
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
Сан есімдердің морфологиялық сипаты жағынан негізгі ерекшелігі ол өзі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылып, бірақ ешқандай морфологиялық өзгеріске түспейтіндігі ғылыми зерттеулерде, оқулықтарда анық сипатталған. Яғни, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, сан- мөлшер мағыналарында қолданылғанда, еш өзгеріске түспейді. Мысалы, Поездан бұдан басқа төрт адам түсті (Н. Ғабдулин), Ол жақтан келетін екі автобус сәскеде келеді (сонда). Осы сөйлемдердегі төрт, екі сан есімдері өздері тіркесетін зат есімдердің алдынан түбір күйінде, ешбір қосымшасыз қолданылып тұр.
Сан есімдер субстантивтенгенде түрленіп, «әр алуан өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданылады (63, 202). «Мысалы, Мына бір бұлт жіңішкере келіп, екіге үзіліп кетті (С. Бегалин). Қармақтары балық қапқанша бір- біріне үндеспеуге серт айтысқандай, екеуінде де үн жоқ (С. Омаров).
Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Тілімізде дара сандар көп емес, барлығы жиырма шақты- бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың.
Күрделі сан есімдерге Ә. Хасенов «екі немесе бірнеше дара саннан құралған сан есімдер (55, 56) « , -деген анықтама берген. Мысалы, Қазақстан жерінде сүтқоректілердің жүз елу алты, құстардың төрт жүз жетпіс төрт, балықтың жүз қырық түрі бар (оқулықтан). Осы сөйлемдегі сан есімдер екі, үш, төрт сан атауынан құралған.
Грамматикаларда дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып екіге бөледі. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатқызылады. Мысалы, бір, екі, бес, жеті, сегіз т.б. Ал туынды сан есімдер әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірер, бірінші, үшеу, төртеу т.б.
Осы негізгі және туынды дара сан есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады (4, 471). Мысалы, он бес, бес- бестен, жүз тоқсан бес, жетпіс- сексеннен т.б.
Сан есімнің сөз жасамын арнайы қарастырған проф. Н. Оралбаева күрделі сан атауларын «екі я онан да көп сандардың бір- бірімен тіркесіп, құрамындағы сандардан басқа сандық ұғымды білдіретін түрі (41, 37)«,- деп атаған. Ғалым айтып отырғандай, күрделі сан есімнің құрамында қанша сан атауы болса да, барлығы бірігіп, бір күрделі сандық ұғымды білдіреді. Мысалы: жиырма бес мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз- осы жеті сан атауы бірігіп, бір ғана күрделі сан атауын білдіріп тұр. Ал күрделі сан атауының ең кемі екі сөзден тұруы «бұл- міндетті шарт, онан кем болуы мүмкін емес. Бірақ күрделі санның құрамы екіден әлдеқайда көп бола береді. Мысалға миллионға дейінгі күрделі сандардың ең көбі тоғыз сөзден тұрады: тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз (41, 37) «.
Миллионнан асқанда күрделі санның құрамы тоғыз сөзден де көп болуы мүмкін. Бірақ, ғалым көрсетуінше, «күрделі сандардың құрамы неғұрлым көбейген сайын күнделікті өмірде оның қолданылуы сирей береді. Күрделі сандардың мыңға дейінгі түрлері өмірде көп кездеседі, көбірек қолданылады, ал миллионға дейінгі күрделі сандар олардан әлдеқайда сирек қолданылады (41, 37).«
Күрделі сандардың тағы да мынадай ерекшеліктері бар:
1) Оларда синонимдік қасиет болмайды, әрқайсысының мағыналары дербес болады.. Мысалы, жүз тоқсан бес, жүз тоқсан алты. Осы екі күрделі сан атауы екі түрлі ұғым білдіреді.
2) Күрделі сандар бір сөз болғандықтан, қосымшалар олардың соңғы компонентіне жалғанады. Мысалы: Қала халқы жүз он жеті мыңнан асады (Н. Баяндин). Осы сөйлемдегі төрт компоненттен тұратын күрделі санның соңғысына шығыс септігі жалғауы жалғанған.
3) Күрделі сандар біртұтас сөз болғандықтан, олардың арасына еш уақытта ешбір морфема кіре алмайды, оларды бөліп айтуға болмайды. Күрделі сандар өз тұтастығын, орын тәртібін берік сақтайды. Мысалы, тоғыз мың елу екі деген күрделі сан атауы тек қана осы төрт сан атауынан жасалады, олардың орнын ауыстырса, арасына басқа морфема енсе, бұл ұғымды бере алмайды.
4) Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралғанына қарамастан, олар сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Бір тәулікте мың төрт жүз қырық минут бар («Білім және еңбек«). Осы сөйлемдегі мың төрт жүз қырық күрделі сан атауы анықтауыш болып тұр (41, 39).
Күрделі сандардың ғылымда проф. А. Ысқақов дәлелдеген екі түрлі жасалу жолы бар:
1) дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санның үстіне басқа бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа) келесі бір қажетті санды (қосылғышты) қосып айту жолымен жасалады. Бұл жол- қосылмалы жол деп аталады. Мысалы, сексен сегіз, тоқсан алты т.б. Осы күрделі сан атаулары сексен, тоқсан сандарына сегіз, алты сандарын қосып айту арқылы жасалған.
2) Дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды (көбейгішті) басқа бір санға (көбейткішке) көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды келесі бір қажетті санға көбейту, еселеу жолымен жасалады. Күрделі сандарды жасаудың бұл жолы көбейтілмелі жол деп аталады. Мысалы, бес жүз, он мың күрделі сан атаулары бес, он сандарын жүз, мың сандарына көбейту арқылы жасалған.
Күрделі сандардың құрамында осы екі жолмен жасалған сандар араласып келетін де кездері болады. Мысалы, бес мың сегіз жүз қырық бес деген күрделі санның құрамындағы бес мың (5x1000), сегіз жүз ( 8x 100)- көбейтілмелі сан да, қырық бес (40+ 5)- қосылмалы сан. Күрделі сан есімдердің мұндай түрі аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады (63, 205).
Күрделі есептік сандарға тән тағы бір ерекшелік олардың құрамындағы жеке сандардың орналасуына байланысты, яғни мұндай сандар құрамында алдымен жоғары дәрежелі сандар, одан кейін төмен дәрежелі сандар қойылып айтылады. Мысалы, жетпіс екі, бес мың жиырма бес т.б.
Бұл ерекшелікті А. Байтұрсынов оқулығынан да кездестіреміз. Ғалымның өз сөзімен айтқанда , «он бір дегенде әуелі үлкенін айтып, сонан соң кішісін айтамыз: ол «онның« «бірден« үлкендігінен . «Жүз елу« дегенде, әуелі «жүзді« айтып, сонан соң «елуді« айтамыз: ол «жүздің« «елуден« үлкендігінен (71, 223) .