ең алдымен мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал болуы қажет. Жоғарыдағы мысалдарда доминант болып тұрған сөз – ағылу сөзі.

Синонимдердің қолданылу мақсаттары

Синонимдер қандай мақсаттарда қолданылады, оның қандай тәсілдері бар дегенде мынадай мәселелер назарда болуы тиіс:

  1. Қатар келген сөйлемдерде бір сөзді қайталамау үшін мәндес сөздер пайдаланылады. Мысалы: Қазір Тоғжан жүзінде Абайдың қиялынан бір шақ кетпейтін, елбіреп толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ. (М.Әуезов).

Бұл мысалдағы жүз бен рең; лезде мен сәтте дегендер өзара синонимдер. Жазушы сөйлемнің ішінде бір сөзді екі рет жұмсамай, оның синонимін қолдана отырып, сөйлемге ерекше көрік, рең беріп тұр.

  1. Белгілі бір ұғымның жан-жақты белгілерін сипаттауда мәндес сөздер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та келе береді. Мысалы, Бет көрсе, жүз ұялады (Мақал).

  2. Белгілі бір ұғымды толық сипаттау үшін қатарынан 2 немесе 3-4 мәндес сөз қатар жұмсалады. Мысалы, Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады (Ж.Аймауытов).

  3. Қазақ тілінде екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысының мағынасын күшейтіп, анықтап тұрады. Мұны әдетте плеоназм дейді. Бұлай плеонастикалық тәсілмен жұмсау сөйлемге ерекше ажар беріп, мәнерлі болып шығады. Мәндес сөздердің бір-бірімен қабаттасып, өзара тіркесіп айтылуынан жасалған сөз тізбегі плеоназм немесе плеонастикалық синтагма деп аталынады. Мысалы: Терезе ашық, таудан самал жел соғып тұр (С.Ерубаев). Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ, Үлгісін алсын деймін ойлы жас жігіттер, думан-сауық ойда жоқ. Әуел баста-ақ (Абай). Осы мысалдардағы самал жел, әуел баста-ақ дегендердің әрқайсысы өзара мәндес сөздердің тіркесуінен жасалған сөз тізбектері. Бұлар әдетте эмоциональды-экспрессивтік мәні жағынан айрықша қызмет атқарады.

Плеоназм немесе плеонастық сөздер дегеніміз бір мағынадағы екі сөздің қатар қолданысы. Әдетте тіл білімінде плеоназм (ол периссология деп те аталады) құбылысын тілдегі «басы артықтық» деп таниды. Бірақ бұл жердегі «басы артықтық» абсолюттік емес, яғни плеоназм белгілі бір стильдік, не мағыналық қызмет атқарғанда ғана тілде орын алады. Мұндай қызмет атқармаса, тіл нағыз басы артық дүниені көтермейтіндіктен, плеонастық қатарлар түзілмейді … Мысалы, «соқыр» мағынасындағы парсының көр сөзі мен қазақтың осы ұғымдағы соқыр сөзі қатар келіп, көр соқыр болып айтылғанда, соқыр сөзі не «мүлде көрмейтін, тас қараңқы соқыр» деген қосымша реңк үстеп тұр 64.210.

  1. Тілдегі синонимдер қосарланып та қолданыла береді. Мысалы, Зылиха жүре-бара ауыл өміріне қызу араласып кетті. (Н.Ғабдуллин). Біртіндеп тоңази бастаған дене бара-бара дел-сал болып әлі кетті (М.Иманжанов). Күш-қуат, құрбы-құрдас, ар-ұят, үлгі-өнеге, азып-тозу тағы басқаларды осы топқа жатқызуға болады. Бұндай қолданыстарда тіл бірліктерінің жеке тұрғандағы мағыналары жалпыға айналып, білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады.

  2. Синонимдер жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де бола алады. Мысалы: Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой- бұл да бір (Қ.Жұмаділов). Темір жолды болат жол, күрішті ақ маржан, сыр маржан деп қолданылады.

  3. Тілімізде кейде құлаққа жағымсыз естілетін сөздерді жұмсартып, тыңдаушыларға жеңілдетіп айту тәсілін эвфемизм дейміз.

Осындай тәсілді пайдалану да синонимдерді қолданудың бір жолы болып табылады. Әсіресе сөз қолданыстың эвфемизмдердің негізгі мәні сыпайлаумен байланысты. Мысалы, ұлт өкілдерін «қытай» деу жағымсыз әсер қалдырады. Сондықтан да баспасөз беттерінде қайсібір этнонимдер шығыстағы көршілер деген контекстік эвфемизмдермен ауыстырылады. Сондай-ақ баспасөз беттерінде, газет бағаналарында ұлтына қарай бөліп- жару саясаты көрінбес үшін қазақтар-қандастарымыз, өзбектер, қырғыздар–өзбек ағайындар, қырғыз ағайындар деген эвфемизмдермен берілген. Адамның көзінше семірді деп айту этикеттік норма тұрғысына, әдептілікке жатпайды. Сондықтан сөз иесі оны сыпайылап оңалып қалыпты, толыпты деп қолданып, жұмсартып жеткізеді.

М. Әуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың өлімін мынадай эвфемизмдер арқылы жеткізген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті». Мәтінді оқып отырғанда оқырман Абайды «өлді» деген суық сөзге қимай, дүниеден көшті, ыстық демі тоқталды, игілік өмір үзілді, зәулім, алып шынар құлады, өмірден кетті деп ұғады.

8. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп, яғни бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған ерекше назар аударту мақсатында парафраза тәсілі қолданылады. Мысалы Алматы дегеннің орнына Қазақстанның астанасы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы деп қолдануға болады. Жоғарыдағы М.Әуезовтің шығармасынан алынған үзіндіде жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып отырады.

  1. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы, Ел-жұрты, халқы мен ата-анасын көреді. (Батырлар жыры). Осында синонимдер жеке сөз ретінде де, қосарланып та қолданысқа енген.

Тіліміздегі синонимдер қандай жолдармен пайда болып, дамиды деген мәселеде оның мынадай жолдары анықталған.

    1. Мәндес сөздер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған: көз- бұлақ-бастау-қайнар.

    2. Әр түрлі аффикстер арқылы біріктіру, қосарлау арқылы, яғни сөзжасам тәсілі арқылы тілімізде көптеген синонимдер пайда болған: ақылды- есті; сүтті-құнарлы; әлсіз-жарамсыз; еңбекақы- жалақы; қанішер- қаныпезер; жоқ-жітік- кедей- кепшік; зым-зия- ұшты-күйді т.б.

    3. Кірме сөздер арқылы да синонимдер пайда болған: ақиқат (хәқиқат)- шындық (араб сөздері арқылы); шәкірт (шагирд)- оқушы (парсы сөздері арқылы).

    4. Синонимдер диалектизмдер есебінен де көбейген: сым-шалбар, ақудай-айналайын т.б.

    5. Синонимдер фразалық тіркестер арқылы дамыған. Мысалы: еті тірі- пысық; қырғи қабақ- өш, араз т.б.

    6. Табу мен эвфемизмдер есебінен де тіліміздегі синонимдер молайған: қолды болу- ұрланған, аяғы ауыр-жүкті, дүние салды- өлді, қайтыс болды. т.б.

Тілдегі лексикалық синонимдердің жасалуына семасиологияның ішкі заңдылықтарына байланысты болатын сөздердің мағыналық өзгеруі мен дамуы да, сонымен бірге сыртқы қоғамдық қарым-қатынасқа байланысты сөздік құрамға енетін кірме сөздер де айрықша әсер етеді. Синонимдердің пайда болуы сөздік құрамның даму, жетілуімен тығыз байланысты екендігі белгілі. Ал сөздік құрам ұлттық тілдің негізгі сөздік қорынан және басқа тілдерден ауысып келген кірме сөздерден тұрады. ¤йткені синонимдер – сөздік құрамға енетін, өзіндік даму заңдылықтары бар лексика-семантикалық сөздер тобы.

Профессор Ф.Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбегінде қазіргі қазақ тілінің лексикасына қатысты сын есім синонимдердің басты-басты ерекшеліктері қарастырылып, олардың жасалу жолдары кеңінен сөз болады. Сын есім синонимдердің жасалу жолдарының өзін үшке бөліп қарастыруға болады:

  1. Лексикалық-фразеологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер:

а) сөз мағынасының даму барысында жасалған синонимдер: епті, тура, берік, қарапайым деген сөздер көпмағыналы бола келіп, әр мағыналарында әр түрлі синонимдік қатар құрайды: 1. Епті – икемді- бейімді. 2. Епті –пысық-ширақ-еті тірі. 1. Тура-тік-түзу-тіке. 2. Тура- дұрыс-жөн. 3. Тура-шақ-дәл. 1. Берік-қатты-күшті. 2. Берік-мықты-сөзінде тұрғыш. 1. Қарапайым-жай-қатардағы. 2. Қарапайым-жұпыны-тұрпайы.

ә) Табу және эвфемизмдер құбылысы арқылы жасалған синонимдер: Жасыл-жай, найзағай, жолбарыс- қара құлақ, шері; аяғы ауыр-жүкті, екі қабат; дүние салды-өлді, қайтыс болды т.б.

б) қарапайым сөздер арқылы пайда болған синонимдер: өтірікші-суайт; кішкене-құртақандай, титтей, титімдей; т.б.

в) кірме сөздер арқылы пайда болған синонимдер: батыр (баћадүр)- батыл, ер; шәкірт (шагирд)-оқушы; ақиқат (хәқиқат)- шындық т.б.

г) фразеологиялық тіркестер арқылы жасалған синонимдер: ауыз бастырық- пара; ұзын құлақ-сыбыс, өсек; қоян жүрек-қорқақ; қырғи қабақ- өш араз т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]