Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать
  1. Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.

Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы – аралық қатынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдіктері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, құбылыстарды сілтеу, нұсқау, көрсету үшін қолданылады.

Мысалы, -Анау бір тұрғандар да аттар мен шаналар ма? – деді Асқар, қораның басқа бір түкпірінде шоғырланған бірдемелерді нұсқап (С.Мұқанов). Сол үйдің өзінің иесі де болыс деген сөзді естідім (Бұл да). Бұл сұрау Байболға ауыр соқты (Б.Майлин).

Сілтеу есімдіктерінің барлығы бірдей септеле бермейді. Септелетін сілтеу есімдіктеріне мына сөздер жатады: бұл, сол, ол, осы, мына, ана. Сілтеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегідей болып келеді:

Атау бұл сол ол осы мына ана

Ілік бұның соның оның осының мынаның ананың

Барыс бұған соған оған осыған мынаған анаған

Табыс бұны соны оны осыны мынаны ананы

Жатыс бұнда сонда онда осында мынада анада

Шығыс бұдан содан онан осыдан мынадан анадан

Көмектес бұнымен сонымен онымен осымен мынамен анамен

Міне, әне, сонау есімдіктері септелмейді. Ал анау, мынау, осынау сияқты түрлері тәуелденіп барып септеледі.

Сілтеу есімдіктерінің бәрі бірдей көптік жалғауын қабылдай бермейді. Көптік жалғаулары бұл, ол, мына, ана, осы, сол сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Бұлар елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Б.Майлин). Олар ойын басталмай жатып қылжиып ұйықтап қалады, - деді Шормақ (Б.Мұқаев).

Сілтеу есімдіктерінің барлығының мағыналары бірдей бола бермейді. Олардың мағына жағынан бір-бірінен ерекшелігі бар. Бұл, міне, мына, осы сияқты сілтеу есімдіктері жақындағы затты нұсқап көрсетсе, сона, сонау, сол, ол деген қашығырақтағы, алысырақтағы затты сілтегендікті білдіреді.

Сілтеу есімдіктерінің мағынасын профессор А.Ысқақов екіге бөліп қарастырады: «Біріншіден, сілтеу есімдіктерінің мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардың мағыналарын, уақыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру тұрғысынан қарау қажет» [63, 213]. Ғалым топографиялық кеңістікті білдіретін есімдіктерді алыстағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылатын және жақындағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылытын деп екіге бөліп қарайды. Ал хронологиялық мерзімді білдіретін есімдіктерге нұсқай айтылатын заттар мен құбылыстарды сөйлеу кезінен бұрын ескертілген сол арқылы сөйлеуші мен тыңдаушыға белгілі болған кезде қолданылатын кейде өзінен кейінгі сөздермен түсіндірілетін мәнде қолданылатын есімдіктерді жатқызады.

Өзім бұл кісіні сыйлаймын, ал ән салғанда тіптен жақсы көріп кетем. (Ш.Жиенқұлова). Сонда ол үйде үй иелері осы кісілерді оңашалап әлденені менен құпиялап айтқандарын сезіп қалдым (Сонда). Ол кісінің ең жақыны да менмін (Б.Мұқаев). Алынған сөйлемдердегі бұл, осы деген есімдіктер жақындағы кісіні нұсқағандықты білдірсе, ол деген есімдік қашығырақтағы, алысырақтағы кісіге сілтегендікті білдіреді. Дегенмен алғашқы екі сөйлемдегі бұл, осы есімдіктерінің мағыналары да бірдей емес, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, осы дегеннің мағынасы нақтылау, конкретті болса, бұл дегеннің мағынасы одан гөрі жалпылау болып келеді. Ал ол есімдігінің мағынасы одан да жалпы болады. Демек, сілтеу есімдіктерінің мағыналық жағынан ерекшеліктері болатынын байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]