Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать
  1. Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктерінің саны аз, бірақ олардың қызметі мен қолданылу аясы өте жоғары. Жіктеу есімдіктеріне белгілі бір жақты білдіру үшін қолданылатын сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері жақтық мәнде қолданылытындықтан, үнемі адаммен, яғни сөйлеуші (мен), тыңдаушы (сен) және бөгде адам (ол) деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). ... сен кітап оқуға арналған уақытыңды ешнәрсеге айырбастама! (Д.Әлімжанов). Ол мені алғашында таныған жоқ (Ғ.Мұстафин).

Жіктеу есімдіктерінің адам атауларының орнына қолданылуы оның зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларымен түрленуіне мүмкіндік жасайды.

Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдайды. Бірақ олардың септелу жүйесінде ерекшеліктер де жоқ емес. Жіктеу есімдіктерінің септелу жүйесі төмендегідей болып келеді:

Жекеше түрі

Атау мен сен сіз ол

Ілік менің сенің сіздің оның

Барыс маған саған сізге оған

Табыс мені сені сізді оны

Жатыс менде сенде сізде онда

Шығыс менен сенен сізден онан (одан)

Көмектес менімен сенімен сізбен онымен

Бұл үлгіде сіз деген есімдіктен басқаларының септелуінде ерекшелік бар. Ал сіз есімдігі басқа да есім сөздер сияқты бірізді септеледі. Жіктеу есімдіктерінің көпше түрлеріде септелу жағынан басқа есімдерге ұқсас болып келеді: Мысалы:

Көпше түрі

Атау біз(дер) сендер сіздер олар

Ілік біз(дер)дің сендердің сіздердің олардың

Барыс біз(дер)ге сендерге сіздерге оларға

Табыс біз(дер)ді сендерді сіздерді оларды

Жатыс біз(дер)де сендерде сіздерде оларда

Шығыс біз(дер)ден сендерден сіздерден олардан

Көмектес біз(дер)мен сендермен сіздермен олармен

Бұл септелу үлгісіндегі біз(дер), сендер, сіздер, олар сөздері басқа да есім сөздер сияқты өзгеріссіз септелсе, мен, сен, ол сөздерінің септелуінде біраз өзгешеліктер бар. Мұнда н дыбысы ілік, барыс, табыс, шығыс септік жалғауларында түсіп қалады.

Жіктеу есімдігінің септеу үлгісіндегі тағы бір ерекшелік – барыс септігінен көрінеді. Барыс септігінде н дыбысы пайда болады. Мұны көпшілік ғалымдар барыс септік жалғауы ең алғаш -ғару болған, кейіннен

-ғар формасына көшкен, ең соңында -ған түріне ауысқан дейді. Бұл жоғарыда айтылған ерекшелік туралы пікірлер ғылымда өте кең тараған. Бұдан басқа да пікірлер бар. Ол туралы А.Ибатов былай дейді: «2) Барыс септік жалғауының соңғы н дыбысын ингредиент деп тану, бұл негізінде оғар > оға > оған дегенге тура келеді. 3) Шалғай метотезис арқылы н және ғ дыбыстарының орын алмасуы, яғни онға > оған боп қалыптасу» [23, 69]. Ал ғылымда бұл пікірге қарсы пікірлер де жоқ емес. Кейбір ғалымдар -ған мен -ғар формаларын жеке формалар деп танып, бұл формалардан тараған басқа да қысқарған формалардың бар екенін айтады. Мысалы, -ғар >-ңар >-ңа //-ңә //-ңе және -ған >-ға //-га //-гә //-ге формалары болып қалыптасқан.

Септеудегі үшінші ерекшелік – көмектес септігінде і, ы дыбыстарының пайда болуы туралы. Мысалы, менімен деген сөз тұлғалық құрамы жағынан ме-ні-мен деген бөлшектерден тұрады. Сондағы ме деген түбір морфема, -ні деген нәң «вещ» деген толық мағыналы сөзден шыққан -нің морфемасының дыбыстық өзгеріске түсіп ықшамдалуының көрінісі деп, ал соңғы -мен формасын көмектес септік жалғауы дейтін пікірлер бар.

Тұлғалық жағынан алғанда мен (‹ ме-н), сен (‹ се-н), ол (‹ о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, се-, о- және –н дыбысынан құрылғаны белгілі.

Ал біз, сіз жіктеу есімдіктерінің тұлғалық құрамы туралы пікірлер көп. Біз, сіз жіктеу есімдіктері туралы ғалым А.Ибатов: «... біз, сіз сөздері бі-сі және сі-сі сияқты болып біріккен (І және ІІ жақтық) жеке сөздердің құрамындағы екінші сыңарларының фонетикалық өзгерістерге түсуі негізінде пайда болған морфемасы мен І жақтық бі және ІІ жақтық сі сөздерінен құралады. Екіншіден, осы бірігудің негізінде біз, сіз сөздері екі жақтық адамды көрсету қалпына түсіп, жұптық-көпше мағынаға ие болады. Үшіншіден, біз сөзі бертін келе мағыналық шеңбері кеңейе түсу нәтижесінде, тек екі адамды ғана емес, сонымен қатар көптеген адамдарды да көрсете алу дәрежесіне жетеді»-дейді [23, 24]

Ал керісінше сіз есімдігі тілде өзінің алғашқы жұптық немесе көпше мағынасынан ажырап, жекеше сыпайылық мәнде жұмсалады.

Жіктеу есімдігінің 3-жағы ол сілтеу есімдігімен ортақ болып келеді. Себебі ол есімдігі адамды да, заттар мен құбылыстарды да, қимыл мен сапаны да көрсете алатын әр жақты сөз болып саналады. Сонымен байланысты ол есімдігі бірде жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып жұмсалады. Егер де ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады. Мысалы, Ол киініп, жуынып, тамақтанып Итбайға барса, оның номерінде Құдайберген мен Сайым отыр екен (С.Мұқанов).

Заттар мен құбылыстарды, сапаны т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады. Мысалы, Ол кеңестерге құлағы қанған Амантай, қазіретті бір көруге құмар да (С.Мұқанов).

Жіктеу есімдіктеріне тәуелдік жалғауының - нікі, - дікі формалары жалғанады. Мысалы, менікі, сенікі, сіздікі, біздікі т.б.

Есімдік қай жақта қолданылса, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы,

І жақ. менмін, бізбіз

ІІ жақ. сенсің, сізсіз, сендерсің, сіздерсіз

ІІІ жақ. ол, олар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]